КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сыртқы экономикалық қызмет түрлері. ҚРсыртқы экономикалық қызметінің ерекшеліктері және оны дамыту перспективаларыҚазіргі кезеңде бірде-бір ел, санқырлы түрде көрінетін сыртқы экономикалық байланыстарсыз дами алмайды. Бұл әлемдік қауымдастықтағы айырмашылықтармен, ықпалдасумен және саясат мақсаттарымен айқындалады. Сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады: 1. сыртқы сауда; 2. шетелдердің инвестициялауы; 3. халықаралық қаржы-несие ұйымдарына қатысу; 4. ғылым, техника, мәдениет, туризм саласындағы ынтымақтастық; 5. шетелдердегі елшіліктерді, консулдықтарды және өзге қызметкерлерді ұстап тұру бойынша есеп айырысулар жүргізу. Сыртқы экономикалық байланыстардың жоғарыда айтылған түрлерін дамыту мемлекеттің шетелдермен валюта қаржылық есеп айырысу және несие қатынастарының негізі болып қаланған. Әртүрлі мәселелермен елден тысқары жерлерге шығатын жекелеген акционерлік кәсіпорындар, өзге формалар мен ұйымдар, мемлекеттің өзі сыртқы экономикалық байланыстарға қатысады. Сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру кезінде ел, экспорттаушының немесе импорттаушының кредиторы немесе борышқоры жағдайында қалуы мүмкін. Капиталды сыртқа шығаруы немесе капиталды елге әкелуі мүмкін. Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының белсенділігі елдердің қаржыларынан көрінетін болады. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің аса маңызды аспектісі – республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел инвесторларының қатысуы және шетел несиелерін тарту болып табылады. Бұл қаражат халық шаруашылығының құрылымдарын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, нарықты тұтыну тауарларымен толтыру және экспорт әлеуетін кеңейту үшін мақсатты бағытталған түрде және тиімді пайдалануы тиіс. Шетел капиталы елге үш әртүрлі формада: несие, ресми көмектер, әртүрлі инвестициялар түрінде келіп түседі. Қазақстан ХВҚ, ХҚДБ, Халықаралық қаржы корпорациясының мүшесі болып саналады, ЕҚДБ, АДБ-мен және т.б. байланыстар жасайды. Осы айтылғандармен байланысты республика жоғарыда айтылған, өзі мүшесі болып саналатын ұйымдардың бүкіл міндеттемелерін өзіне қабылдайды. Халықаралық қаржы ұйымдарына қатысу міндеттерінен туындайтын мүшелік жарналар, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Сыртқы экономикалық қызметті қайта құру көптеген шаруашылық заңдарында қаланған. Нарықтық экономика, әлемдік экономикамен өзарабайланыста дамитын ашық үлгідегі экономиканы қалыптастыруды талап етеді. Сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясаты, ең алдымен, экономиканы көтеру үшін қаржы көздері мен ресурстарын іздеуге бағытталған. Және бұл жерде, ел үшін шығындарға жол бермеу және әріптестерге көбірек тәуелді болмау мақсатымен сыртқы экономикалық қызметті реттеу тетігіне маңызды орын беріледі.
|