Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты және қаржылық реттеудің рөлі




Мемлекеттің инфляция кезіндегі іс-қимылының екі нұсқасы бар, ол:

1) бейімделу саясатын жүргізу немесе кірістерді, жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу шараларын қолданған кезде, инфляцияға бейімдей; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімді жобаларды жүзеге асырады жеке тұлғалар қосымша кіріс көздерін іздейді және т.б.;

2) инфляцияны төмендету немесе басу жөніндегі инфляцияға қарсы шаралар кешенін жүргізу.

Инфляцияны жою жөніндегі шаралар кешеніне, солардың ішіндегі шешушісі базалық, өндірістік-экономикалық салалар бола тұрса да, қоғамның жұмыс істейтін өндірістік-экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, институционалдық, моралдық- адамгершілік салаларының әртүрлі жақтарына әсер ету кіреді.

Сұраныс инфляциясын жоюға, ақша және фискалдық саясаттың қарапайым макроэкономикалық әдістерін пайдалану арқылы қол жеткізіледі.

Инфляцияға қарсы саясат ақша ұсынысын шектеудің төмендегідей әртүрлі әдістерін қамтиды:

1. Қол ақша эмиссиясын орталық банктің қысқартуы арқылы, айналыстағы ақша массасының көлемін азайту;

2. Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жетімділікті төмендету мақсатында, бір орталықтан берілетін несиелерге есептік (қайта қаржыландыру) мөлшерлемені көтеру.

3. Несие мультипликаторының ықшамды болуына және коммерциялық банктердің несие басқыншылығын (экспансиясын) шектеуге қол жеткізу үшін коммерциялық банктерге Орталық банктің резервтік талаптарын күшейту.

4. Осы мақсаттарда Орталық банктің несиелерін тікелей қысқарту.

Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттік шығыстарды қысқарту жолымен және осы негізде мемлекеттік бюджет тапшылықтарын азайтуды жүргізеді.

Инфляция жағдайындағы салық саясаты бір-бірімен өзарабайланысты, сонымен бірге қарама-қайшылықты екі міндетті шешуге: біріншіден, тапшылықты жою және оның теңестірілуіне қол жеткізу үшін мемлекеттік бюджет кірістерінің деңгейін көтеруге; екіншіден, экономиканың бастауыш буындарындағы - өндіріс пен айырбас саласындағы экономикалық белсенділікті жандандыруға шақырылған.

Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама салық салуды қысқартуға бағытталған. Жанама салықтар инфляциялық сипатқа ие, өйткені ол бағаны көтереді, сұранысты азайтады. Олардың өндіріске қысым жасауы салықтардың жоғары болуының екінші аспектісі болып саналады және ол ұсынысты шектейді.

Үшіншіден, салық ауыртпалығы, негізінен, салық жүйесін қиындататын, қолданыстағы салықтардың көптігімен байланыстырылады, бұл салықтар төлеуден жалтаруға әкеледі.

Сондықтан да инфляция кезінде қарапайым және сенімді салық жүйесінің болғаны оның артықшылығы болып саналады. Табыс салығы мен мүлікке салынатын салық үлкен дәрежеде осы талаптарға сәйкес келеді.

Мемлекеттік шығыстарды қысқарту осы процесті бюджет аясына, сол сияқты мемлекеттік шаруашылық субъектілеріне қатысты материалдық өндіріс аясына қолдануды болжайды. Мұнда, яғни соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар-шығындар инфляциясына немесе өндірушілер инфляциясына қатысты деп түсіну керек, сондықтан да олардың әсері бөлек қарастырылатын болады. Осы қатынастарда инфляцияның осы екі түрінің себептерінде өзарабайланыстың бар екендігі және оған қарсы тұрудан кешенді тәсілдерінің бар екендігі байқалады.

Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердегі бюджеттік шығыстар бөлігінің барлық мүмкін болатын баптары бойынша оларды барынша қысқарту, оның басты бағыты болып саналады. Әрине, зейнеткерлерді, оқушыларды, қызметкерлерді (жұмыскерлерді) қорғау жөніндегі өмірлік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер, белгіленген кірістермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Бюджеттік шығыстарды шектеу:

а) тікелей әдістермен – рестрикциялармен, яғни заң актілері немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың жарлықтары негізінде қол жеткен деңгейге қарсы оларды мүжбүрлеп төмендету жолымен;

б) секвестрлеу әдісімен - әртүрлі факторлармен айқындалатын, төмендетудің берілген жалпы көлеміне сәйкес бүкіл шығыстарды пропорционал азайтумен;

в) иелік ететін кірістер деңгейін бақылаумен;

г) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен қол жеткізіледі.

Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларын, сондай-ақ тезарада қайтарым бермейтін беделді жобалар мен іс-шаралардан бас тартуды қозғайды.

Инфляцияның екінші типін - өндіріс шығындарының өсуінен туындаған инфляцияны (өндірушілер инфляциясын) жою проблемаларын шешу неғұрлым қиын болып көрінеді, ол:

1) жалақыны көбейту;

2) ұйымдастыру сипатындағы себептер бойынша шаруашылық тетігінің бұзылуымен байланысты, еңбек өнімділігінің төмендеуі;

3) соның әсерінен олар өндірістің шығаратын өнімдеріне бағаны көтеретін шикізат және энергетикалық ресурстар иелерінің инфляциялық күтулері нәтижесінде туындайды.

Өндіріс шығындарымен байланысты инфляцияларды жою, өзарабайланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді талап етеді.

Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогы, экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің негізгі буыны ретінде, өндірістің құлдырауын жою болып табылады. Өз кезегінде ол келесі өзара тәуелді проблемаларды қозғайды.

Біріншіден, еңбек өнімділігінің мотивациялық ынталандыруларын, оның нәтижелерінің тиімді болуына деген мүдделілікті арттыру, басымдықтар ретінде өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру мәселелерін шешу. Бұған жеке өндірістік секторды дамыту негізінде қол жеткізіледі.

Сауда – делдалдық қатынастар бойынша өндіріс аясының басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндіріс аясын дамытуды көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, несиелерге еркін қол жетімділікпен және несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің төмендігімен, даму үшін қолайлы экономикалық нормативтер белгілеумен, қалпына келтіру қорларына аударымдар жасаумен, еңбекақы төлеумен және т.б. қол жеткізіледі, қажет болған жағдайларда өндіріс секторы қызметінің басым түрлерінің инвестицияларын қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылады.

Нарықтық бәсекелестік тетігін және барлық меншік нысандарындағы шаруашылық субъектілерінің экономикалық жауапкершілік тетігін жасау инфляцияны жою жөніндегі іс-шаралар жүйесінің қажетті элементі болып саналады, аталған тетіктер: «шығындарды азайту – бағаларды төмендету - өндірістің өсуі есебінен таза табыс массасының сақталуы ұсыныстың көбеюі – сұранысты қанағаттандыру» схемасына саяды.

Бәсекелестік тетігін жасау монополияға қарсы іс-шаралар жүргізумен, әртүрлі меншік нысандарын дамытумен, шаруашылық – қаржы жүйесіндегі олардың теңдігін заңнамалық қамтамасыз етумен байланысты болады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде баға мен жалақыға бақылау орнату инфляцияға әсер етудің неғұрлым түбегейлі құралы болып саналады. Бағалар мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларымен айқындалады және инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғау қажеттіліктеріне қатысты кеңінен түрленіп отырады.

Базалық технологиялық яғни шикізат, отын, өзге де бастапқы өнімдер өндірісінде бағаны реттеп отыру түбегейлі маңызды болып саналады. Атап айтқанда олардың құны, кейіннен технологиялық қайта өңделетін өнімдер бағасының бүкіл пирамидасының негізі болып қаланады.

Жалақыны реттеу еңбек өнімділігінің нақты өсуіне қатаң тәуелділікте қолжеткен деңгейден жүзеге асырылады, өйткені еңбек өнімділігінің өсу қарқынына тең, номинал жалақы мөлшерлемелерінің өсуі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып саналады.

Сыртқы экономикалық қызметті көрсететін, төлем балансы тарапынан жасалатын инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымдарын жақсартады. Бірінші кезекте бұл, тараулар мен қызмет көрсетулердің қозғалысымен байланысты ағымдағы операциялар, яғни экспорт-импорт операциялары бойынша тепе-теңдікке қол жеткізуге қатысты. Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқарту тұтастай алғанда импортталған тауарлар мен қызмет көрсетулерден отандық тауарлар мен қызмет көрсетудің ішкі сұранысқа қосылуы есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранысқа қатынасы бойынша экспорт өндірісінің икемділігін арттыру есебінен қол жеткізіледі. Бұған, валюта бағамын шынайы деңгейде белгілеу саясатын жүргізу, инфляция жоғары болған кезеңдегі сауда және валюталық шектеулердің рационалды үйлесуі және инфляция қарқыны төмендеген жағдайда сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру жолымен жетуге болады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 416; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты