КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызыАдамдардың өмірі, мүлкі, өндірістік, әлеуметтік, саяси және мәдени қызмет процесінде пайда болатын материалдық құндылықтар төтенше оқиғалар салдарынан (табиғат апаттары, авариялар, диверсиялар) толық немесе ішінара бүлінуі мүмкін, тұрақты түрде тәуекелге (қауіп - қатерге) тартылады. Материалдық құндылықтардың иесі немесе оны өндіруші, кез келген адам қауіп – қатерге (тәукелге барып) ұрынып, мүлігін немесе денсаулығын жоғалтқысы келмейді және төтенше оқиғалар нақты болған жағдайларда (сақтандыруда мұндай оқиғаларды сақтандыру оқиғалары деп атайды) жоғалған мүліктің орнын толтырып қаражат көзінің болуына мүдделі болады. Ғылым тілімен айтатын болсақ, әрбір адам мүлік иесі сақтандыруға мүдделі және сақтандыру оқиғасы болған кезде сақтандырылған болуды қалайды. Экономикалық қауіпсіздікті осындай қамтамасыз ету тәсілі ертеде пайда болды. Кейінірек сақтандыру объектілері неғұрлым кеңейе түсті: отбасының асыраушысы қайтыс болған жағдайда азаматтарды материалдық қамтамасыз ету, еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, жеке өмірінде ерекше оқиға болған кезде (белгілі бір жасқа келу, зейнеткерлікке шығу, үйлену) матералдық қамтамасыз ету, үшінші тұлға алдында жауапкершілікті сақтандыру және т.б. "Сақтандыру" түсінігінің бастапқы мағынасы нені білдіреді дегенге келетін болсақ, төтенше оқиғалардың ықтималдық жағдайына ("болатын, не болмайтын") қарамастан, адамдар қатердің бәріне төндіру мүмкін екенін, бірақ әрбір адаммен болмайтынын және оқиғаны күткендер санының әрқашан да аз болатынын барлық адамзатқа зардап шегетінін ертеден – ақ байқаған болатын. Сондықтан да ерте кездің өзінде – ақ, мүдделі тұлғалар қызығушылықтары бірдей қатысушылар арасында зардап шеккен жаққа материалдық шығынды бірлесіп өтеу мақсатында мүлік иелерін біріктіру туралы ой тапқан болатын. Сақтандыру түсінігінің атап көрсетілген белгілері оның экономикалық мәнін білдіреді және сақтандыруды экономикалық категория ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі қоғамдағы сақтандыру қағидалары болып мыналар саналады: әр түрлі тәуекелдер бойынша кездейсоқ оқиғалардан сақтандырудың қорғаныс қағидасы, өтеу қағидасы, бәсекелестік қағидасы, капитализациялау қағидасы, сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру нарығының бөлшектеу (сегменттеу)қағидасы. Әр түрлі тәуекелдер бойынша кездейсоқ оқиғалардан сақтандырудың қорғаныс қағидасы сақтандырудың негізгі түбегейлі мазмұнын көрсетеді. Сақтандырудағы сақтандырудың қорғаныс факторы сақтандыру оқиғасы нәтижесінде кез келген сақтанушының шығынға ұшырығанда сақтандыру қатысушылардың аумақтық және уақыт жағынан сақтандыру резервтерін қалыптастыруға бағытталған. Өтеу (орнын толтыру) қағидасы сақтандыру оқиғасы болғанда сақтанушыға сақтандыру өтемін төлеуді білдіреді. Сақтандыру қызметін көрсету кезінде бәсекелестік қағидасы сақтанушының нақты сақтандыру компаниясын өздігінше таңдау қажеттілігін көрсетеді. Капитализациялау қағидасы сақтандыру оқиғасы болған жағдайда сақтандыру міндеттемелері бойынша толық және уақытылы төлем жасауға кепілдік берудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін сақтандыру компанияларын капитализациялаудың тұрақты өрістетіп отыруды білдіреді. Сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру нарығының бөлшектеу (сегметтеу) қағидасы алуан түрлі тәуекелдерден қорғануды жаңа қажеттіліктердің пайда болу объективті процесін көрсетеді. Сақтандыру экономикалық категориялардың бірі болып, біріншіден,оған заңды және жеке тұлғалардың жарналары есебінен құралатын ақша қаражаттары қоры жатады, екіншіден,сақтандыру оқиғасы болған кезде материалдықшығынды өтеу және ақшалай көмек көрсету үшін оны пайдаланатын экономикалық қатынастар жүйесін білдіреді. Сақтандырудың қаржыдан және несиеден ажыратып тұратын белгілі бір ерекшеліктері бар: 1. Сақтандыру қатынастарының ықтималдық сипатымен байланысты ақшалай қайта бөлудің болуы. Сақтандыру оқиғаларының болуымен және зардаптарымен байланысты сақтандыру қорының қаражаттарын пайдалану. 2. Сақтандыру қатысушылар арасындағы тұйық қайта бөлу қатынастары. 3. Қаражаттарды аумақ бойынша, сол сияқты уақыт бойынша қайта бөлу. 4. Сақтандыру төлемдердің сақтандыру қорына қайтарылушылығы. Сақтандыру – бұл шаруашылық субъектілеріне келтірілген материалдық шығындарды өтеу және азаматтарға ақшалай көмек көрсетуге арналған сақтандыру қорының ақшалай жарналары есебінен оны құру бойынша оған қатысушылар арасындағы ерекше тұйық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы. Сақтандыру келесі функцияларды атқарады. 1.Тәуекел функциясы. Сақтандыру оқиғалармен байланысты сақтандырудың қатысушылар арасында сақтандыру қоры қаражаттарының қайта бөлумен сипатталады. 2. Алдын алу функциясы. Жағымсыз оқиғалардың, табиғат апаттарының келеңсіз зардаптарын болдырмау немесе оны азайту бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталған кең шаралар шеңберін қамтитын функция. 3. Жинақтаушы функциясы. Сақтандыру көмегі арқылы жеке сақтандыру түрі бойынша өмірді сақтандыру шарттарына сай сақтандыру сомаларын жинақтау арқылы өмір сүруіне қажет ақша сомаларын жинау жүзеге асырылады. 4. Бақылау функциясы. Сақтандыру оқиғаларының болуымен байланысты сақтандыру қорының қаражаттарын қатаң түрде мақсатты жұмсаудың бақылау мүмкіндігіне қол жетеді. Қоғамдық өндірісті қамтамасыздандыру мақсатында сақтандыру қоры құралады. Сақтандыру қоры төтенше жағдайда зиянды келтірмеу үшін материалды резервтер мен ақша қаражаттарынан құралып, қоғамды стихиялық апаттардан, техногенді факторлар және басқа әртүрлі оқиғалардан сақтайды. Қоғамдық тәжірибеде сақтандыру қорының ұйымдық формалары қалыптасты. Экономикалық шарттарының қызметіне келесілерді белгілеуге болады: - орталықтандырылған сақтандыру (резервтік) қоры; - орталықтандырылмаған сақтандыру қоры; - сақтандырушының сақтандыру қоры. Сақтандыру қоры мемлекеттік (орталықтандырылған) қаражаттармен, сақтандырумен және өзін сақтандыру әдістерімен қалыптасады. Орталықтандырылған сақгандыру (резервтік) қоры мемлекеттік қолма-қол және ақша қаражаттарынан құралады. Бұл қорды қалыптастыру мақсаты - адамдарды өлімнен және құрылыстардың құлауынан, стихиялық апаттардан және ірі авариялардан зиян келтіруден сақтандырады. Ақшалай формадағы орталықтандырылған сақтандыру қоры - бұл орталықтандырылған мемле-кеттік қаржы резервтері. Оларды пайдалануды мемлекет іске асырады. Орталықтандырылмаған сақтандыру қорлары кәсіпкерлік немесе жеке шаруашылық шектеулерінде қолма-қол немесе ақша қаражаттарды қайта сақтандыру әдісімен іске асырылады. Бұл қор өндіріс процесінде уақытша қиыншылықтардан сақтандыруға мүмкіндік береді. Нарық экономикасына өту арқасында бірте-бірте қайта сақтандыру шектеулері кеңейді. Оның жаңа үлгісі тәуекелдік қорына трансфор-мацияланады, бұл экономикалық конъюктурасы дұрыс қалыптаспаған кәсіпорынның қызметін қамтамасыз етеді. Бұл айналым қаражаттары жетіспеген уақытта, жеткізілген өнімдерге уақытында төлемдерін төлемеу мақсатында қалыптасады. Нарық шарты бойынша кәсіпорын тұрақты және тұрақсыз экономикалық аумақта өзгереді: өндірілген өнімге, сатып алынған материалдарға, банк ссудаларын алуға шарттардың өзгеруі, сұраныс пен ұсыныстың қатынасында және шаруашылық қызметіндегі басқа да факторларына бағалардың өзгеруі. Сонымен қатар, кәсіпорын және басқа шаруашылық субъектілері қайта сақтандыру қоры арқылы қаржылай және өндірістік төтенше жағдайларсыз қызмет етуге тырысып, өздеріне тұрақты жағдайды қалыптастыруға тырысады. Сақтанушынның сақтандыру қоры - сақтандырушылардың сақтандыруға ақшалай сомаларын салу әдісімен қалыптасады. Сақтанушының сақтандыру қорының қазіргі шарттарының тек ақшалай формасы бар. Статистика мен ықтималдықтар теориясына сүйеніп сақтандыру сомалары мен сақтандыру төлемдерін міндетті төлеу арқасында қордың көлемі анықталады.
|