Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Инфляцияның мәні және оның қаржылармен өзара байланысы




Инфляция– бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың жалпы және бірдей емес өсуінен көрінетін, ақшаның құнсыздануы. Инфляция кезінде, қоғамдық өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерден және ақша санының артық эмиссиясымен туындайтын, ақша айналысындағы заңдардың бұзылуы орын алады.

ИнфляцияҚазақстан Республикасында және қалаларында, барлық облыс орталықтарында және аудан орталықтарының таңдаулы топтары бойынша халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алынатын тауарлардың және қызмет көрсетулердің бағаларының жалпы деңгейінің өзгеруін сипаттайтын тұтыну бағасы индексі (ТБИ) негізінде есептеледі. Инфляцияны есептеуге арналған тұтыну қоржыны үй шаруашылығы шығыстарының құрылымын көрсетеді және халық тұтынуында неғұрлым үлестік салмаққа ие болып отырған 508 тауар мен қызмет көрсетуді қамтиды.

Ақшаның құнсыздануы мынадай факторлардан туындайды:

1) айналысқа ақшаны артық шығару;

2) қолайсыз төлем балансы;

3) үкіметке сенімді жоғалту.

Инфляцияның болуын қаржылар проблемаларымен байланыстыру қажет, өйткені инфляция құбылысы қаржы факторларына қатысты болады;

белгілі бір салық формалары мен әдістерін қолдану;

инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландыру көлемдері;

мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу тәсілдері;

мемлекеттік қарыз көлемдері.

Иә, тұтастай алғанда қаржы жүйесінің жұмыс істеу тиімділігі, оның институттары жұмысының жаттыққандығы ақша айналымының жылдамдығына, ақша айналысының жағдайына әсерін тигізуі мүмкін.

Қарсы материалдық эквивалентті болжамайтын мемлекеттік қаржылар аясындағы қаржылық қатынастардың өзіндік ерекшелігі, бастапқы бетте инфляцияның генерация жасау мүмкіндігіне негіз болады. Қаржылар дағдарысы, мемлекеттік шығыстарды көбейту қажеттілігі (әсіресе өндірістік емес салаларда,), бұл мүмкіндікті нақты шындыққа айналдырады.

Қаржылар мен инфляция өзара тәуелді. Қаржылар инфляциялық процестерді жеделдетушіге айналғанда, инфляция да қаржылық қатынастарға әсерін тигізе бастайды. Ақшаның құнсыздануы мен бағалардың көтерілуі бюджет шығыстарының көбеюіне, мемлекеттің нақты шығыстарының кемуіне, салық ауыртпалығын күшейтудің қажеттілігіне, мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан туындайтын мемлекеттік қарыздың өсуіне әкеледі. Инфляцияның жоғары қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салық кірістері мен займдар белгілі бір уақыт аралықтарында түседі, сондықтан да, құнсызданады. Мемлекеттік қарыз проблемасы да осыған ұқсас асқына түседі, өйткені займдар тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын ссудалық пайыз деңгейінен ерексіз жоғары көтереді. Қаржылық қатынастар мен инфляциялық процестердің бір бағыттағы келеңсіз сипаты бір-бірін толықтыра отырып экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге әкеледі.

Инфляция бағалар индексімен: аталған уақыт кезеңіндегі қызмет көрсетулер мен тұтынуға арналған тауарлар жиыны үшін бағалар сомасының арақатынасымен және базалық кезеңдегі осындай жиынның (салыстыру үшін тауарлардың бастапқы жиыны таңдалуы мүмкін) сомасымен өлшенеді. Бүкіл тауарлар бағасының динамикасы бағалардың ортақ жиын индексімен өлшенеді; өлшеу үшін, сондай-ақ бағалардың топтық индексі, мысалы көтерме бағалар индекстері қолданылады. Инфляция қарқынының көрсеткіші есепті және базалық кезеңдер инфляциялары индекстерінің арақатынасымен өлшенеді.

Қазақстандағы тұтыну тауарларының бағалары мен қызмет көрсету тарифтері оның алдындағы жылға келесі түрде (рет) өсті:

1—9-1; 1992-2,5; 1993-30,6; 1994-22,7; 1995-1,6; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998-1,07; 1999-1,18; 2000-1,1; 2001-1,06; 2002-1,07; 2003-1,068; 2004-1,069... 2012 жылғы 1-тоқсанда инфляция 1,1% деңгейінде қалыптасты (2011 жылғы 1-тоқсанда – 3,7%), 2012 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 4,6% құрады (2011 жылғы желтоқсанда – 7,4%).

Егер жарты жыл ішінде және инфляция қарқыны айына 50% (немесе аптасына 11,5%-ды құраса, онда мұндай деңгей гиперинфляцияға сәйкес келеді. Осылайша, Қазақстандағы бұл деңгей 1992-1995 жылдары түбегейлі түрде жоғары болды.

Монетарлық факторлардың инфляциялық үдерістерге ықпал етуі төмен болып қалуда. Мәселен, ақша массасының 2012 жылғы 1-тоқсанда өсуі 5,6% құрады, қолма-қол ақшаның көлемі 4,2% азайды, ақша базасы 15,7% кеңейді.

Экономикадағы инфляциялық қысым сондай-ақ елдегі іскерлік белсенділіктің объективтік өсуі негізінде сақталуда. 2011 жылы Қазақстанның ЖІӨ нақты өсуі 7,5% құрады, әлемдік дағдарыс жағдайында бұл дамудың барынша жоғары қарқыны. Ауыл шаруашылығы, сауда және байланыс сияқты салалар өндірістің өсу көшбасшысы болды.

Инфляция түрлері келесі өлшемдер (критерийлер) бойынша ажыратылады:

Бағалардың өсу қарқыны бойынша:

баяу – баға жылына 10%-ға дейін өскенде;

алашапқын (галапирующая) – бағалар 100% шегінде өскенде;

гиперинфляция – бағалар жүздеген пайыздарға өскенде;

теңестірілімдік дәрежесі бойынша бағалардың өсуі:

теңестірілмеген - әртүрлі тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалар бірдей емес түрде өскен кезде;

шыққан немесе пайда болған жері бойынша – импортталған және экспортталған;

алдын-ала болжап білушілік дәрежесі бойынша:

күтілетін және күтілмейтін инфляция;

сондай-ақ инфляциялық процестің бірдей еместігімен сипатталатын, сатылы инфляция, бағалар шамалы түрде өсетін немесе өзгеріссіз қалатын, бірақ та тауарлар тапшылығы күшейетін, жасырын инфляция болып ажыратылады.

Тәжірибеде инфляцияның екі типі: сұраныс инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) мен шығындар (өндірушілер инфляциясы) инфляциясы болып бөлінеді.

Бірінші жағдайда ол, өндіріс көлемі өзгермеген немесе кеміген кездегі заңды және жеке тұлғалардағы ақша массасының көбеюімен байланысты, өнімдер мен тауарларға және қызмет көрсетулерге сұраныстың жоғары болу салдары болып саналады.

Екінші жағдайда, еңбек ақы төлеуге, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді көбейтуге шаруашылық субъектілері шығындарының өсуі, тұтынатын шикізаттарға, материалдарға бағалардың өсуі, қызмет көрсетулерге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа) тарифтердің көтерілуі инфляцияны туғызады.

Нақты экономикалық өмірдегі инфляцияның осы түрлері және солармен ілеспелі оның салдарлары бір-бірімен алмакезек қабаттасып өріліп отырады, инфляциялық спираль туғыза отырып, бір-бірін толықтырады, яғни өндірістің тұтынылатын компоненттеріне және еңбекақыға бағалардың өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі, оны тұтыну экономиканың салалас салаларында материалдық шығындар мен жалақының қосымша өсуін талап ететін, шығарылатын өнімдер құнының көтерілуіне әкеледі және ол шексіз өсе береді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 291; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты