КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Й шаруашылықтарының қаржы ресурстарыҮй шаруашылықтарының қаржылары тұтастай алғанда қоғамның қаржылары ретінде, шаруашылық мүшелерінің әлеуметтік және материалдық өмір жағдайы мен олардың ұдайыөндірісін қамтамасыз ету мақсатында, ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақша қатынастарын білдіреді. Жекелеген отбасылар деңгейінде қаржы жүйесіндегі буын болып санала отырып, олар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы элементі болып қатысады. Ішкі жалпы өнім құны мен ұлттық табысты жасау, бастапқы бөлу мен пайдаланудағы шешуші маңызға ие коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларынан ерекшілігі, үй шаруашылықтарының қаржылары қаржы жүйесінің маңызды буынына айналған жоқ және қаржылық қатынастардың жалпы жиынтығында бағыныста болса да, маңызды рөл атқарады. Үй шаруашылығы қаржыларының маңызы олардың функцияларынан өзінің көрінісін табады. Г.Б. Поляктың пікірі бойынша олар төмендегідей екі базалық функцияны орындайды: 1) отбасыларының қажеттіліктерін ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету; 2) бөлу. Бірінші функция аталған отбасы мүшелерінің нақты өмір сүру жағдайын туғызады. Нарықтық қатынастарды дамыту осы функциялардың көріну формасына түбегейлі түрде ықпал етеді. Тауар-ақша қатынастарының пайда болуы, содан кейін нарықтың кеңеюі нәтижесінде: 1) отбасылардың материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің ұлғаюы; 2) үй шаруашылықтарының ақша қаражаттарын жасау (қалыптастыру) мен оның өсуі; 3) материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған ақша қорының – отбасы бюджетінің пайда болуы жүрді. Үй шаруашылықтары қаржыларының бөлу функциясы ұлттық табысты бастапқы бөлуді және отбасыларының бастапқы кірістерін қалыптастыруды қамтиды. Үй шаруашылықтарының қаржылық қатынастарына келесі екі топ кіреді: 1) еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы және т.б. түрінде бастапқы кірістерді қалыптастыра отырып, аталған шаруашылық бірліктері мен қаржы жүйесінің өзге буындары (мемлекеттік қаржылармен – бюджеттермен және бюджеттен тыс қорлармен және коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылары) арасындағы қатынастар; 2) жекеленген ақша қорларын құра отырып, қаражаттар бөлінген және жекеленген кездегі, үй шаруашылықтары мүшелерінің арасындағы қатынастар. Үй шаруашылықтарының ішінде қаражаттардың жекеленуі, қандай да бір эквиваленттілікті жоққа шығара отырып, меншік иесін өзгертпейді. Бұл функцияға: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалану үш сатысы кіреді. Үй шаруашылықтары қаржыларының екі функциясы бір-бірімен өзара байланысты және бір-бірін толықтыра отырып, бірмезгілде әрекет етеді. Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары – бұл отбасыларының иелігінде болатын, ақша қаражаттары қорының жиынтығы. Үй шаруашылығы мүшелерінің өндірістік қызметі нәтижесінде жасалған, ол қоғамның ұлттық табысының бір бөлігі болып қатысады. Үй шаруашылықтарының ақша қорының көлемі шаруашылыққа қосқан олардың әрбірінің үлесіне қатысты болады. Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары, негізінен, нысаналы мақсатқа ие, жекеленген ақша қорлары түрінде қатысады. Төмендегідей екі негізгі қор құрылады: - аталған ұжымның – отбасының жеке қажеттіліктерін (тамақ өнімдерін, өнеркәсіп тауарларын алу, әртүрлі ақылы қызмет түрлеріне төлем жасау және т.б.) қанағаттандыруға арналған тұтыну қоры; - алдағы уақытта қымбат тұратын тауарларды сатып алу үшін немесе пайда табу мақсатында капитал ретінде пайдалануға арналған сақтық қоры. Қаржы ресурстарының қор формасы үй шаруашылықтарының қажеттіліктерін тұтастай алғанда шаруашылық ұжымының мүмкіндігімен байланыстыруға, сондай-ақ отбасы мүшесінің әрбірінің қажеттілігі қалай қанағаттандырылып жатқанын бақылауға мүмкіндік береді. Үй шаруашылықтары қаржы ресурстарының құрамына мыналар кіреді: 1) меншікті қаражаттар, яғни отбасының әрбір мүшесі тапқан – жалақы, қосалқы шаруашылықтан алған кіріс, коммерциялық қызметтен тапқан пайда; 2) несие ұйымдарынан алынған несие формасындағы, нарықта жұмылдырылған қаражаттар, дивидендтер, пайыздар; 3) қайта бөлу тәртібінде келіп түскен қаражаттар – бюджеттерден және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардан түскен зейнетақылар, жәрдемақы, ссудалар. Үй шаруашылықтарының қаржылары бюджеттермен (республикалық, жергілікті және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлармен) және әртүрлі меншік нысандарындағы орталыққа тәуелді емес қаржы кәсіпорындарымен, сондай-ақ қаржы нарығымен өзара байланыста іс-қимыл жасайды. Олардың арасында біржақты, екі және көп жақты үздіксіз ақша ағындары туындайды. Үй шаруашылығы мен мемлекет арасында ақша ағындарының тұрақты қозғалысы жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтарының мүшелері мемлекеттік сектор үшін жұмыс күшін береді, мемлекетке өзі өндірген тауарларды сатады және қызметтер көрсетеді. Бұл үшін отбасы еңбекақы мен кіріс (табыс) алады. Мұнан өзге, салықтар, алымдар, баж салықтарын төлеу қазына мен әлеуметтік бюджеттен тыс қорларға аударымдар жасау кезінде қаржылық қатынастар туындайды. Сонымен қатар үй шаруашылықтары үкіметтен әртүрлі ақша трансферттерін, сондай-ақ натуралды формада қоғамдық игіліктер алады және қызметтер көрсетіледі. Үй шаруашылықтарының мемлекеттік емес сектормен – кәсіпорындармен, ұйымдармен, компаниялармен ақша ағындары туындайды. Олардан тауарлар алып, қызметтер көрсетіле отырып, олар (үй шаруашылықтары) мемлекеттік емес секторға ақша формасында алынған әртүрлі игіліктердің құнын қайтарады. Заңды тұлғалар сонымен бірге үй шаруашылықтарын несие ресурстарымен, сондай-ақ кірістермен, дивидендтермен, пайыздармен, аталған ұжым мүшелерінің тиісті меншіктері болған кезде жалгерлік ақымен қамтамасыз етуі мүмкін. Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстарының айналымдылығы нәтижесінде сол уақыттағы және алдағы өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
|