Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржылар




Алуан түрлі жанама, сол сияқты тікелей әдістер мен формаларды қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық процестерге ықпал етуге олардың қаржылық түрлері де кіреді. Осындай ықпал етудің мақсаты, экономикалық өсумен қосарлана жүретін ұлттық шаруашылық эволюциясын қамтамасыз ету, аталған әлеуметтік-экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің белгілі бір уақыт кезеңдерінде әлеуметтік саланың дәйекті бұлжымас дамуын қамтамасыз ету болып саналады.

Макроэкономикалық тепе-теңдік жағдайы төмендегідей аса маңызды экономикалық параметрлерді теңгеруді болжайды:

1) сұраныс пен ұсыныс;

2) тауар және ақша массасы;

3) жинақтар мен инвестициялар;

4) инфляция мен жұмыссыздық;

5) еңбек өнімділігі және еңбекақы төлеу;

6) қоғамның қаржы ресурстары мен әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;

7) мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстары;

8) бюджет тапшылығының мөлшері мен оны жабу көздері;

9) төлем балансының активі мен пассиві.

Аталған арақатынастардың тіпті біреуі бойынша тепе-теңдікке қол жеткізу бір мезгілде бір немесе бірнеше басқаларының балансының бұзылуын туғызатыны анық.

Мұнан өзге, мүдделер, қажеттіліктер мен оның соңында тұрған ірі экономикалық объектілердің: секторлардың, ұлттық шаруашылық салаларының, өңірлердің, шаруашылық кешендерінің болуы мүмкін ресурстарынан тұратын макроэкономикалық деңгейге шығады. Егер осыған, реттеудің жоғарыда айтылған параметрлері мен объектілеріне қажеттіліктер мен ресурстардың компоненттерін интеграциялайтын, шаруашылық жүргізудің одан кейінгі деңгейлерінде қажеттіліктер мен ресурстарды теңгеруді қосатын болсақ, онда толық макроэкономикалық тепе-теңдікке жету мүмкіндігі елеске айналатынына келісуге тура келеді. Аталған кездегі қоғамда әрекет ететін қарама-қайшы күштер мен үрдістердің шаруашылық тәртібі стереотиптерінің, түрлі бағыттағы мүдделердің еріксіз динамикалық тепе-теңдігін көрсететін «тепе-теңсіздіктің қалыпты жағдайы» нақты экономикалық болмысқа (кез келген экономикалық жүйе үшін) тән болып саналады. Осындай көптеген жекелеген жағдайлардың жиынтығы, осы сатыдағы мінсіз тепе-теңдік жағдайынан ауытқитын экономикалық агенттердің мүмкіндіктерін ескере отырып, қажеттіліктерді қанағаттандырудың көп немесе аз дәрежелі бүкіл экономикалық параметрлерінің белгілі бір теңгерілімділігін сипаттайды. Сондықтан да, экономикалық параметрлердің үлкен санының теңгерілімділігін жақсартуға жауап беретін және қоғам ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін, жекелеген тепе-теңдіктің бір жағдайдан екіншісіне экономикалық жүйелердің эволюциясы кезінде ықпал ету формалары мен әдістерін мерзімді өзгертіп отыруды болжайды.

Батыстың қаржы теориясында, ұлттық өнімнің шамасымен өлшенетін, мемлекеттік қаржылардың өндіріске тигізетін әсерін түсіндіру үшін, «мультипликатор» ұғымы пайдаланылады.

Мультипликатор тұжырымдамасы төмендегідей екі әдіс арқылы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) көлемін анықтауға негізделеді:

1) шығыстар бойынша, яғни өндірілген барлық өнімдер массасын сатып алу үшін қажет экономикалық субъектілердің бүкіл шығыстарының жиынтығы;

2) кірістер (немесе бөлу) бойынша, яғни өнімдер өндіруден субъектілер алатын кірістер көзқарасы тұрғысынан.

Бірінші өлшем (критерий) бойынша ЖҰӨ-нің құны мына формула бойынша қалыптасады:

ЖҰӨ = C+I+G+X

мұнда: С – үй шаруашылықтарының немесе елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі;

І – жалпы жекелеген ішкі инвестициялар;

G – тауарлар мен қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу (өндіруді ұлғайтпайтын трансферттік төлемдерді шығарып тастағандағы);

Х – таза экспорт, яғни импорт көлемінен экспорт көлемінің асып кетуі.

Бүкіл кірістер сомасы бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу келесі элементтерді қосу жолымен жүргізіледі:

1) тұтынылған қапиталдың көлемі (амортизация);

2) бизнестегі жанама салықтар;

3) жалданбалы жұмыскерлердің жалақылары;

4) ренталық төлемдер;

5) пайыздар (ақша капиталын берушілерге жеке бизнестен ақшалай кіріс төлеу);

6) меншіктен (жеке салымдардан) алатын кірістер;

7) корпорацияның пайдалары (осы пайдаға салынатын салықтар, дивидендтер, бөлінбеген пайда).

Одан әрі, жалпы ұлттық өнімнен ЖҰӨ мен капталды тұтынуға жасалатын аударымдар немесе амортизациялық аударымдар арасындағы айырма ретінде, таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бөлініп көрсетіледі.

Инфляцияны немесе дефляцияны ескере отырып түзетулер жасалған ЖҰӨ көрсеткіші нақты ЖҰӨ-ні білдіреді.

Кейнсиандық моделдерде өндіріс, кіріс және жұмыспен қамтылу көлемдері арасындағы тепе-теңдік шығыстарда туындайтын өзгерістермен түсіндіріледі. «Өндірістің тепе-теңдік деңгейі» – бұл аталған өнім көлемін сатып алу үшін жеткілікті жалпы шығыстарды қамтамасыз ететін өндіріс көлемі немесе ТҰӨ-нің тепе-тең деңгейі кезіндегі сатылған тауарлардың жалпы саны (ТҰӨ) сатып алынған тауарлардың жалпы санына дәл тең болуы.

Тиісінше, жалпы шығыстардың өндірістің жалпы көлемінен асып кетуі, соңғысының өсуіне әкелуі тепе-теңдіктің бұзылуы болып саналады; жалпы шығыстардың кез келген жеткіліксіздігі ТҰӨ-нің азаюын туғызады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 360; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты