Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Й шаруашылықтарының бюджеті. Үй шаруашылықтарының кірістері және олардың жіктеуі




Қаржы ресурстары үй шаруашылықтарының бюджетін қалыптастырады. Өзінің материалдық мазмұны бойынша үй шаруашылықтарының бюджеті – бұл үй шаруашылығы, ақша қаражаттары қорының пайда болуы және оны пайдалану формасы. Ол үй шаруашылығы мүшелерінің өздерінің жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жиынтық кірістері мен шығыстарын біріктіреді. Отбасы бюджетінің қаражаты қажеттіліктердің ұлғайып отыруымен байланысты үнемі жетпейді. Әсіресе біздің еліміздегі бюджет қаражатының жетіспеушілігі негізгі жұмыс орнындағы жұмыс күшін сатудан өзге, үй шаруашылықтары мүшелерін еңбек шарты бойынша еңбекақы төлеуге, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, жеке еңбек және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, өзінің артқы қозғалмайтын мүлігін және ұзақ пайдаланатын заттарды жалға беруге, бағалы қағаздар сатып алуға және өткізуге және т.б. мәжбүрлейді.

Бюджет шеңберінде төмендегідей ақша қорлары қалыптасады:

- әртүрлі тауарлар сатып алуға, ойын-сауыққа, медициналық қызмет көрсету ақысын төлеуге пайдаланылатын, отбасының жеке мүшелеріне арналған, жеке қор;

- ортақ пайдаланатын тауарлар (телевизор, тоңазытқыш және т.б.) сатып алу үшін, бірлескен қор;

- алдағы капитал шығыстары (үй, пәтер, жер телімдерін, көлік құралдарын сатып алу, сондай-ақ коммерциялық қызмет үшін бастапқы капитал қалыптастыру) үшін пайдаланылатын, жинақтар мен қамтамасыз ету (резервтік қор).

Жинақтау қорын жасау қажеттілігі, демалыс пен қымбат тұратын медициналық қызмет көрсету ақысы үшін үлкен қаражатты талап ететін ұзақ пайдаланатын тауарлар сатып алу үшін ғана емес, сонымен бірге, сондай-ақ қартайғанда лайықты өмірді қамтамасыз ету үшін де туындайды.

Үй шаруашылықтарының кірісі тұрақты және уақытша болып ажыратылады. Тұрақты кіріс – бұл адамның күтуіне сәйкес, алдағы уақытта сақталатын кіріс. Тұрақты экономикалық қоғамда, негізінен, еңбек қызметіне ақы төлеу кірістің осы тұрақты түріне жатады. Алдағы уақытта жоғалтып алуы мүмкін кіріс уақытша кіріс болып есептеледі, мысалы, акционерлік қоғам қызметін тоқтатумен байланысты бағалы қағаздардан алған кіріс.

Қазақстандағы елдің жалпы экономикалық жағдайы тұрақсыз болып отырған кезде, үй шаруашылықтарының бүкіл кірісі уақытша, болжам жасау қиын болып саналады.

Отбасы бюджетінің кірісі үй шаруашылықтарының тұтыну көлемін айқындайды. Жыл сайын қайталанатын тұрақты кіріс, олардың тұтыну шығыстарында аса үлкен өзгерістер (ауытқулар) туғызбайды. Сол мезгілде уақытша кіріс елдің жалпы төлем қабілеттілік сұранысына үлкен көлемде ықпал етуі мүмкін. Тауарлар мен қызмет көрсетуге қосымша талаптар туғыза отырып, уақыттың жекелеген кезеңіндегі оның өсуі нарықтағы жағдайды қиындатып, күрделендіре түседі.

Мемлекет үй шаруашылығы бюджетінің көлеміне түбегейлі ықпал етеді, өйткені нарықтық экономикада ол материалдық және ақша қаражаттарының жалпы айналымына толығымен ықпалдасады (интерграцияланады). Осындай ықпал ету:

1) салық жүйесі арқылы – үй шаруашылықтары салықтар, алымдар, баж салықтарын төлейді және өзге міндетті аударымдар жасайды;

2) мемлекеттік сектордағы қызметкерлерге (жұмыскерлерге) еңбекақы төлеу арқылы;

3) берілетін әртүрлі қоғамдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтер арқылы;

4) мемлекеттік баға белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 408; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты