Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Леуметтік бюджеттен тыс қорлар: жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры




Мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар алуантүрлі әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруға, нысаналы ақша қаражаттарын қалыптастыруға және пайдалануға арналған. Олардың құрамы, бағыттары мемлекеттің жүргізіп отырған әлеуметтік саясатымен, қоғам дамуының сол кезеңіндегі оның мақсаттарымен, сондай-ақ экономиканың мүмкіндіктерімен айқындалады.

Қазақстанда қаржы қатынастарын ұйымдастырудың аталған формаларын қолданудың тәжірибесі жинақталған. 1995-1998 жылдар аралығында мынадай әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеді:

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;

Міндетті медициналық сақтандыру қоры;

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры.

Олардың жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Азаматтарды мемлекеттік сақтандыру туралы» Заңдарымен реттеледі, бұл заңдарда міндетті әлеуметтік сақтандыру қаражаттары жұмыс берушілердің сақтандыру жарналары мен өзге де түсімдер есебінен қалыптасатыны белгіленген. Жарналардың мөлшері жыл сайын бекітілетін «Республикалық бюджет туралы» Заңмен қорлар арасында белгіленіп және бөлініп отырады. Бұл нормалар 1998 жылға дейін тұрақты болды және заңды тұлғалар үшін еңбекақы қорының 30%-ын құрады. Заңды тұлға болып құрылусыз кәсіпкерлік қызметпен айналысушы тұлғалар, айсайын әрбір қызметкер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төледі.

Жарналар төлеу бойынша мүгедектер ұйымдары, жұмыс қабілеті шектеулі тұлғалар, мүгедектер, кейбір гуманитарлық және балалар үйлері үшін жеңілдіктер белгіленді.

1998 жылдан бастап зейнетақы реформаларын жүргізумен байланысты бұрынғы Зейнетақы қорын – Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі өзгерді.

Міндетті зейнетақы жарналары кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар (жұмыс берушілер) кіріс төлеу көзінен ұстап, өнімдер өндіру, жұмыстар атқару, қызметтер көрсету шығындарына жатқызылды. Жарналар мөлшерлемесі еңбекақы қорынан 15% мөлшерінде белгіленді.

Міндетті зейнетақы жарналарынан өзге мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары, осы қорларға еңбекақы қорынан 10% мөлшерінде қосымша зейнетақы жарналарын аударды. Осылайша, жаңа зейнетақы жүйесінің қалыптасуы кезінде жарналардың жалпы нормативі еңбекақы қорының 25%-ын құрады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры, жұмыс берушілердің міндетті сақтандыру жарналарының есебінен қалыптасты, оған шетелдің қатысуындағы заңды тұлғалар мен шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері (еңбекақы қорынан 2% мөлшерде Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу қоры бөлігі) кірді. Кейбір ұйымдар үшін жеңілдіктер көзделді.

Аталған қорларды қалыптастыруға қаражаттар аудару заңды және жеке тұлғалардың, ұйымдар мен мекемелердің өндіріс немесе айналым шығындарына кіреді және өнімдердің, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құнына жатқызылады.

Өзге көздердің қаражаттары әлеуметтік мақсаттағы қорларды қалыптастыруға бағытталды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жарналары, салық заңдарына сәйкес жиынтық жылдық табыстан шегерілетін шығыстарға жатқызылды, ал бюджеттік және өзге коммерциялық емес ұйымдар үшін оларды ұстап тұру шығыстарының сметасында көзделді.

Әлеуметтік қорлардың бюджеттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітті.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының уақытша жұмсалмай жатқан қаражаттарын мемлекеттік бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағалы қағаздарына және мемлекеттік банктердің депозиттеріне инвестициялауға ғана рұқсат етілді.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры:

1) зейнетақы алатын зейнеткерлерге және зейнетақы төлемдерін алушыларға (солардың пайдасына аталған қорға зейнетақы жарналары жасалған) – мемлекеттік зейнетақыларды;

2) егер зейнетақы мөлшері заңмен белгіленген ең төменгі деңгейден төмен болса, қосымша төлем түріндегі әлеуметтік жәрдемақыларды қаржыландырды.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры жұмыссыздық бойынша, жұмыссыздарды қайта даярлау және қайта оқыту бойынша төлемдерді, қажетсінетін азаматтарды қолдау үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қаржыландырды.

Әлеуметтік сақтандыру қоры уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша, жүктілік және босану бойынша жәрдем ақыны, сауықтыру сипатындағы көрсетілген қызмет ақысын төлеу бойынша төлемдерді қаржыландырды.

Міндетті медициналық сақтандыру қоры қаражаты есебінен медициналық ұйымдардың немесе жеке медициналық тәжірибемен айналысатын тұлғалардың шығыстары, шарттардағы талаптарға сәйкес сақтандырылған медициналық қызметтер көрсету бойынша шығыстар өтелді. Қор сондай-ақ медициналық ұйымдарда немесе жеке медициналық тәжірибемен айналысатын тұлғалар (Қормен медициналық қызмет көрсету бойынша шарттар жасалмаған) медициналық қызмет көрсеткен жағдайларда, міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламалары шеңберінде сақтандырылғандардың шығыстарын өтеді.

1999 жылдан халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру, әлеуметтік салық алу және оны жұмылдыру есебінен мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылды. Мұнан өзге, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі қаражаттардың маңызды бөлігі барлық сақтандырушылардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары арқылы жұмылдырылады және жұмсалады.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) – салымшылардың зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асырушы және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асырушы, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру бойынша қызметті жүзеге асырушы және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялаушы заңды тұлға.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан өзге Қазақстанда мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді.Жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық және карпаративтік болуы мүмкін.

