КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Аржы делдалдары және негізгі қатысушыларыКредиторлардан заемшыларға қаржы ресурстарының қозғалуын, орналастыруын, құйылуын және онымен байланысты қаржы институттарының қызметін қаржы делдалдары деп есептеу қабылданған. Жаңа өндірістік ресурстардың пайда болуына ықпал ете отырып, қаржы делдалдығы экономиканы нығайтып, әл-ауқатты арттырады. Заемшыларға сатып алу күшін қамтамасыз ете отырып, қаржы нарықтары кредиторларға олардың активтері (жинақтары) бойынша кіріс алуға құқық береді. Демек, нақты активтерді тікелей иеленусіз жинақтарды, өнімді пайдалану мүмкін жағдайға айналады. Меншік құқығын және қаржы активтерін басқарудан бас тартусыз кіріс алуға болады және қажеттіліксіз нақты активтердің иегеріне және билік етушісіне айналады. Қаржы делдалдары, қоғамдағы ақша капиталын салааралық және өңіраралық қайта бөлу тетігін қамтамасыз ете отырып, маңызды халықшаруашылығының функциясын орындайды. Капиталдар нарығындағы шаруашылық субъектілерінің өзара іс-қимылы, қаржы делдалдары мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызмет көрсетулері арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық әдебиеттерде қаржы делдалдарының төмендегідей 3 тобы ұсынылады: - депозиттік (жинақ банкілері, несие одақтары); - контрактылық жинақ (сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары); - инвестициялық қорлар (трасталық, қарыз алатын қорлар). Теориялық зерттеулерде қаржы делдалдары банктердің қызметімен өзарабайланыста қарастырылады. Ақша теориясында ақша эмитенттері ретінде банктерге маңызды орын берілген; бұл теория сондай-ақ, қандай банк жүйесі экономикалық қызметті несиелеу мен оның өсу жағдайына жақсы жағдай жасайтыны туралы сұраққа жауап беруге тырысады. Осы сұрақтар Герли және Шоу (Gurley және Shaw 1960) еңбектерінде неғұрлым толықтай баяндалған. Бірақта олардың берілісі басым түрде макроэкономикалық сипатқа ие, бұл ретте қаржы делдалының тәртібі (мінез-құлқы) осындай түрде талданбайды. Ерекше түрде қаржы делдалдарына арналған зерттеулер, шамамен алғанда 1980 жылдардың басына дейінгі кезеңге тән екі моделге, атап айтқанда фирмалардың неоклассикалық теориясы мен портфелдік теорияға сүйенеді. Стандартты макроэкономикалық теория деп аталатын бірінші моделге сәйкес, банк, өз қызметінің оңтайлы тиімділігі негізінде, пайданы арттыру міндетін алдыға қойған кәсіпорын болып саналады. Марковиц (Markowirz, 1959) тұжырымдаған және Шарп (Sharpe, 1970) ұсынған портфелдік теорияға қатысты айтатын болсақ, онда ол, өтімділік коэффициенті туралы көрсетілгендерді сақтау жағдайында, ең жоғары пайданы қамтамасыз ететін активтердің сондай комбинациясын жүзеге асыруға ұмтылатын ұйғарымды тәуекел деңгейін ескере отырып, оны инвестор ретінде қарау кезінде банкке қолданылады. Соған сәйкес оған кіретін институттардың құрамы көзқарасы тұрғысынан қарағанда, банк жүйесін оның функциялары көзқарасы тұрғысынан қарастыру дұрысырақ болатын, Мертон мен Боди (Merton мен Badie, 1995) зерттеулерін атап өтуге болады, өйткені бәсекелестік немесе қаржылық инновациялардың әсерімен өзгеріп отыратын институттардан өзгешелігі, функциялар неғұрлым тұрақты болып саналады. Қаржы нарықтарының негізгі қатысушылары болып мыналар саналады: - инвесторлар, кейіннен пайда алу мақсатымен тиісті нарықтарға бағытталатын, уақытша жұмсалмай жатқан қаржы ресурстарына иелік ететін, мемлекет, заңды және жеке тұлғадар оның рөлінде қатысуы мүмкін; - делдалдар, мамандандырылған қаржы құрылымдары (банктер, сақтандыру компаниялары, қор нарықтарының кәсіби қатысушылары, инвестициялық қорлар және т.б.) оның рөлінде қатысуы мүмкін; - пайдаланушылар, тиісті қаржы нарығында өздеріне қажетті қаржы ресурстарын әртүрлі негіздерде иеленетін және оларды пайдалану құқығын сатып алатын, мемлекет, заңды және жеке тұлғалар оның рөлінде қатысуы мүмкін. Қаржы нарығын тұтастай қарастыра отырып, қаржы нарықтары субъектілерінің толық жіктеуін келесі белгілер бойынша беруге болады (2-кесте). Операцияларға қатысу сипаты бойынша нарық субъектілерін: тікелей және жанама қатысушылар деп екі категорияға бөлуге болады. Қаржы нарығының тікелей қатысушыларына, өз есебінен және (немесе) алғашқының қызмет көрсетуіне лажсыз жүгінетін және биржаның мүшелері болып саналмайтын клиенттердің тапсыруы бойынша, солардың есебінен мәмілелер жасайтын тиісті нарықтардағы биржа мүшелері жатады. Бұл клиенттер жанама қатысушылар категориясын құрайды. Нарықтағы операцияларға қатысу мақсаттары мен мотивтері бойынша нарыққа қатысушылар хеджерлер мен алып сатарларға жіктеледі. Хеджер – бұл, қаржы құралдарына тән бағамдық тәуекелдерді, трансферттер тәуекелін, өз активтерін немесе нақты мәмілелерді сақтандыратын тұлғалар. Алып сатар – базистік активтердің бағамдық құнының айырмасы есебінен пайда алуға ұмтылатын тұлға. Алып сатарлар (спиклянттар), оны кейіннен жоғары (төмен) баға бойынша сату (сатып алу) үшін сатып алу (сату) контрактыларын жасайды. Оларды өз кезегінде трейдерлерге және арбитражерларға бөледі. Трейдер – бір немесе бірнеше контрактылар бағамының өзгеруін пайдалануға тырысушы тұлға. Бұған бағаның көтерілуін күту жағдайында контрактыларды (немесе бағалы қағаздарды) сатып алумен және оның кері қозғалысы жағдайында оны сатумен қол жеткізіледі. Арбитражер - әртүрлі нарықтарда әртүрлі бағамдарды пайдалануға ұмтылатын, әртүрлі нарықтарда бір активті бір мезгілде сатып алу-сату есебінен пайда табатын тұлға. Арбитражер қымбат тұратын биржада активтерді сатады және ол арзан тұратын биржадан активтерді сатып алады. Бағадағы айырма оның пайдасын құрайды.
|