КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Аржы нарығының құрылымы және оның сегменттеріҚаржы нарығы туралы неғұрлым толық түсінік алу үшін оның құрылымы мен негізгі элементтерін қарастыру қажет. Қаржы нарығына ақша нарығы, капиталдар нарығы және бағалы қағаздар нарығы кіреді (1-сурет). Ақша нарығында мерзімі бір жылдан аз қысқа мерзімді қаржы құралдары айналым жасайды. Капиталдар нарығында ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналым жасайды. Бағалы қағаздар нарығы ақша нарығы мен капиталдар нарығының бір бөлігі болып саналады, өйткені онда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналым жасайды.
1-сурет. Қаржы нарығының құрылымы.
Ақша нарығына, қол (нақты) ақша нарығы, қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер нарығы, қысқа мерзімді коммерциялық векселдер нарығы, қысқа мерзімді несие ресурстары нарығы және қысқа мерзімді несиелер нарығы сияқты сегменттер кіреді. Атқаратын қызметіне байланысты ақша нарығына заемшының ағымдағы қызметін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын қысқа мерзімді ссудаларды; капиталдар нарығы саласына жататын өндірісті кеңейту және жаңғырту (модернизациялау) үшін пайдаланылатын ссудаларды ғана жатқызуға болады. Яғни ақша нарығы оның қатысушыларының қысқа мерзімді қажеттіліктеріне, ал капиталдар нарығы – олардың ұзақ мерзімді позицияларына қызмет көрсетеді. Капиталдар нарығында мерзімі бір жылдан жоғары ақша ресурстары тартылады. Осы сегментте айналым жасайтын қаржы құралдарын ұзақ мерзімді және орта мерзімді несиелерге және орта мерзімді және ұзақ мерзімді сипаттағы бағалы қағаздарға – облигацияларға және акцияларға бөлуге болады. Уақытша жұмсалмай жатқан ресурстарды шоғырландыру және оларды инвестициялау қаржы нарығында бағалы қағаздардың – онымен байланысты мүліктік құқықтарды көрсететін, нарықта дербес айналым жасап, сатып алу-сату және өзге мәмілелердің объектісі болуы мүмкін ерекше құжаттардың айналым жасауы арқылы жүзеге асырылады. Бағалы қағаздар нарығы, меншік қатынастары жүзеге асырылатын, экономикалық өсудің қаржы көздері қалыптасатын, инвестициялық ресурстар шоғырландырылатын аяны білдіреді. Қаржы нарығының аталған сегменті нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес инвестициялық ресурстарды қайта бөлуді жүзеге асырады, оларды неғұрлым табысты және перспективалы экономика салаларына шоғырландыруды қамтамасыз етеді, экономика құрылымдарын қалыптастыруға оң ықпал етеді, сондай-ақ экономикалық жүйенің барлық субъектілеріне ақша капиталын алуға қол жетімділікті арттырады және жеңілдетеді. Осылайша, бағалы қағаздар нарығы, жинақтарды инвестицияларға неғұрлым тиімді тәсілмен трансформациялайтын қаржы арнасы болып саналады. Соған сәйкес қаржы нарығына айналымдағы қол ақшалар нарығы, ссудалық капитал (несие нарығы) нарығы және қор нарығы кіретін, қаржы нарығының құрылымын айқындауда өзге позиция қолданылады (2-сурет).
2-сурет. Қаржы нарығы және оның сегменттері
Ақша нарығы, қол ақша ғана емес, сонымен бірге қол ақшасыз төлем құралдары кіретін төлем құралдары нарығын білдіреді. Несие нарығы банктердің несие қатынастарымен байланысты. Бағалы қағаздар нарығы, бағалы қағаздардың қозғалысымен орталанған экономикалық қатынастарды білдіреді. Қаржы нарығын кең мағынасында түсіндірген кезде, оған сақтандыру нарығы, несие нарығы, ақша нарығы, бағалы қағаздар нарығы, валюта нарығы, зейнетақы активтері нарығы, инвестициялық нарық және т.б. кіреді.
|