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс орны мен тұрғылықты жеріне қатыссыз, салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.

Корпаративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары, аталған жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлері болып саналатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың алушылары-қызметкерлері үшін жасалады.

Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы-міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақыны қамтамасыз ету туралы шарт жасаған және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотына ие жеке тұлға .

Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Занмен айқындалатын мөлшерлемелер бойынша міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының төлеуіне жатады.

Зейнетақы жасына жеткен тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден басталады. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналары, қызметкердің (жұмыскердің) айлық табысының 10% мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын айлық табыс ең төменгі айлық еңбекақының 75 еселік мөлшерінен асып кетпеуі тиіс .

Ерікті зейнетақы жарналары – салымшылар өзінің бастамасы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорына, Қазақстан Республикасының заңдарымен және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартпен айқындалатын, өз пайдасына салынатын ақша.

Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы – өзінің меншікті қаражаттары есебінен, зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартқа сәйкес алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғалар.

Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің тәртібі ерікті зейнетақы жарналарының есебінен, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.

Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары – өзінің бастамасы бойынша салымшылардың, Қазақстан Республикасының заңдарымен және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартпен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мамандықтар (кәсіптер) тізбесі бойынша, қызметкерлердің (жұмыскерлердің пайдасына) пайдасына салатын ақшалары.

Ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының салымшысы – өзінің меншікті қаражаттары есебінен, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартқа сәйкес қызметкерлердің (жұмыскерлердің) пайдасына ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

Ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді. Бұл ретте ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын айлық табыс, Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген тәртіпте айқындалады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – бірден-бір құрылтайшы және қатысушы мемлекет болып саналатын, акционерлік қоғам формасындағы коммерциялық емес ұйым.

Қор өзінің міндеттемелері бойынша бүкіл өзінің мүлкімен жауапкершілік көтереді.

Қор өзінің қызметін өзінің (меншікті) активтерінен алынатын комиссиялық сыйақы есебінен жүзеге асырады.

Комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы мен оны пайдалану тетігін Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейді.

Қордың меншікті қаражаттары Қордың жарғылық капиталы мен комиссиялық сыйақыдан қалыптасады және содан тұрады.

Қордың:

1) міндетті әлеуметтік аударымдарды жұмылдыруды жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіпте, бағалы қағаздармен байланысты қызметпен айналысуға;

3) Қордың қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;

4) әлеуметтік төлемдер Орталығынан қаражаттардың қозғалысы туралы ақпарат алуға;

5) Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, қордың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардан ақпарат сұратуға және алуға құқы бар.

Қор:

1) Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін қаражаттардың уақытылы аударылуын қамтамасыз етуге;

2) Қордың уақытша жұмсалмай жатқан қаражаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;

3) Жыл сайын аудит жүргізуді қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Қор өз активтерін кепілге беруге және кәсіпкерлікпен және заңмен көзделмеген өзге қызметпен айналысуға құқылы емес.

Қор инвестициялық қызметті, қордың активтерін жұмылдыру және орналастыру бойынша, инвестициялық кіріс алу бойынша барлық операциялардың есебін жүргізетін және жасалған шартқа сәйкес Қордың активтерімен инвестициялық қызмет пен шоттардың жағдайы туралы, қорға тоқсан сайын есеп беретін Қор мен Ұлттық Банк арасында жасалатын шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қордың активтерін қаржы құралдарына (инструменттеріне) орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүзеге асырады.

Қордың активтері:

1) әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік аударымдарды төлеуді кешіктіргені үшін алынатын өсімдер (пениялар), қордың қызметін қамтамасыз ететін комиссиялық сыйақыны шегергендегі инвестициялық кіріс; міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік сақтандыру Қорына төлеуге жататын әлеуметтік аударымдар; Қазақстанның заңдарында көзделген өзге көздер есебінен құралады.

Қордың активтері ерекше түрде келесі мақсаттарға пайдалануы мүмкін:

1) әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға;

2) тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, қаржы құралдарын (инструменттерін) орналастыруға;

3) артық төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын және өзге қате есепке қабылданған қаражаттарды қайтару мақсаттарына.

Қор бухгалтерлік есеп жүргізеді және қаржылық есептілікті Қазақстанның заңдарында белгіленген тәртіпте, Қор активтері мен меншікті қаражаттар бойынша жеке (бөлек) табыс етеді.

Қор, бухгалтерлік есепте және есептілік жасау кезінде пайдаланылатын, қаражаттардың есебін жүргізу мен оны сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. Сақтауға жататын негізгі қаражаттардың тізбесі және оларды сақтау мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Мемлекет, әлеуметтік аударымдардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында нысаналы пайдаланылуы мен сақталуына кепілдік береді.

Әлеуметтік аударымдардың сақталушылығы:

1) оның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттерді белгілеу жолымен қор қызметін реттеу;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкідегі қор активтерімен инвестициялық басқару бойынша барлық операциялардың есебін жүргізу;

4) Меншікті қаражаттармен қор активтерінің жеке (бөлек) есебін жүргізу;

5) Қор қызметін қамтамасыз ету үшін шығыстарға шектеулер енгізу;

6) Жыл сайын аудит жүргізу міндеттілігін жүзеге асыру;

7) Заңдармен белгіленген тәртіпте, қордың тұрақты қаржылық және статистикалық есептілігін жүргізу;

8) Қор активтерін инвестициялау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржы құралдарының тізбесін айқындауы арқылы қамтамасыз етіледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 213; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты