Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар




Инвестициялық, Инновациялық, Ұлттық Қор мемлекеттік даму институттары сияқты бюджеттен тыс экономикалық қорлар құру Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға дейінгі арналған индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталған. Стратегияның мақсаты – шикізатқа бағытталушылықтан кейін шегінуге ықпал ететін экономика салаларын диверсификациялау, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту жағдайын жасау жолымен елдің тұрлаулы дамуына қол жеткізу. Өңдеуші өнеркәсіпте бәсекеге қабілетті және экспортқа-бағдарланған тауарлар өндіру, жұмыстар атқару, қызметтер көрсету мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың басты бағыты болып саналады.

Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында Қазақстан экономикасы бірқатар проблемалармен бетпе-бет келді. Сондай проблемаға мыналар жатады: шикізатқа бағытталушылық, дүниежүзілік экономикамен шамалы ықпалдасу, ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономикалық ықпалдасудың әлсіздігі, ішкі нарықтағы тауарлар мен қызметтер көрсетуге тұтыну сұранысының жоғары еместігі (кіші экономика), өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамымағандығы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы, ғылымның өндіріспен пәрменді байланыстарының жоқтығы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстардың төмендігі, менеджменттің экономикаға бейімделу міндеттерінің жаһандану мен сервистік-технологиялық экономикаға өту процестеріне сәйкес келмеуі.

Проблемаларды шешу және Стратегия шеңберіндегі алдыға қойған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін Қазақстан Даму Банкінің, Қазақстанның инвестициялық қорының, Инновациялық қордың, экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі корпорацияның белсенділігін арттыру болжанады.

Аталған институттар, қосымша құны жоғары, жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамыту және жаңаларын құру мен перспективалық салаларды кешенді талдау, олардың неғұрлым маңызды элементтерін анықтау негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау мақсатында инвестициялау саясатын жүргізетін болады.

Стратегия, елдегі ғылым мен инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді болжайды. Алдыға қойған мақсаттарға жету үшін қаржы нарығын одан әрі дамыту және фискалдық, білім беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру болжанады. Стандарттау саясаты шеңберінде экономика мен басқарудың барлықсалаларында дүниежүзілік стандарттарға көшу көзделеді.

Стратегияны жүзеге асыру, оның тұрақты өсуіне әкелетін, адам, өндіріс және табиғи капиталды тиімді пайдалануға, Қазақстанның қоғам құрылысы мен әлеуемттік дамуының жаңа деңгейне шығуға негізделген, экономика құрылымында сапалық өзгерістер жүргізуге оң ықпал етуі тиіс.

Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар қоғам дамуы кезеңдерінің мақсаттары мен міндеттері негізінде құрылды. Бұрын жұмыс істеген қорлардың тәжірибесі растайтындай, мысалы, әр уақытта: Инвестициялық қор, экономиканы тұрақтандыру қоры, экономиканы қайта құру қоры, кғәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры жұмыс жасады. Экономикалық қорлар қаражаттарды шоғырландыру және белгілі даму бағыттарын немесе шешуші салаларды қаржыландыру үшін құрылады. Сол арқылы бүкіл экономиканың теңгерілімді пропорционал дамуын қамтамасыз ету міндеттері алдыға қойылады. Мәселен, Инвестициялық қор қаражаттары негізгі капиталды көбейтудің қол жеткен ауқымдарын ұстап тұру, әлеуметтік аяларды одан әрі дамыту үшін пайдаланылды. Капитал жұмсауды қаржыландыру, өнеркәсіп кәсіпорындарын рентабельді өнімдер шығаруға бейімдеу, оларды реконструкциялауға мүмкіндіктер жасау үшін, республика үкіметі бекіткен жоспарлар мен лимиттер бойынша жүргізілді. Экономиканы қайта құру қоры міндетті аударымдар есебінен, оларды өндіріс шығындарына (шығынды шаруашылықтарды қоспағанда) енгізе отырып, өнімдердің (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) өзіндік құнынан 5% мөлшерде қалыптасады.

Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту бюджеттен тыс Қоры нарықтық қатынастарды дамыту және баламалы экономикалық құрылымдарды қалыптастыру, әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға қолдау көрсету, бюджеттік қаржыландырудың кәсіпкерлікті, бәсекелестікті дамыту жөніндегі іс-шараларды несиелеудің прогрестік формаларымен тиімді үйлесімін қамтамасыз ету және монополистік қызметті шектеу мақсатында ұйымдастырылған болатын. Қор қаражатын қалыптастыру көздері болып келесілер саналады: кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың иелігінде қалған пайданың 1% мөлшеріндегі аударымдар; бюджеттің кіріс бөлігінің жалпы сомасынан 1% мөлшеріндегі республикалық бюджеттен қаржыландыру; консультациялық, әдістемелік және баспа қызметінен, сондай-ақ бағалы қағаздардан алған кірістер; ерікті жарналар мен қайырмалдықтар.

Жол Қоры, жалпы мақсаттағы автомобиль жолдарын салумен, реконструкциялаумен және ұстаумен байланысты ақша қаражаттарын шоғырландырды, яғни қаржы жүйесіндегі шаруашылық қызметінің өзіндік ерекшелігімен байланысты тар шеңберде маманданған буын болып саналады.

Мыналар Жол Қорының құрылу көздері болып саналады: автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары; Қазақстан Республикасының аумағынан транзиттік жүріп өткені, кіргені және шыққаны үшін ақы; бөлшек саудада сатылатын бензинді және дизель отынын өткізгені (сатқаны) үшін алым; ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткені үшін ақы.

Жол Қорының қаражаттары Республикалық Жол Қоры мен облыстық жол қорлары арасында белгіленген пропорцияларда бөлінді. Республикалық бюджеттен, автожолдар желілерін дамыту деңгейлерін теңестіру үшін облыстық қорларға дотациялар бөлінді. Жергілікті басқару органдары республикалық автожолдардың дамуына қосымша қаражаттар бөлді.

 

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және оның


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 278; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты