Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Меншікке салынатын салықтар, олардың тағайындалуы және жергілікті бюджеттердің кірістеріндегі рөлі




Салықтардың аталған тобы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процесінің жүзеге асуына қарай меншік қатынастарында болып жатқан нақты өзгерістермен байланысты нарықтық экономика жағдайларында ерекше орынға ие болуда.

Меншікке салынатын салықтарға: жер салығы, жеке және заңды тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық, көлік құралдарына салынатын салық жатады.

Меншікке салынатын салықтар жергілікті бюджеттерге түседі.

Фискалдық салықтардан өзге, бұл салықтар меншікті пайдалану тиімділігін ынталандыру мақсатын көздейді, өйткені салықтардың мөлшерлемелері сыртқы белгілері бойынша оның табыстылығы бойынша емес, меншіктің мөлшерімен белгіленеді. Кіріс әрқашанда меншіктің (мүліктің) көлемімен айқындалмайды: меншікке салынатын салық болмаған жағдайларда, ірі меншік иелері салық салу көзқарасы тұрғысынан жеңілдік жағдайға тап болады және меншікті неғұрлым өнімді пайдалануға ұмытылмайтын болады. Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салық жауапкершілігін бірдей бөлуге мүмкіндік береді. Осылайша, аталған салықтар нақты салықтарға жатады.

Оның мақсаты – экономикалық әдістерімен жерді рационалды пайдалануды қамтамасыз ету және жергілікті бюджеттердің кірістерін қалыптастыру, оның ішінде жерге орналастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және жердің құнарын арттыру, оларды қорғау, сондай-ақ аумақтарды әлеуметтік – мәдени дамыту үшін бюджет қалыптастыру. Бірақта, бұл салықтың мемлекеттік бюджетке түсу үлесі шамалы – 0,6%-ға жуық.

Әртүрлі мақсаттардағы жер телімдері (жер үлестері): ауыл шаруашылығы, елді мекендердің, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге мақсаттағы жерлер салық салу объектісі болып саналады. Елді мекендердің ортақ пайдаланатын жер учаскелері, ортақ пайдаланатын мемлекеттік автожолдар желісі өтетін жерлер салық салу объектісі болып саналмайды. Сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақ, орман, су қорлары, қордағы (запастағы) жерлер салық салуға жатпайды.

Меншік құқығында, тұрақты жер пайдалануға, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқы бар, салық салу объектілеріне ие заңды және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып саналады.

Салық мөлшерлемелері жердің сапасына, орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне қатысты сараланған (дифференциаланған) және жер алаңының бірлігі – гектарға, шаршы метрге белгіленген.

Заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдіктер, олардың өкілдіктері, филиалдары, тұрақты мекемесі, жеке тұлғалар, оның ішінде шетелдіктер, меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел (оралымды) басқару құқығында салық салу объектісіне ие жеке кәсіпкерлер, көлік құралдарына салынатын салықты төлеушілер болып саналады. Қаржылық лизинг шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша, лизингалушы көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушісі болып саналады.

Мемлекеттік тіркеуге жататын, меншік құқығындағы көлік құралдары салық салу объектілері болып саналады.

Салық мөлшерлемелері көлік құралы двигателінің көлеміне, қуатына немесе жүк көтергіштігіне (сыйымдылығына) қатысты айлық есептік көрсеткіштермен белгіленеді. Мөлшерлемелерге, пайдалану мерзіміне түзетуші салық мөлшерлемесін төмендететін коэффициенттер қолданылады. Бірқатар субъектілер: бірыңғай жер салығын төлеушілер, осы өнімдерді өндіруде пайдаланылатын техника бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, мемлекеттік мекемелер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер, жоғары наградамен наградталған тұлғалар және кейбір басқа субъектілер салық төлеушілер болып саналмайды.

Заңды тұлғалар салықты дербес есептейді, ал жеке тұлғаларға салықты – аумақтық салық органдары есептейді. Салық төлеу ағымдағы жыл үшін 5 шілдеден кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Салық төлеушілер – заңды тұлғалар аталған салық бойынша декларация табыс етеді. Ал жеке тұлғалар қөлік құралдары бойынша салықты 31 желтоқсаннан кешіктірмей төлеулері керек.

Мемлекеттік бюджет түсімдеріндегі салықтың үлесі 0,5%-ға жуықты құрайды.

Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салық болып салынады, оның шамасы оның табыстылығына емес, салық төлеушілер мүлкінің құнына қатысты болады. Салық, мүлік иелерінің оны тиімді пайдалану ынтасын оятуға шақырылған.

Заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын, сол сияқты мұндай сапада пайдаланылмайтын салық салу объектісі (мүлкі) бойынша шетелдік жеке тұлғалар салық төлеушілер болып саналады. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектілері болып саналады. Жеке тұлғалар үшін – тұрғын жайлар, саяжай құрылысы, гараждар, басқа да құрылыстар, ғимараттар, аяқталмаған құрылыс объектілері – салық салу объектілері болып саналады. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлікке салық салу объектілері бухгалтерлік есеп деректері бойынша орташа жылдық қалдық құны негізінде бағаланады, ал жеке тұлғалардан – қозғалмайтын мүлікті бағалау жөніндегі уәкілетті орган бағалайды.

Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық жыл сайын орташа жылдық объектілер құнынан 1,5% мөлшерлеме бойынша төленеді. Коммерциялық емес ұйымдар, ғылым, мәдениет, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, табиғат қорғау қызметіндегі мемлекеттік кәсіпорындар, мүгедектер қоғамы – салықты салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,1% мөлшерлеме бойынша төлейді. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, жыл сайын мүлік құнына қатысты 0,1%-дан 1%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша төленеді.

Арнайы экономикалық аймақтар аумақтарында орналасқан салық салу объектілері бойынша, арнайы экономикалық аймақ туралы Ережемен белгіленген тізбе бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, 0% мөлшерлеме қолданылады.

Мүлікке салынатын салық үлесі мемлекеттік бюджет түсімдерінде 3%-ға жуықты алады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 319; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты