КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Елдің төлем балансы, оның ерекшеліктері мен динамикасыТөлем балансы халықаралық есеп айырысулар баланстарында жетекші орын алады. Ол мемлекеттердің сыртқы экономикалық байланыстар сипаты мен құрылымдарын, ауқымдарын сандық және сапалық тұрғыдан көрсетуді білдіреді. Төлем балансы – бұл аталған елдің шетелде өндірген (алған) төлемдер сомасының арақатынасы және белгілі бір уақыт кезеңі үшін шетелден ол алған түсімдер. Төлемдер балансы – бұл белгілі бір уақыт аралығында аталған елдің, әлемнің қалған елдермен шаруашылық операцияларын жинақтап көрсететін көрсеткіштер жүйесі. Оған мынадай бөлімдер кіреді: 1. Ағымдағы есеп (счет), экспорт және импорт тауарлармен; жүктерді тасымалдау қызметтерін көрсетумен, байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты операцияларды; техникалық көмекті; займдардан алған кірістерді; трансферттерді; гуманитарлық көмекті көрсетеді. Капиталмен жасалатын операциялар есебі – тікелей және шетел инвестицияларын тартуды немесе шетелге капиталдардың жылыстауын; портфелдік инвестицияларды; коммерциялық несиелерді көрсетеді. Резервтік активтердің позицияларына монетарлық алтын, қарыз алудың арнайы құқықтары, шетел валютасындағы талаптар кіреді. Таза қателіктер мен қалдырып кетулер «көлеңкелі бизнесті» қоса алғанда, резидентеместермен ресми есепке алынбаған операцияларды сипаттайды. Онда қаражаттар ағынының кезең ішіндегі олардың өзгеруінің (қорлар және жинақтар емес) онда көрсетілуі, төлем балансының ерекшелігі болып саналады. Ұлттық және ұлттық бағалы қағаздарды шетел валютасына сату төлем балансының қосымша құралы болып саналады. Төлем балансының жағдайы бірінші кезекте сауда балансының тапшылығымен айқындалады. Сондықтан да, тауарлар экспортын кеңейту және факторлық және факторлық емес қызметтер көрсету есебінен төлем балансын сауықтыру сыртқы экономикалық қызметтегі мемлекеттің іс-қимылының бірінші кезекті мақсаты болып саналады. Осындай міндеттерді шешу ұлттық шаруашылықты тұтынушы экономиканың орнына «өндіруші типтегі» арнаға қайта бағдарлау, шикізат секторындағы ғана емес, сонымен бірге салалар өнімдері бойынша экспорт әлеуетін өрістетуде маңызды түрде күш жұмылдыруды талап етеді. Халықаралық есеп айырысулардың төлем балансының теңгермешілдік міндеттері мемлекеттің экономикалық саясатының басты мақсаттарының қатарына кіреді. Төлем балансын реттеудің халықаралық құралдарына – экспорттық несиелердің талаптарына келісу, екі жақты үкіметтік несиелер, СВОП келісімдері бойынша ұлттық валютадағы бағалы қағаздармен берілетін қысқа мерзімді өзара несиелер, халықаралық валюта-несие және қаржы ұйымдарының несиелерін жатқызуға болады. Төлем балансын реттеу, экономикалық саясаттың өзге формаларымен үйлесімдегі жүйелік сипатты білдіреді.
|