Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, оның қажеттілігі




Қоғамдық өндірісті қажетті бағытта дамытуда мемлекет тарапынан оған түзетулер жасап отыру мақсатында мемлекеттік қаржылық бақылау жүзеге асырылады.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке ықпал ету және оның жұмыс істеуінің әрбір нақты кезеңінде қарқынды даму үшін, мемлекеттің шаруашылық субъектілеріне қаржылық ықпал ету формалары мен әдістерін мақсатты бағытталған түрде және дәйекті қолдану процесі.

Келесі негіздер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып саналады.

1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының қолданылу есебі. Өйткені қаржылық реттеу процесі қаржы саясатының субъективті белгіленген бағыты бойынша өтеді және шаруашылық тәжірибесінде оны жүзеге асыру тетігі, осы саясат бойынша іс-шаралар мен оның тетігі, экономикалық заңдар мен оларға сәйкес келетін категорияларда көрсетілген шаруашылық субъектілерінің мүдделері онда толығырақ ескерілгенге қарағанда, неғұрлым пәрменді және тәжірибе (өмір) талаптарына жауап беретін болады. Ал бұған керісінше жағдайда қаржы тетігі формалары мен әдістерінің нақты экономикалық өмірге күшпен тартып алу кері әсері көрініс беретін болады.

2. Оның бүкіл мүшелерінің түбегейлі мүдделерін білдіретін, қоғам дамуының ғылыми негізді стратегиялық бағдарламаларын әзірлеу.

Бағдарлама, мемлекеттің және төмен тұрған құрылымдардың нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтастай және ұзақ мерзімге арналған бағыттарын айқындайды; алды-ала болжап білуге болмайтын мән-жағдайлар бойынша тактикалық сипатта түзетулер жасауға рұқсат етіледі.

3. Халықтың бүкіл жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық кәсіби топтардың мүдделерін еркін білдіру мүмкіндіктері үшін олардың демократиялық институттарын білдіретін көзқарастарды білдірудің демократиялық жүйесінің болуы. Автократиялық басқару формасы волюнтаристік шешімдерді, оларды қоғамның қабылдануымен кері қайтарылуын, орындаудағы бұрмалаушылықтарға жол беруді, мемлекеттік құрылымдар жұмысы тиімділігінің төмендігін туғызады: қоғамның әл-ауқатының сырттай жақсы болып көрінуі тоқырауға, әлеуметтік-экономикалық артта қалушылыққа және дағдарысқа әкеліп соғады.

4. Елде, шаруашылық қызметінде нормаларды, ережелерді бұзушылыққа анық және жедел әрекет ететін, қалыптасқан заңнамалық жүйесінің болуы. Неғұрлым кең мағынасындағы заңнамалық жүйе сөзі «қоғамда адамгершілік ахуалын» қалыптастыруға ықпал етуі тиіс, оның әсері заңнамаларда көрсетілген нормалардағы таза заңдық жауапкершілік шеңберінен (оның ішінде билік құрылымдарының шешімді орындау жауапкершілігінен) шығып кетеді, яғни басқарудың барлық иерархиялық құрылымындағы құзырлық пен тәртіп, басқару сапасы болжанады. 3-тармақта тұжырымдалған алғышарттарсыз аталған жағдайды жүзеге асыру мүмкін емес.

Аталған алғышарттардың 3,4 тармақтарын тұтастай алғанда, «азаматтық қоғамның» болуы, яғни қоғамның барлық мүшелерінің өмірлік қызметі үшін теңдей мүмкіндіктер жасайтын, олардың мүдделері мен әлеуметін ескеретін, бірдей құқықтық қорғау мен жауапкершілікті қамтамасыз ететінін білдіреді.

Нәтижелілік, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақты қорытындысына, оны жүзеге асырудың белгілі бір талаптарын сақтау жағдайында қол жеткізіледі. Ондай талаптарға мыналар жатады:

а) табиғи ресурстарды алудан халықтың сұранымына сәйкес түпкі тұтынушыларға арналған тауарлар мен өнімдер жасауға дейін, технологиялық қайта бөлулер бойынша өндірістің үлкен жиынын бірте-бірте дамыта отырып, экономиканы құрылымдық қайта құру; мұны, ресурстық-технологиялық тепе-теңдікке қол жеткізу, жоғары технологиялы және өмірлік маңызды өндірістерді (отын-энергетикалық, агроөнеркәсіп кешендерін, көлікті, байланысты) ұстап тұру, әскери өндіріс консерсиясын жүргізу деп түсіну керек;

б) барлық басқару деңгейлерінде және барлық меншік нысандарында шаруашылық процестері мен құрылымындағы монополияны жою;

в) нарықтық бастамаларға кең жол ашатын, заңда көрсетілгендерді қоспағанда қызмет түрлерін таңдауда бірдей мүмкіндіктер, коммерциялық қызметке еркіндік беретін барлық меншік нысандарындағы бүкіл шаруашылық субъектілерінің түбегейлі тең құқылығын жасау негізінде бәсекелестікті, кәсіпкерлікті дамыту;

г) осының алдындағы талаптардан мыналар туындайды: мемлекеттің шекараларында, сол сияқты, халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісі артықшылықтары негізінде ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одақтарға бірігетін бірнеше елдердің біртұтас интерграциялық кеңістігі шеңберлеріндегі салалар арасындағы өндірістің қозғалыста болатын факторларының (әртүрлі формадағы капиталдың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттардың, меншік құқықтарының және т.б.) еркін кедергісіз орын алмастыру мүмкіндігі.

Реттеу процесі экономиканың жұмыс істеу жағдайларымен, алуантүрлі объективті және субъективті факторлармен, әртүрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан да осы негіздер бойынша мемлекеттік реттеу жүйесінің аражігін ажырату, типтерге, түрлерге, формаларға жіктеу маңызды болып саналады.

Типтерге мыналар кіреді: экономикалық (олардың қаржы, баға, несие, валюта, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік типтер.

Қаржылық реттеу түрлері: салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-несие, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылықішілік (фирмаішілік, кәсіпорындар, ұйымдар, корпорациялар шегінде және т.б.) түрлерді қамтиды.

Реттеу формалары, қаржылық субкатегорияларының тиісті түрлері үшін сипатты, сол сияқты барлығына ортақ, жоғарыдағы түрлер арқылы өтетін процестерді білдіреді: мысалы, бюджет түрінде – қаржыландырулар (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықтық түрде – тікелей және жанама салық салулар, валюта-қаржы түрінде – сыртқы инвестициялау, сыртқы займдар, сыртқы қарыз формалары болып саналады. Мемлекеттік – несие түрінің формалары алуантүрлі.

Жоспарлау (болжау) жалпы форма болып саналады.

Мемлекеттік сатып алулар реттеудің ерекше формасы болып саналады.

Мемлекеттік сатып алулар – мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың өздерінің иелігіндегі ақшалар есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызмет түрлерін сатып алуы.

Мемлекеттік сатып алулар процесіне мыналар кіреді:

- сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің номенклатуралары мен көлемдерін қалыптастыру;

- өнім берушіні таңдау, мемлекеттік сатып алулар туралы онымен шарт жасасу;

- мемлекеттік сатып алулар туралы шарттарды орындау.

Жекелеген формалар үшін (мысалы, салықтардағы мөлшерлемелер әдісі, займдардағы конверсиялар) өзіндік ерекшелігі болуы немесе бірнеше формаларда (мысалы, бюджеттерде және шаруашылық субъектілерінің қаржылық жоспарларындағы теңгеру әдісі, осы формаларда резервтер құру, әртүрлі формалары мен түрлері үшін индекстеу әдісі және т.б.) пайдалану үшін қолданылуы мүмкін, реттеу әдістері, жіктеу элементтері болып саналады. Әдістер, дербес тәсілдері мен амалдары болып ажыратылады және реттеу жүйесінің неғұрлым қозғалыста болатын, өзгеріп отыратын элементтері болып саналады. Мысалы, салық салуда санкциялар, кірістерді, мүліктерді, активтерді мәлімдеу, жеңілдіктер беру, аванстық төлемдер әдістері қолданылады. Бюджеттік қаржыландыру кезінде – шығыстарды мөлшерлеу, қаражаттардан пайыздық аударымдар жасау, бюджет тапшылығын қаржыландыру әдістері, бюджеттегі артық қаражаттарды пайдалану және т.б. әдістер қолданылады.

Мемлекеттік несие әдістері оқулықтың арнайы тарауында баяндалады.

Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер болып мыналар саналады: валюта бағамы, ақша капиталына пайыздық мөлшерлемелер, халықаралық төлем құралдары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық әдістер.

Реттеудің шаруашылықішілік түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды мөлшерлеу, қаржы қорларына аударымдар жасау нормативтері мен оларды пайдалану әдістері қолданылады.

Мемлекеттік сатып алулар әдістері болып мыналар саналады: ашық конкурс, жабық конкурс, бағалық ұсыныстар сұранымдарын пайдалана отырып, өнімберушіні таңдау ашық тауар биржалары арқылы, өнімберушіні таңдау.

Қаржылық реттеу жүйесінің элементтері - түрлері, формалары, әдістері - қабылданған бағытта экономиканың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге шақырылған. Нарық жағдайында, реттеудің жанама әдістеріне үлкен назар аударылады. Мемлекет, шаруашылық процесінің барлық қатысушыларына ортақ талаптар мен ережелер белгілейді, мысалы, қызметтің басым бағыттары үшін – преференциалды (жеңілдікті) талаптар белгілейді; бұл – салықтар, олардың мөлшерлемелері, қаражаттар аударымдарының мөлшерлері, субвенциялар, жеңілдіктер, тарифтер, белгіленген бағалар, ақша-несие, валюталық, кедендік және әлеуметтік реттеу нормативтері. Әсер етудің осы негізгі индикаторлары негізінде ұсыныс пен сұраныс сипатын туғызатын: еркін бағалар, несиелер үшін пайыздық мөлшерлемелер, валюта бағамы, әртүрлі қорларды қалыптастыру нормативтері және шаруашылық субъектілерінде оларды пайдалану сияқты қайталама, нарыққа бағдарланған элементтер қалыптасады.

Сонымен бірге жанама элементтерді реттеу мемлекет тарапынан, әсіресе белгіленген даму бағытынан елеулі ауытқулар болған жағдайда, тікелей, нұсқаулық әдістермен толықтырылуы мүмкін.

Қолданылатын элементтер – реттегіштер біртұтас экономикалық тетікте күрделі өзарабайланыста қолданылады, сондықтан да мемлекет, қаржы, ақша-несие саясатының бағытын белгілей отырып, қоғамның экономикалық жағдайы мен әлеуметтік ахуалын мұқият ескеру арқылы, экономикалық және әлеуметтік мүдделерге ықпал етудің белгілі бір түрлерін, формалары мен әдістерін таңдау кезінде, қоғам дамуының стратегиялық және жедел жүзеге асырылатын мақсаттарын сенімді түрде айқындай білуі тиіс.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 542; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты