Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттік несиенің түрлері, формалары мен әдістері




Мемлекеттік несие жалпы қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін қайталама бөлу қатынастарын білдіреді. Мемлекеттік несие қатынастарының аясына, бастапқы бөлу сатысында қалыптасқан, кірістер мен ақша қорларының бір бөлігі ғана кіреді. Әдетте, ағымдағы тұтынуға арналмаған, халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың уақытша жұмсалмай жатқан бос ақша қаражаттары осыған жатады. Бұл мемлекеттік-несие қатынастарының бір қыры. Мемлекет қосымша жұмылдырған қаражаттардың қайтарылушылығы және ақылылығынан туындайтын қаржылық байланыстар мемлекеттік несие қатынастарының екінші қыры болып саналады.

Егер мемлекеттік шығыстардың негізгі үлесі ішкі жұмылдырылған қаржы көздері есебінен ұлттық валютамен жүзеге асырылатын болса, онда ішкі мемлекеттік несие басым дамуға ие болады. Сонымен бірге, кең ауқымдағы халықаралық еңбек бөлінісі, технологиялармен және ғылыми-техникалық идеялармен алмасу, шет мемлекеттерге қаржылық көмек көрсету – осылардың барлығы халықаралық мемлекеттік несиенің интенсивті дамуын туғызады. Біздің еліміздің дүниежүзілік қауымдастыққа кіруі жағдайында, халықаралық мемлекеттік несие жаңа сипатқа (белгілерге) ие болады. Елдер займға несие ала отырып, тәуелділікке тап болады, мемлекеттік қарыз (борыш) өседі.

Мемлекеттік несие өзінің көріну екі формасы бойынша елде аса зор рөл атқарады.

Халықтың банк жүйесіне шоғырландырылатын салымдары мен мерзімді депозиттерін, мемлекет орталықтандырылған қаржы ресурсы ретінде пайдалануы мүмкін, олардың есебінен банктер экономикаға қайтару негізінде несиелер береді және несиенің: мемлекеттік және банктік екі формасының жақындасуы болады.

Ел үкіметінің, қаржы нарығында белсенді құрал ретінде орналастырылатын мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы, әлемдік тәжірибеде мемлекеттің қажеттіліктері үшін халықтың, кәсіпорындардың, банктердің ақша ресурстарын жұмылдыруға оң ықпал етеді. Мемлекет займдар шығара отырып, борышқорға айналады.

Займдарды келесі белгілері бойынша жіктеуге болады:

· өтеу мерзімдері бойынша, олар қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болады;

· орналастыру орыны бойынша – ішкі және сыртқы;

· орналастыру тәсілі бойынша – еркін айналатын, жазылу бойынша және мәжбүрлеу түріндегі;

· табыстылық түрлері бойынша – пайыздық, ұтыстық, лотереялық.

Елде шығарылатын займдар эмитент бойынша – Орталық үкіметтің займдары және жергілікті билік органдарының займдары болып ажыратылады.

Мемлекеттік несиенің рөлі – бұл халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмылдырылған ақша қаражаттарын мемлекеттің тиімді пайдалану нәтижесі. Ақша қаражаттарын жұмылдыру формаларының бүкілінің ішінде, Орталық банктің (эмиссиялық банктің) қаражаттарын тарту қосымша қағаз ақшалар шығарумен ілесе жүреді және мемлекеттік несиенің өзге формаларын қолдануды шектеу кезінде мемлекет осы әдіске жүгіреді.

Мемлекеттік займ мемлекеттік несие түрінде көріне отырып, ішкі және сыртқы займдар мен қарыз алу оның көзі болуы мүмкін жалпымемлекеттік қаржылардың буыны ретінде қарастырылады.

Ішкі мемлекеттік несие келесі формаларда қатысады: мемлекеттік займдар, халықтың салымдарының бір бөлігінің мемлекеттік займдарға айналуы, жалпымемлекеттік ссуда қорының қаражаттарын қарызға алып пайдалану, кепілдік берілген займдар.

Мемлекеттік займдар мемлекеттік несиенің формасы ретінде, халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың уақытша жұмсалмай жатқан ақша қаражаттары, облигациялар, қазынашылық міндеттемелер мен мемлекеттік бағалы қағаздардың өзге түрлерін шығару және өткізу жолымен қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыруға тартылады.

Облигация – бағалы қағаздардың неғұрлым кең таралған түрі. Ол мемлекеттік борыш (қарыз) міндеттемелерінің белгілерін білдіреді және белгілі бір мерзім өткеннен кейін оның иесіне қарыз сомасын кері қайтарып алуға және пайыз алуға құқық береді. Мемлекет облигацияны сата отырып, қарыз сомасын белгілі бір мерзімде пайыздармен қайтаруға немесе заем қаражаттарын бүкіл пайдалану мерзімі ішінде пайыздар төлеуге, ал осы мерзім өткеннен кейін қарыз сомасын қайтаруға міндеттенеді.

Қазынашылық міндеттемелер біздің республикада қолданылатын мемлекеттік қарыздардың өзге бір түрі болып саналады. Олардың облигациялардан негізгі ерекшелігі шығару мақсатында, кірісті төлеу формасында және еркін айналуында болып табылады. Облигацияларды сатудан түскен қаражаттар бюджет қорын толықтыруға, арнайы ескертілген мақсаттарға бағытталады. Мемлекеттің қазынашылық міндеттемелерін өткізуден түскен қаражаттар бюджетті толықтыруға ғана бағытталады.

Мемлекеттік несиенің екінші формасы – халықтың салымдарының бір бөлігінің мемлекеттік займдарға айналуы мемлекеттік займдармен тығыз байланыста болады, мұнда жинақ (сақтық) мекемелері заем қаражаттар есебінен мемлекетке несие беруді білдіреді.

Қазақстан Республикасында 1992 жылдан ұлттық займдар шығарыла бастады. Бастапқы бетте бұл, кәсіпорындар мен ұйымдар арасында орналастырылатын мемлекеттік ішкі заем болды. 20 жыл мерзімге есептелген, 1982 жылғы одақтық займ міндеттемелеріне жауап беретін, Мемлекеттік ішкі ұтыс займы – бондар шығарылған болатын. 1996 жылдан табыстылықтың өзгермелі нормасымен материалсызданған формада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ішкі займы Ұлттық жинақ облигациялары шығарылады. Қағазсыз формада коммерциялық банктер, кәсіпорындар, фирмалар арасында орналастырылатын 3,6,9,12 ай мерзімдеріндегі Мемлекеттік Қазынашылық міндеттемелер шығару, бюджет тапшылығын жабу үшін, мемлекеттік шығыстарды қаржыландыру кезіндегі ақша ресурстарына деген мемлекеттің қажеттіліктерімен байланысты. Номинал құнға ие бола отырып, Мемлекеттік Қазынашылық Міндеттемелер, инвесторға табыс әкелетін дисконтталған баға бойынша аукцион саудаластықтарында сатылады. Міндеттемелер бюджеттің «кассалық айырмашылығын» жабу құралы болып саналады. Мемлекеттік Қазынашылық Міндеттемелер шығару арқылы, үкімет қаржы көздерін іздеудегі тактикалық міндеттерді, сол сияқты нарықтық экономика жағдайында қажет ішкі қаржы нарығын дамытуды шешеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару кезінде, дисконттың көлемі, баға, белгіленген құны бойынша мемлекеттік акцияларды өтеу, айналу мерзімдері, саудаластықтар өткізу тәртібі, қаржы нарығы үшін ережелер мен нормативтер әзірлеуде объективті шешімдер қабылдау маңызды болып саналады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 383; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты