Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Халықтың өмір деңгейін мемлекеттік реттеу




Кедейлік шегін анықтау және әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін анықтау үшін мемлекеттің әлеуметтік саясатында пайдаланылатын күнкөрістің ең төменгі деңгейі, әлемдік тәжірибедегі халықтың өмір деңгейі индикаторларының бірі болып саналады.

Халықаралық тәжірибеде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің маңызы мен мөлшерін анықтауда, адамның ең төменгі қажеттіліктерін-тұтыну себетін қаржыландыруды болжайтын, тауарлар мен қызметтер көрсетудің қандай да бір ең төменгі деңгейін (минимумын) белгілеуге негізделген тәсіл, барынша көбірек таралған. Ол азық-түлік және азық-түлік емес бөліктерге бөлінеді. Бұл ретте басым көпшілік елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі азы-түлік шығыстарының үлесіне 25-тен 50%-ға дейін келеді.

Тұтыну себетінің (корзинасының) құны нормативтік, статистикалық немесе аралас әдістерімен айқындалады. Халықтың кірістерін ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейін айқындау тәжірибесі дамыған елдерде кең таралған. Батыс Еуропа елдерінің басым көпшілігінде оны есептеуде нормативтік әдіс пайланылады. ТМД елдерінде ол басым түрде қолданылады және ең төменгі тұтыну себетінің (корзинасының) құны теңестіріледі.

Тәжірибе аралас әдісті пайдаланудың артықшылықтарын растайды, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері тамақ өнімдерін тұтыну нормасына және азық-түлік пен азық-түлік емес шығыстар арасындағы белгіленген арақатынасқа қатысты болады.

Қазақстандағы 2005 жылға дейін өмір сүрген азық-түлік пен азық-түлік емес бөлік арасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі 70-тің 30%-ға арақатынасы – халықтың шығыстарының нақты құрылымына жауап бере алмайды. Халықтың түрлі топтары үшін негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың жаңа ең төменгі нормаларын қабылдаудың қажеттілігі пайда болды. Бұл, тамақ өнімдерін тұтынудың, көп жағдайда экономика дамуының дағдарыстық кезеңінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес келетін, қолданылып келген ең төменгі нормаларының, дұрыс тамақтанудың қазіргі заманғы түсінігіне, экономиканың даму қазіргі нақты жағдайларына, демографиялық жағдайдың белгіленген үдерістеріне және елдің азық-түлік нарығының негізгі тамақ өнімдерімен толығу деңгейіне жауап бермейтіндігімен байланысты.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі әлеуметтік индикатор ретінде өзіндік есептеу нүктесі болып саналады, оны халықтың өмір деңгейін бағалау және кедейлікті өлшеу мен жалақының, зейнетақылардың және өзге базалық әлеуметтік төлемдердің ең төменгі мөлшерін негіздеу үшін пайдаланады.

Сондықтан да мемлекеттік әлеуметтік стандаттар, 2006 жылдан ең төменгі күнкөріс деңгейін ескере отырып, ал негізгі әлеуметтік төлемдер мөлшерлері – осы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен емес деңгейде белгіленеді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаудың жаңа тәсілдерінің қабылдануымен байланысты кедейлік шегі де өзгереді. Бұл жерде екі факторды бөліп көрсету қажет. Солардың бірі – халықтың өмір деңгейін бағалау, яғни өмір деңгейін ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың үлес салмағын анықтау. Екінші фактор – бұл әлеуметтік көмек көрсету. Барлық елдер, өздерінің мүмкіндіктеріне қатысты, азаматқа, отбасына әлеуметтік көмек көрсету шегін белгілейді.

Қазақстанда кіріс тұрғысынан кедейліктің бірте-бірте азаюы байқалуда. Бірақта оның деңгейі әлі де жоғары болып қалуда.

Кедейлік себебін үнемі бақылау және оны қысқартуға жекелеген факторлардың тигізетін әсерін бағалау осы процесті басқарылатындай қысқарту жөніндегі баптар бойынша мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Нарық жағдайындағы еңбекке ақы төлеуді реттеудегі мемлекеттің рөлі шектелген. Қазіргі уақытта еңбекке ақы төлеуге ықпал ету заң актілерінің көмегімен немесе салық тетігі арқылы жанама жолмен жүзеге асырылады.

Еңбекақы деңгейінің төмен болуына жол бермеу және халықты әлеуметтік қорғау мақсатында жыл сайын қабылданатын «Республикалық бюджет туралы» Заңда еңбекақының ең төменгі мөлшері мен зейнетақының ең төменгі мөлшері белгіленеді. Барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жұмыс күшін жалдауды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер, жұмыскерлерге ең төменгі белгіленген мөлшерден аз төлеуге құқы жоқ.

Ең төменгі көрсеткіштердің нақты мәні инфляциядан үнемі төмен түсіп отырады. Қазақстан Үкіметі ең төменгі еңбекақы төлеуді құнсызданудан қорғауға біршама ұмтыла отырып, оның мөлшерін мерзімді ұлғайтып отырады.

Бюджеттік ұйымдар бөлінген бюджеттік қаржыландыруға қатысты, жұмыскердің біліктілігі мен орындалатын еңбек міндеттемелерінің күрделілігі негізінде қосымша ақылардың түрлерін айқындайды. Тұтастай алғанда бюджеттік саладағы еңбекақы мөлшері, қаржы-несие мекемелері туралы айтпағанда, өнеркәсіп саласына қарағанда 1,5-2 есе аз.

Өңірлік органдар бюджет саласы қызметкерлерінің әлсіз қамтамасыз етілгендігін ескере отырып, өз бюджетінің мөлшеріне сәйкес оларға қаржылық қолдау көрсетеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 332; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты