КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сыртқы экономикалық қызметті реттеу формалары мен әдістеріСыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеуге тікелей және жанамаалуантүрлі тәсілдер кіреді. Лицензиялар мен квоталарды реттеудің әкімшілік формалары тікелей тәсілдерге жатқызылады, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік монополия орнатылуы мүмкін. Экспорт пен импортты лицензиялау және квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулілігі жағдайында ішкі нарықты толтыру және тұрақтандыру мақсаттары үшін уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Лицензия- өнімдер мен тауарларды әкелу немесе сыртқа шығару үшін құзырлы мемлекеттік органдар беретін рұқсат. Квота – сыртқы сауда қызметіне арналған, өндіру көлеміндегі бөлігі, үлесі. Жанама және экономикалық реттеу әдістері дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сәйкес келетін және неғұрлым пәрменді әдістер болып саналады. Оған салықтар, кедендік баж салықтары, валюта бағамдары, әлемдік бағалар, сыртқы несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, өзге бағалы қағаздардың және төлем құралдарының бағамы жатады. Салықтар сыртқы экономикалық қатынастардың маңызды реттегіші болып саналады. Валюта бағамы – бұл, өзге елдердің ақша бірліктерінде көрсетілген, бір елдің ақша бірліктеріндегі баға. Валюта бағамының қолданылуы тауарлармен және қызмет көрсетулермен халықаралық сауда жасау кезінде, капиталдар мен несиелердің қозғалуы, әлемдік және ұлттық нарықтардың бағасын салыстырған формалар мен банктердің шетел валютасындағы шоттарын мерзімді қайта бағалау кезінде валюталарды өзара айырбастау қажеттілігімен туындайды. Валюта бағамы, экспорт пен импорт көлеміне әсерін тигізеді, өз кезегінде қаржы құралдары салықтар – экспорт және импортқа, кеден баж салықтарына әсерін тигізеді, алынатын және бөлінетін қаржы ресурстарының көлеміне ықпал етеді. Кеден кодексі, кеден аумақтарының, кеден баж салықтары мен алымдарының біртұтастығы негізінде кеден ісінің принциптерін белгілейді. Кеден баж салықтары – кеден тарифтерінде көзделген мөлшерлемелер бойынша ұлттық шекара арқылы алып өтетін тауарлардан мемлекет алатын салықтар. Кеден тарифі ішкі нарықтағы шетелдік бәсекелестікті реттейді. Қазақстанда импорттық (әкелінетін) маусымдық, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баж салықтары қолданылады. Импорттық-кеден тарифі сыртқы сауданы реттеу, импорт саясатын тиімді жүзеге асыру, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын мемлекеттік бюджет кірістерін көбейту үшін қолданылады. Маусымдық кеден баж салықтары: 1. елге тауарлар әкелу, отандық осындай тауар өндірушілерге шығын әкелу қауіп-қатерін төндіргенде; 2. сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушыларға қатысты ескерту шаралары ретінде, адал емес бәсекелестіктің жолын кесу шарасы ретінде қолданылады. Демпингке қарсы баж салықтары, ел аумағына тауарларды, экспорттаушы елдегі бәсекелестік бағаға қарағанда, неғұрлым төмен бағалар бойынша әкелген жағдайларда қолданылады. Өтемақылық баж салықтары: 1. тауарларды әкелу кезінде, өндіру немесе экспорттау кезінде субсидиялар пайдаланғанда; 2. өндіру кезінде тікелей немесе жанама түрде субсидиялар пайдаланған тауарларды, елдің кеден аумағынан тыс жерлерге шығару кезінде қолданылады. Импорттық – кеден баж салықтары жүйесі ұлттық өндірісті шетел өнімдерінің басқыншылығынан (экспансиясынан) қорғайды. Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік-тарифтік реттеу жүзеге асырылады.
Мемлекеттің, жергілікті билік пен басқару органдарының, шаруашылық субъектілерінің валюталық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану Мемлекеттің, мемлекеттік емес сектордың валюталық ресурстары валюталық операциялар жасау кезінде қалыптасады және пайдаланылады. Валюталық операциялар – бұл меншік құқығының валютаға, бағалы қағаздарға, шетел валютасындағы төлем құралдарына өтуімен және оны төлем құралы ретінде пайдаланумен, елдің шекарасы арқылы валюталық құндылықтарды әкелумен және сыртқа шығарумен, қайта жіберумен байланысты мәмілелер. Валюталық операциялар капиталдың қозғалуымен байланысты операциялар мен ағымдағы операцияларға бөлінеді. Ағымдағы операцияларға мыналар жатады: 1. тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар (төлемдерді кейінге қалдырусыз); 2. 180 күннен асатын мерзімге экспорттық-импорттық мәмілелерді несиелеу бойынша есеп айырысулар; 3. 180 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу; 4. дивидендтерді аудару және алу, ол бойынша, инвестициялар, ссудалық операциялар бойынша пайыздар; 5. сауда сипатындағы емес аударымдар: гранттар, мұрагерлік сомалары, жалақы, зейнетақылар және т.б. Капиталдың қозғалуымен байланысты операцияларға мыналар жатады: 1. инвестициялар; 2. қозғалмайтын мүлікке мүлікпен және өзге тауарлармен төлем жасау; 3. 180 күннен асатын мерзімге экспорттық-импорттық мәмілелерді несиелеу бойынша есеп айырысулар. Валюталық операциялар сыртқы экономикалық қызметтің барлық түрлері: экспорттық, қызметтер көрсету, капиталды инвестициялау, халықаралық мемлекеттік және коммерциялық несие беру, экономикалық көмектер көрсету кезінде жасалады. Жоғарыда айтылған сыртқы экономикалық қызмет түрлерінің басым көпшілігі валюталық резервтерді ұдайы өсіріп отырады. Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі болып саналады және орталықтандырылған (мемлекеттік) және орталықтандырылмаған (кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің ресурстары) ресурстарға бөлінеді. Экспортқа шығарылатын өнімдерден алған валюталық түсімдер барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың валюталық ресурстарының негізгі көзі болып саналады. Банктердің валюталық несиелері кәсіпорындардың валюталық ресурстарын қалыптастырудың келесі көзі болып қатысады. Мемлекеттің валюталық ресурстары: · экономиканың мемлекеттік секторындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өнімдерін, тауарлары мен қызмет көрсетулерінен алған түсімдер; · кеден шекарасы арқылы тауарларды және жүктерді алып өту операцияларын ресімдеу кезіндегі шетел валютасымен төленетін кеден баж салықтары, төлемдері; · сыртқы экономикалық сипаттағы басқа операциялар мен келісімдерге, мәмілелерге, контрактыларға қатысушы шетелдіктер төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдер; · оларды шетел валютасымен төлеу кезінде валюта заңдарын бұзғаны үшін айыппұлдар мен өсімдер (пени); · шетмемлекеттердің, банктердің және халықаралық қаржы ұйымдарының несиелері мен займдары; · гранттар мен өтеусіз көмектерден келіп түскен түсімдер есебінен қалыптасады. Валюталық ресурстар үкіметтің иелік етуі үшін топтастырылады және төмендегідей әртүрлі бағыттарда қолданылады: 1. Ұлттық банк «валюталық басқыншылықтарды (интервенциялар)» жүзеге асыру үшін – реттелетін деңгейде, ұлттық валюта бағамын ұстап тұру мақсатында валюталарды сату; 2. Қаржы министрлігі займдар туралы келісімдермен белгіленген мерзімдерде оны өтеу кестесіне сәйкес берешектерді жабу үшін; халықаралық ұйымдарға мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктің, консулдықтардың, өкілдіктердің жұмыстарын қаржыландыру үшін; 3. Үкіметтік органдар, мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру – тауарлар мен бірінші қажетті заттар импорты бойынша; шикізат пен отын; техникаларды орталықтандырылған түрде сатып алу; 4. Жергілікті басқару органдары, коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік емес аяның қажеттіліктерін, жергілікті инфрақұрылымдардың дамуын қамтамасыз ету үшін. Үлестік негіздерде (акционерлік, бірлескен, кооперативтік) іс-қимыл жасайтын кәсіпорындар үшін валюталық ресурстарды толықтыру, осы шаруашылық құрылымдарына қатысушылардың валютасында қосымша салымдар есебінен қол жеткізілуі мүмкін. Сақтандыру өтемдерін, шарттарды валютамен орындамағаны үшін өтемақылар валюта қаражаттарының түсетін маңызды көзі болып саналады. Валюталық ресурстар: · әлемдік нарықтарда жұмыс жасайтын кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін өрістету үшін; · импорт алмастыратын өнімдер өндіруді ұйымдастыру үшін; · валюталық несиелерді және ол бойынша пайыздарды өтеу үшін; · шетел компаниялары мен фирмалардың бағалы қағаздарын сатып алуға салымдар жасау үшін; · кәсіпорынның ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында шетел валюталарын сатып алу үшін кәсіпорындарда пайдаланылатын, валюта қорларын құрудың басты көздерінің бірі болып саналады.
|