Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Аржы нарықтарының типтері




Экономиканы қаржылық бақылаудың халықаралық теориясы мен тәжірибесінде қаржы нарығының:

- ұйымдасқан;

- ұйымдаспаған екі негізгі формаларының аражігі ажыратылады.

Ұйымдасқан қаржы нарығы – бұл банкілер мен биржалар белгілеген белгілі бір ережелер бойынша жұмыс істейтін нарық.

Ұйымдаспаған қаржы нарығы, өзге каналдар, атап айтқанда, қаржы делдалдары – брокерлер, дилерлер, инвестициялық компаниялар және т.б. арқылы қаржы активтерінің айналым жасау аясын білдіреді. Қаржы нарығы, сол арқылы ақша қаражаттары, жинақтардың меншік иелерінен заемшыларға «құйылатын» көптеген алуан түрлі «каналдардан» тұратын қаржы нарықтары. Бұл каналдар теориялық тұрғыдан төмендегідей екі негізгі топқа бөлінеді:

1-топ – тікелей қаржыландыру каналдары, яғни сол арқылы қаражаттар жинақтардың меншік иелерінен тікелей заемшыларға ауыстырылатын каналдар;

2-топ – жанама қаржыландыру каналдары, яғни сол арқылы қаражаттар отбасы шаруашылықтарынан бағыты бойынша фирмаларға ауыстырылатын, ерекше институттар – қаржы делдалдары арқылы өтетін каналдар.

Олардың құрылымдарын төменгі схемада (3-сурет) беріп отырмыз.

 

 

 

 


3-сурет. Қаржы нарығындағы ақша қаражаттары ағынының бағыты.

 

Жоғарыдағы схемадан көрініп тұрғандай, тікелей қаржыландыруға екі негізгі тәсіл: капиталмен қаржыландыру және займдар алу жолымен қаржыландыру кіреді.

Кәсіпорындағы меншікке үлестік қатысу құқығын беруге айырбасқа инвестицияларды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар сол бойынша ақша қаражаттарын алатын кез келген келісім капиталмен қаржыландыру болып аталады. Займдар алу жолымен қаржыландыруға кәсіпорын соған сәйкес, осы қаражаттарды болашақта аталған кәсіпорындағы меншік үлесіне қатысу құқығы болмаған жағдайда көрсетілген пайызбен төлеу міндеттемесіне айырбасқа инвестицияларды жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарын алатын келісімдер жатады.

Қаржы нарықтарының жіктеуі әртүрлі белгілер бойынша жасалады (1-кесте):


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 207; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты