Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі және бюджеттен тыс қорлардың жіктеуі




Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны. Олар, мемлекет қатаң белгіленген мақсаттарға пайдаланатын және заңнамалық тұрғыдан бекіген қаржыландыру көздеріне ие, ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттің нысаналы қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын орталықтандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып саналады.

Бюджеттен тыс қорлар 1991 жылдан бастап әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерін ұсынған талаптар бойынша пайда болды: мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін қатаң функционалдық мақсаттарға бөлектеу, мемлекеттік бюджетті өзіне тән емес шығыстардан арылту, бюджет тапшылығын азайту қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей емес капитал жұмсауға арналған шығыстарды, кәсіпорындарға берілетін дотацияларды шаруашылық органдарының иығына арту қажеттілігімен туындады; экономиканы тұрақтандыру қоры осы мақсаттарға сәйкес келді (ары қарай – экономиканы қайта жаңарту қоры). Өзге жағдайларда әлеуметтік мұқтаждарға арналған жекелеген шығыстарды және нарыққа өту жағдайында олардың өмір деңгейінің төмен түсуі жағдайында халықты неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен оларды жабу көздерін бөліп көрсету және аражігін ажырату қажет болды. Зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры, халықты әлеуметтік қолдаудың Біртұтас одақтық – республикалық қоры, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу Мемлекеттік қоры осы міндеттерді шешуге шақырылған болуы тиіс болатын. Кейбір қорлар – жол қоры, әскери өндірісті конверсиялауға жәрдемдесу Қоры, әртүрлі мақсаттағы инновациялық қорлар аса тар шеңберді қамтиды.

Кейбір қорлар уақытша жұмыс жасады, мысалы, экономиканы тұрақтандыру қоры, халықты әлеуметтік қолдаудың Біртұтас одақтық – республикалық қоры: бұл экономиканың дағдарысы жағдайында осындай қорлардың қаражаттарын қалыптастыру қиындықтарымен осыған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі бір негіздендірілгендігімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорларды құратын субъектілердің мүдделіеместігімен түсіндіріледі.

Шаруашылық субъектілерінде қорлар құру кезінде ақша қаражаттарының бір бөлігін қайтарусыз тәртіпте салу қосымша міндеттілігі жүктеледі. Егер қаражаттың осындай бөлігі қосымша өнім құны (пайдалар, кірістер) есебінен салынса, онда кәсіпорынның экономикалық мүддесін тікелей қозғайды – ұдайыөндірудегі және тұтынудағы (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс жасаған кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту Қоры) олардың мүмкіндіктерін шектейді. Аударымдарды қордағы өнімдердің өзіндік құнына жатқызу жағдайында, құнның осы бөлігі баға арқылы тұтынушыға қайта салынады және аталған жүкті тұтастай қоғам көтереді. Сол арқылы, қорларды қалыптастыру және пайдалану кезінде, шаруашылық субъектілерінің бір бөлігі үшін белгілі бір уақыт интервалында эквивалентсіз болып саналатын қайта бөлу процестері жүреді. Сол мезгілде, бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік-экономикалық теңгермелік пен тұрақтылық ұсталып тұрылады, өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау бойынша жергілікті және жалпымемлекеттік міндеттерді шешу, бүкіл экономиканың немесе өңірдің мүдделері үшін белгілі бір нысаналы бағдарламаларды орындау, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіру мүмкін болады. Соған қарамастан бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық қарамақайшы мүдделер көрініс беретін болады. Тұтастай алғанда, бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі, бүкіл қоғамның мүдделері үшін жүзеге асырылады және оны біріктіруге бағытталған, қаржы қатынастарының осы формаларының әлеуметтік-экономикалық маңызы осындай болып табылады.

Арнайы бюджеттен тыс қорлардың мемлекеттік бюджетпен параллель жұмыс істеуі қаржы қатынастарын дифференциялауға, олардың бір бөлігін таршеңберде мамандандырылған аяларға бағдарлауға, қаржы қызметінің әртүрлі бағыттарында осы қатынастарды өзіндік диверсификациялауға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бюджеттен тыс қорлар келесі белгілері бойынша жіктеледі:

нысаналы белгісі бойынша – әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-зерттеу, табиғатқорғау (экологиялық), көші-қон, құқықтық тәртіпке жәрдемдесу, мәдени мақсаттарға және өзге;

басқару деңгейі бойынша – мемлекетаралық, мемлекеттік, өңірлік (жергілікті).

Мемлекеттік бюджеттен тыс және мемлекеттік емес қорлардың аражігін ажырата білу қажет; мемлекеттік емес қорлар, кейбір мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға ұқсас екендігіне қарамастан, нысаналы бағыттары бойынша аса алуан түрлі, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әртүрлі гумангитарлық, оның ішінде халықаралық қорлар.

Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар мен 1996 жылға дейін мемлекеттік бюджет құрамында қалған нысаналы қаржыландыру қорлары: жерқойнауын қорғау және минералдық-шикізат базаларын қалпына келтіру қорлары, табиғат қорғау қоры болып ажыратылады. Иә, мұнда қарастырылып отырған өзге де қорлар 1992-1996 жылдар ішінде мерзімді түрде мемлекеттік бюджетке енгізіліп және одан шығарылып отырды. Бұл оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздеу, қаржы жүйесінің қалыптасу процесін көрсетеді.

Бүкіл бюджеттен тыс және өзге қорлар мен шаруашылық субъектілері қорлары үшін қолайлы, «арнайы қорлар» терминін қолдануға болады (жарғылық, резервтік, амортизациялық, валюталық, жөндеу, жинақтау, тұтыну және өзге қорлары).

Ұйымдық жағынан қорлар, арнайы аппараттың немесе министрліктің басқаруында болады, бұл қаржы ресурстарының жекелеген бөліктерін басқарудың, олардың рационалды және нысаналы пайдалануына бақылаудың икемді болуына оң ықпал етеді.

Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың басқаруына шоғырландырылған нысаналы қаражаттарды жедел басқаруға мүмкіндік береді: әлемдік тәжірибедегі қорлардың дербес (автономиялы) – өкілді билік органдарының араласуынсыз басқару, мемлекеттік басқару органдарының қорлардың нысаналы мәселелерін тез арада шешуге, жағдайлардың өзгеруіне уақтылы жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қаржы ресурстарының маңызды көлемі бюджеттен тыс қорлар арқылы қайта бөлінеді: Қазақстан Республикасындағы қайта бөлу ауқымы 2005 жылдың басында елдің ішкі жалпы өнімінің (Ұлттық қор мен мемлекеттік даму институттарын ескере отырып) 16%-ына жетті.

Салық төлеушілердің қаржылық жағдайларының нашарлығынан болжанатын көлемдерде олардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындығы өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың ортақ проблемасы болып саналады, яғни бұл: олардың басым көпшілігінің шығындылығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздік нәтижесінде қорлардың бюджеттері теңгерілмеген және кезек күттірмес әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерді нысаналы қаржыландыру бойынша көптеген іс-шаралар – қамтамасыз етілмей қалды.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі 1996 жылдан қаржы саясатының, мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру жағына қарай өзгеруімен байланысты мақсатқа сай келмейтін болып танылды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке біріктірілді. Бірақ та, әлемдік тәжірибе, қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына қажетті деңгейдегі бақылауды қамтамсыз ету кезінде оларды жедел (оралымды) басқару үшін мемлекеттік қаржы ресурстарының орталыққа тәуелділігін жоюдың және оны дербес (автономиялы) қалыптастырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 564; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты