КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Экономикадағы алатын рөліҚазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотында шоғырландырылған, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктер түріндегі мемлекеттің қаржы активтерін білдіреді. Ұлттық қор мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, қаржы активтерін және өзге мүліктерін жинақтау (материалдық емес активтерді қоспағанда), экономиканың шикізат секторына тәуелділігін азайту және қолайсыз сыртқы факторларға ықпал ету мақсаттарына бағытталған. Ұлттық қор жинақтау (сақтық) және тұрақтандырушы функцияларды жүзеге асырады. Жинақтау (сақтық) функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді және қаржы активтерін жинақтауды қамтамасыз етеді. Тұрақтандырушы қор республикалық бюджеттің, шикізат ресурстарына, әлемдік бағалар конъюнктурасына тәуелділігін азайтуға бағытталған. Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану әлемдік және ішкі тауар және қаржы нарықтарының конъюктурасын, мемлекеттегі және шетелдегі экономикалық жағдайды, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылықты және Қордың негізгі мақсаттары мен міндеттерін сақтай отырып, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескеру жолымен айқындалады. Қор қаражаттарының түсуі мен оны жұмсау ұлттық және шетел валюталарымен жүргізіледі. Қор операциялары бойынша есеп пен есептілік ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Қорды сенімгерлікпен басқаруды, Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған сенімгерлікпен басқару туралы шарты негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Ұлттық қорды қалыптастыру көздері болып мыналар саналады: 1) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген олардың жылдық көлемдерінің үстінен шикізат секторындағы ұйымдардан республикалық бюджетке нақты түскен түсімдердің асып кетуі ретінде айқындалатын, республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер; 2) республиканың меншігіндегі және тау-кен байыту және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер есебінен айқындалатын, республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер; 3) шикізат секторындағы ұйымдардан республикалық бюджетке түсетін түсімдердің республикалық бюджетте жоспарланатын сомаларының он пайызы мөлшерінде есептеліп шығарылатын, республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер; 4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін сатудан түсетін түсімдер есебінен айқындалатын, жергілікті бюджеттен бөлінетін ресми трансферттер; 5) қорды басқарудан алатын инвестициялық кірістер; 6) заңмен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер. Негізгі қызметі табиғи ресурстарды алу және өңдеу болып саналатын заңды тұлғалар, шикізат секторының ұйымдары болып саналады. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Үкіметі белгілейді. Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер – шикізат секторы ұйымдарынан келесі салық түрлері: корпоративтік табыс салығы; қосымша құн салығы; үстеме пайдаға салынатын салық; бонустар; роялтилер; жасалған контрактылар бойынша өнімдер бөліміндегі бюджетке түсетін түсімдердің жиынтығы. Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерге болжам жасау, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспарымен айқындалатын, шикізат секторы тауарларына есептік тұрақты әлемдік бағаларды ескере отырып жүзеге асырылады. Республикалық меншіктегі және тау-кен байыту және өңдеуші салаларға жататын, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен бөлінетін ресми трансферттерді, оны Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтылаусыз, республикалық бюджеттің атқарылуы барысында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындап, оны республикалық бюджеттен Ұлттық қорға аударады. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін сатудан түскен жоспарлы түсімдер есебінен айқындалатын ресми трансферттер тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітіледі, ал жоспардан тыс түсу есебінен алынатын түсімдерді бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, оны мәслихатта нақтылаусыз жергілікті бюджеттің атқарылуы барысында жергілікті бюджеттен Ұлттық қорға аударады. Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер, оны қаржы активтеріне орналастырудан және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктен құралады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры: 1) тұтастай алғанда, ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалатын, республикалық бюджет шығындарының орнын жабуға өтемақының мөлшері түсімдер бойынша республикалық бюджеттің толық орындалмаған жалпы сомасынан асып кетпеуі тиіс. Нақты түскен жалпы түсімдер көлемі олардың бекітілген көлемінен асып кеткен жағдайда өтемақы жүзеге асырылмайды. 2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін, нысаналы (мақсатты) трансферттер түрінде; 3) Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайын аудит жүргізумен байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады. Ұлттық қор: 1) Ұлттық қордың сақталуын; 2) Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды; 3) тәуекел деңгейінің баяу жағдайындағы ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қордың жоғары табыстылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржы активтеріне және өзге мүлікке орналастырылады. Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы активтері мен өзге мүліктердің тізбесін, Ұлттық қорды басқару жөніндегі Кеңестің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірге Үкімет айқындайды. Қорды, жеке және заңды тұлғаларды несиелеуге және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге пайдалана алмайды. Ұлттық қор есебінен республикалық бюджет шығындарының орнын жабу, Ұлттық қорды басқару жөніндегі Кеңестің келісімімен қаржы жылынының қорытындылары бойынша, республикалық бюджетті Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтылаусыз, оның атқарылуы барысында жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттен Қорға берілетін нысаналы (мақсатты) трансферттердің көлемі, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі. Ұлттық қорға активтерді есепке қабылдау тәртібі мен оны пайдалануды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Ұлттық қорды басқару жөніндегі Кеңес – Ұлттық қорды тиімді пайдалану және материалдық емес активтерді қоспағанда, оны қаржы активтеріне және өзге мүлікке орналастыру бойынша ұсынысты әзірлейтін, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік – кеңесші орган. Қорды басқару жөніндегі Кеңестің функциялары болып мынылар саналады: 1) Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; 2) Қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау мен әзірлеу; 3) Материалдық емес активтерді қоспағанда, Қорды орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы активтері мен өзге мүліктер тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлеу. Ұлттық қорды басқару жөніндегі Кеңес құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарумен байланысты, қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында, жыл сайын аудит жүргізіледі. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті, Ұлттық қорға жүргізілген аудит нәтижелері енгізіле отырып, есепті жылдан кейінгі келесі жылғы сәуірдің 1-не дейін жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірге Үкімет жасайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп: 1) түсімдер және Ұлттық қорды пайдалану туралы есепті; 2) Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы есепті; 3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге мәліметтерді қамтиды. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау формалары мен тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісе отырып Үкімет бекітеді. Үкімет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірге жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті табыс етеді. Үкімет Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін, оны ақпарат тәртібінде Парламентке табыс етеді. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп пен аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Ұлттық қордың, сол сияқты ТМД елдеріндегі осындай қорлардың қаражаттары тиімді пайдаланылады. Қазақстан ішіндегі несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер заңды тұлғалар үшін орташа 14,5%, ал жеке тұлғалар үшін – 26,6% құрайды. Сондықтан да экономиканың нақты секторындағы ірі жобаларды инвестициялау бойынша, Қордың функцияларын (атқаратын қызметін) кеңейту дұрыс болып саналады. Бұл экономикалық қызметтің салалас түрлерінде мультипликациялық эффект туғызып, елде қабылданған индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдескен болар еді.
|