Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Нарықтық үлгідегі экономикалық бюджет шығыстарының ерекшеліктері




Мемлекеттік бюджет шығыстары – бұл мемелекеттің қаражат қорын бөлу және оны салалық, нысаналы және аумақтық бағыттары бойынша пайдаланумен байланысты туындайтын экономикалық қатынас.

Бюджет шығыстарында бөлу процесінің екі жағы: бюджеттік қордың құрамды бөліктерде тармақталуы және бюджеттік қаржыларды алатын материалдық өндіріс және өндірістік емес аялардағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің нысаналы ақша қорларын қалыптастыру көрініс табады.

Бюджет шығыстарының категориясы шығыстардың нақты түрлері арқылы көрінеді, олардың әрбірі сандық және сапалық жағынан сипатталуы мүмкін. Сапалық сипаттама экономикалық табиғатын және бюджет шығыстарының әрбір түрінің қоғамдық тағайындалуын, олардың сандық көлемін айқындауға мүмкіндік береді.

Мемлекет ауқымында әлеуметтік қайта құруларды жүзеге асыру бюджет шығыстарының нақты түрлерінің алуандығын туғызады, бұл белгілі бір факторлардың әрекет етуімен: мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен, елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен байланысты.

Мемлекет дамуының әрбір кезеңінде, экономика мен қоғам дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келетін, шығыстар пайда болады. Мемлекеттік шығыстар экономикалық мазмұны мен маңызы бойынша бірдей емес. Материалдық өндіріс процесіне олардың қатынасы және ұлттық табыс жасау мемлекеттік шығыстардың аражігін ажыратудың маңызды өлшемі болып саналады. Осымен байланысты мемлекеттік шығыстар экономикалық мазмұны бойынша төмендегідей үш негізгі топқа бөлінеді:

1. материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік аяға жататын, шығыстар;

2. өндірістік емес аядағы қызмет шығыстары;

3. мемлекеттік резервтер жасауға жұмсалатын шығыстар.

Нысаналы белгілері бойынша мемлекеттік шығыстарға, экономикаға, әлеуметтік-мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстар кіреді. Аталған бағыттардан өзге бюджеттің шығыс бөлігіне, күні бұрын қаралмаған, кезек күттірмес қажеттіліктерді қаржыландыруға ақша қаражаттарының резервтері кіреді. Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттік шығыстар экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді. Мұндай жіктеу өндірістік күштерді орналастыруға және халық шаруашылығындағы пропорцияларды жетілдіруге белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік шығыстар салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс аясында:

өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік пен байланыс, сауда, жабдықтау және дайындау шығындарына;

өндірістік емес аяға:

ғылымға, білім беруге, денсаулық сақтауға, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыруға, мәдениет аясындағы қызметке, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге, қорғанысқа, басқаруға жұмсалатын шығындарға бөлінеді.

Шаруашылық жүргізу ерекшеліктерімен айқындала­тын, мемлекеттік шығыстарды қаржыландырудың төмендегідей екі әдісі қолданылады:

шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру;

сметалық-бюджеттік қаржыландыру.

Бірінші жағдайда шығыстар меншікті ресурстар, банк насиелері есебінен жабылады және бюджеттік қаржыландыру есебінен – шығыстарды жабуға жетпейтін бөлігі жүзеге асырылады. Сметаларға сәйкес әлеуметтік-мәдени іс-шараларға, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстап тұруға және қорғанысқа жұмсалатын шығындар қаржыландырылады.

Бюджеттік қаржыландырудың:

демеуқаржылар (дотациялар);

субвенциялар;

жәрдемақылар (субсидиялар) формалары қолданылады.

Демеуқаржылар жағдайында ақша қаражаттары кәсіпорындар мен ұйымдардың шығындарын (залалдарын) жабу үшін, сондай-ақ төмен тұрған бюджеттерді теңгеру үшін қайтарусыз тәртіпте бюджеттен бөлінеді. Нарық жағдайларында демеуқаржыларды қолдану күрт азаяды.

Субвенция – халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету бойынша бағдарлама мен іс-шараларға және өзге мақсаттарға нысаналы мемлекеттік қаржылық көмек көрсету формасы, қаражатты нысаналы пайдалану бұзылған жағдайда, ол қайтаруға жатады.

Жәрдемақылар (субсидиялар) – нысаналы шығыстарды қаржыландыру үшін бекітілген сомалар шектерінде бөлінетін, бюджеттерден трансферттік төлемдер.

Республикалық бағдарламалар мен оның аясында жүзеге асырылатын бағдарламаларды қаржыландыру республикалық бюджеттен қамтамасыз етіледі:

1. Халықты әлеуметтік қорғауға жалпымемлекеттік шығыстар, мемлекеттік, мемлекетаралық және өкілді органдарды ұстап тұру шығыстары мен жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету және бағдарламалар мен соның аясында жүзеге асырылатын:

денсаулық сақтау және білім беру саласындағы; іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеулер саласындағы;

қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік, сот және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы бағдарламаларды;

туризмді, спортты ұйымдастыру және мәдениет аялары бойынша орталық атқарушы органдар орындайтын іс-шаралар бойынша;

мемлекеттік радио мен телевизия қызметтері және өзге бұқаралық ақпарат құралдары бойынша;

мемлекеттік инвестициялар, сондай-ақ жергілікті бюджеттерге субвенциялар бағдарламасы бойынша;

зейнетақы төлеу бойынша және мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы және жас мөлшері бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар бойынша қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету шығыстары.

2. Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламаларды орындау үшін жас мөлшері негізінде бюджеттен бөлінетін, бюджет қаражаттары.

3. Мемлекеттік борыштың (қарыздың) негізгі сомаларын өтеу.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 285; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты