Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Р сақтандыру нарығының институционалды құрылымы




Сақтандыру нарығы – бұл сатып алу-сату объектісі болып сақтандыру қызметі табылатын, оған сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі. Сақтан­дыру на­рығы дамуының объективті негізі – алдын-ала болжал­ма­ған жа­ғымсыз жағдайлар оқиғасында зардап шеккен шаруашылық­тар мен азаматтарға ақшалай көмек көрсету мен қалыпты ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ету қажеттілігі.

Сақтандыру нарығын сақтандыру қызметтерін көрсетуге қаты­са­тын сақтандыру ұйымдарының (сақтандырушылар) жиынтығы ре­тінде де қарастыруға болады.

Қызмет көрсететін сақтандыру нарығы өзіне әр түрлі құрылымдық буындарды қосатын күрделі жүйені білдіреді. Сақтандыру на­ры­ғы буындарының бірі болып сақтандыру компаниялары сана­ла­ды. Тек сақтандыру компаниясында ғана қоғамның сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету мақсатымен, сақтандыру қорын пайдалану және құру процесі жүзеге асырылады.

Сақтандыру нарығының құрылымын институционалдық және аймақтық аспектілерде қарастыруға болады.

Институционалдық аспектіде ол акционерлік, корпоративтік өзара және мемлекеттік сақтандыру компаниялары ретінде бе­рілген. Аймақтық аспектіде жергілікті (аумақтық), ұлттық (ішкі) және әлемдік (сыртқы) сақтандыру нарықтарын алып көрсетуге болады.

Сақтандыру қызмет көрсетуіне сұраныс пен ұсыныс масш­та­бына байланысты ішкі, сыртқы және халықаралық сақтандыру нарықтары деп қарастыруға болады.

Сақтандыру нарығы – бұл сақтандыру қатынасының нақты қатынасушылары қызмет көрсететін ауқымды экономикалық кеңістік:

- сақтандыру қызметін көрсететін сатушылар;

- көрсетілетін сақтандыру қызметтерін сатып алушылар;

- сақтандыру делдалдары;

- қоғамдық бірлестіктер.

Сақтандыру қызметін көрсететін сатушылар – бұл тікелей сақтандыру компаниялары (сақтандыру қоғамы, сақтандыру ком­паниясы), яғни сақтандыру операцияларын жүргізетін ма­ман­­дандырылған ұйымдар. Тек қана солар сақтанушы залал­да­рын өтеу үшін белгіленген сақтандырудың резервті қорын құруды жүзеге асырады.

Сақтандыру компаниялары келесі түрде жіктеледі:

- құралдар бойынша: меншік, акционерлік, өзара мемле­кет­тік;

- орындалатын операциялар сипаты бойынша: маман­дан­дырылған (жеке немесе мүлікті), әмбебаптық және қайта сақтандыру;

- қызмет көрсету аймағы бойынша: жергілікті, аумақтық, ұлттық және халықаралық;

- жоғары капиталының шамасы және сақтан­дыру төлемдерінің түсу көлемі бойынша, сондай-ақ сақ­тандыру нарығында олардың орындарын анықтайтын басқа техникалық экономиканың көрсеткіштері бойынша; ірі, орта және ұсақ.

Акционерлік сақтандыру қоғамы – акциялардың сатылуы арқылы ақша қаражаттарының орталықтандырылуы негізіндегі сақтандыру қорының ұйымдастырылу формасы. Акционерлік сақтандыру қоғамы басқармасының жоғарғы органы болып ак­ционерлердің жалпы жиналысы саналады.

Өзара сақтандыру қоғамы – олардың мүшелерінің пайы арқылы қатысушымен қаражаттарды орталықтандыру негі­зін­де­гі сақтандыру қорының ұйымдасу формасы. Өзара сақтандыру қоғамының қатысушысы бір мезгілде сақтандырушы және сақ­танушы ретінде қатысады. Өзара сақтандыру қоғамының жо­ғар­ғы органы болып олардың мүшелерінің жалпы жиналысы сана­лады.

Мемлекеттік сақтандыру компаниясы – мемлекетпен негіз­делген сақтандыру қорының құқықтық ұйымдасу формасы. Мемле­кет­тік сақтандыру компанияларын ұйымдастыруы мемлекет жағы­нан құру жолымен немесе акционерлік сақтандыру компания­ла­рын мемлекет қарамағына алу жолымен және олардың мүлік­те­рінің мемлекет меншігіне айналу жолымен жүзеге асырылады.

Қайта сақтандыру компаниялары– сақтандыру ұйымдарымен салыстыру бойынша жоғары тұрақтылыққа, меншікті жарғы ка­питалының үлкен көлеміне, үлкен ресурстарына, шаруашы­лық­тың әр түрлі салаларында инвестицияланған ие мамандан­ды­рылған ұйымдар.

Сақтандыру қызмет көрсетуінің сатып алушылары болып сақтанушылар саналады.

Қазіргі жағдайда сақтандыру қызмет көрсетулерін қолда­на­тын нарықтың шарттын екі сегментке бөлуге болады: жеке тұлғалар жә­не заңды тұлғалар нарығы.

Заңды және жеке тұлғалар нарықтары әр түрлі (сақтандыру түр­лерінің психологиялық нұсқаулары бойынша), олардың жалпы ерекшеліктері болса да сақтандыру компаниясының кез келген клиенті аз шығын кезінде де жеке басын сақтандырғысы келеді.

Сақтандыру делдалдарына жататындар:

- сақтандыру агенті – бұл бір компания талабы бойынша және оның атынан жұмыс іс­тей­тін өкіл;

- сақтандыру брокері – бұл өз атынан шығатын, сақтан­ды­рушы мен сақтанушы арасындағы тәуелсіз делдал (жеке және заңды тұлға);

- сақтандыру полисін таратудың баламалы жүйесі – бұл сақтандыру агенті ретінде шығатын заңды тұлғалардың жиынтығы (танысу бюросы, саяхат агенттігі, заңдылық консультация, нотариалдық кеңселер).

Қоғамдық бірлестіктерге сақтандырушылардың қауымдас­ты­ғы, сақтандырушылар одағы, сюрвейерлер институты, рейтинг­тік, кеңес беру агенттігі және басқалар.

Сақтандыру нарығы және жеке (жеке меншік) сақтандыру сомасын қамтиды және сақтандыру компаниясы мен олардың клиенттері арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді. Сақтандыру нарығының ерекше тауары болып сақтық қорғаныс – сақтандыру ұйымдарымен ұсынылатын қызмет саналады. Кез келген тауар сияқты сақтандыру қызмет көрсетуінің тұтынушылық құны бар.

Тұтынушылық құны сақтандыру қызметінің мәні сақтандырушылық қорғанысты қамтамасыз етуде. Сақтандыру оқиғасы болған жағдайда бұл сақтандыру қорғанысы сақтандыруды өтеу немесе сақтандыруды қамтамасыз ету формасында материалданады.

Сақтандыру қызметінің құны немемсе оның бағасы, сақтанушының сақтандырушыға төлейтін сақтандыру сыйақысында көрсетіледі. Сақтандыру сыйақысы сақтандыру келісім шартына қол қою кезінде бекітіледі және егер келісім шарттың шарттарымен қарастырылмаса, қызмет көрсетумерзімі ішінде өзгеріссіз қалады. Сыйақы салыстырмалы түрде белгілі бір база негізінде есептеледі, база ретінде келісім шарт бойынша сақтандыру сомасы саналады. Сақтандыру сыйақысы үлесінің базаға қатынасы сақтандыру тарифін береді. Сақтандыру тарифы 100 немесе 1000 ақшалай бірлік есебіндегі пайызбен анықталады. Сақтандыру сыйақысының мөлшері келесі жағдайлар үшін жеткілікті болу керек:

- сақтандыру кезеңі аралығында күтілетін шағымдарды жабуға;

- сақтандыру резервтерін құруға;

- сақтандыру компаниясының ісін жүргізудегі шығындарын жабуға;

- табыстың белгілі бір мөлшерін қамтамасыз етуге.

Сақтандыру қызметінің бағасы, кез келген нарықтық баға сияқты сұраныс пен ұсыныстың әсерінен құбылып тұрады. Бағаның төменгі шегі сақтанушылардан келісім шарт бойынша сақтандыру төлемдерінен түсетін төлемдер арасындағы тепе-теңдік пен сақтандыру компаниясының шығындарына қосу арқылы анықталынады. Табыстар мен шығыстардың эквиваленттілігі сақтандыру іс-қызметінің шығынсыздығының шарты болып табылады. Алайда осылай бола тұра сақтандыру компаниясы сақтандыру операциялары бойынша ешқандай пайда алмайды.

Сақандыру тарифтерінің жалпы деңгейіне әсерін тигізетін маңызды макроэкономикалық фактор болып банктік пайыздың мөлшері саналады. Банктік пайыз сақтандыру іс-қызметіне екі бағыт бойынша әсер етеді. Біріншіден, банктік пайыздарды сақтандыру тарифтерімен салыстырғандағы динамикасының үрдісі, клиенттің өзінің тәуекелдіктеріне қалайша төтеп беру шешімдерін анықтайды. Екіншіден, сақтандыру компаниясымен сақтандыру төлемдері түрінде алынған және сақтандыру төлемдері берілгенге дейінгі уақытша бос ақша қаражаттары қозғалыссыз жатпайды.

Сақтандыру компаниясы ұсынып отырған сақтандыру қызмет көрсетуінің бағасы осы нақты сақтанушы ісінің жағдайынан, яғни оның сақтандыру портфелінің құрылымы мен мөлшерінен, басқару шығындарынан, компания уақытша бос ақша қаражаттарын салудан түскен табыстардан тәуелді. Сондықтан да қаржылық қатынастардағы қуатты компаниялар өз портфельдерінде салыстырмалы түрде төмен рентабелді сақтандыру түрлерінің бар болуын қалайды.

Нақты бір сақтандыру қызметінің өмірлік цикл кезеңдері кез келген тауарлардағыдай: нарыққа ену, сұраныстың өсіуі, қанығу мен жетілу, сату мен пайдалылық деңгейінің төмендеуі және нарықтан шығуы. Сақтандыру қызмет көрсетуінің өмірлік циклы «сақтандыру аумағын» қамту көрсеткіштерімен, яғни циклдық қоғамдастық, және жасалған келісім шарттар санының динамикасымен сипатталады. Сақтандыру аумағы қаныққан жағдайға жақын орналасса, болашақ клиенттерді келісім шарттармен қамту өсімі күрт азаяды.

Сақтандыру қызмет көрсетуінің өмірлік циклдың бағасы екінші кезеңде минимумына жетеді, үшінші кезеңде ол тұрақтанады, ал төртінші кезеңде оны төмендету немесе сақтандырудың бұл түрін модификациялау қажет.

Сақтандыру қызмет көрсетуін сатып алу-сату сақтандыру келісім шартына отыру арқылы рәсімделеді, ал растаушы құжат ретінде сақтанушыға сақтандыру полисі беріледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 473; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты