КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасыБюджет жүйесін құру принциптері, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық формалары – бюджет құрылымын құрайды. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі оның бюджеттік заңнамасына сәйкес: біртұтастық, дербестік, теңгерілімдік принциптеріне негізделеді. Біртұтастық (бірлік) принципі бірыңғай құқықтық базамен, бірыңғай бюджет жіктеуі мен құжаттамаларды пайдаланумен, біріктірілген бюджет жасау үшін бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне қажетті статистикалық және бюджеттік құжаттамалар табыс етумен қаматамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің біртұтастығы (бірлігі) бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттердің дербестігі меншікті және бекітілген бюджет жүйесінің барлық буындары кірістерінің көздері мен республика заңдарымен белгіленген өкілеттіктер шеңберінде тиісті билік органдарының қалауы бойынша бюджет қаражаттарын пайдалану құқығын қамтамасыз етеді. Барлық деңгейлердегі бюджеттердің теңгерілімдік принципі бюджеттерді қарау және бекіту кезінде бюджеттер тапшылығының белгіленген шекті мөлшерлерінің сақталуын талап етеді. Бюджет құрылымында жергілікті бюджеттердің дербестігі, мемлекеттік бюджеттегі олардың жауапкершілігі, заңмен көзделеді. Қазақстан Республикасындағы бюджет процесі «ҚР-дың бюдет жүйесі туралы» Заңмен, «Республикалық бюджет туралы» Заңмен және билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін өзге заңдармен реттеледі. Бюджеттер жасау мен оны атқару жергілікті билік органдарының функциялары болып саналады, ал бюджетті қарау мен бекіту, оның атқарылуын бақылауды республика Парламенті мен жер-жердегі мәслихаттар жүзеге асырады. Алдағы жылға жобадан бастап, бюджет жасаудың бүкіл процесі өңірлердің, елдің орталық басшылығымен келісімді жұмысын қамтиды. Жергілікті атқарушы билік органдары, салық қызметі органдары кірістер мен шығыстар туралы тиісті инстанцияларға ұсыныс енгізеді. Мемлекеттік бюджет жобасын әзірлеу мен алдағы қаржы жылына жергілікті бюджеттердің параметрлерін айқындау үшін мемлекеттік бюджет (республикалық және жергілікті бюджеттер) пен арнайы (бюджеттен тыс) қорлар кіретін, мемлекеттің біріктірілген қаржы балансының жобасы пайдаланылады. Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі жоспарланатын жылдың 15 тамызынан кешіктірмей, жергілікті атқарушы органдарға, жалпымемлекеттік салықтардан олардың бюджеттерінің кірістеріне жобаланып отырған аударымдар мөлшерлерін, жалпымемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен берілетін қаражаттар сомаларын, жергілікті органдардың басқару аппаратын ұстап тұру шығыстарының шекті лимиттерін хабарлайды. Жергілікті атқарушы органдар өздерінің бюджеттерін хабарланған көрсеткіштер мен облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің негізгі параметрлері бойынша өзінің болжамдық деректері негізінде жасайды. Облыстар бюджеттері және облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар бюджеттері арасындағы жалпымемлекеттік салықтар мен кірістерді бөлуді, қаржылық жылға облыстық бюджет туралы олардың шешімдеріне сәйкес өкілді органдар бөледі. Жергілікті бюджеттерде, қаржы жылы ішінде өтімділікті басқару үшін жергілікті атқарушы органдар пайдаланатын, жоспарланып отырған қаржы жылының басында жергілікті бюджеттер қаражаттарының қалдығы есебінен қолақшаның (нақты) айналым резерві құралады. Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі ұйымдастырады. Барлық мемлекеттік органдар ҚР Қаржы министрлігіне белгіленген мерзімдерде, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындау үшін қажетті ақпарат табыс етуге міндетті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджетті атқару процесінде, бюджеттік ұйымдардың құрылымы мен функцияларын жетілдіру жөніндегі іс-шаралармен байланысты қаржыландыруды қайта бөлуге құқы бар. Республикалық бюджет есебінен ұсталынатын ұйымдар, ҚР қаржы Министрлігінің келісімімен бір бағдарламалардан, ішкі бағдарламалардан өзге бағдарламаларға қаражаттар аудара алады.
|