КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Арнайы экономикалық аймақтардың қаржыларын ұйымдастыруНарықтық экономикада, олардың аумақтарында экономикалық және әлеуметтік қызметті неғұрлым кең түрде либерализациялау арқылы әкімшілік-аумақтық бірліктерді дамытудың өзіндік ұйымдық-экономикалық әдістері кең тарау алды. Бұл әдістер, еркін немесе арнайы экономикалық аймақтар түрінде, экономиканы дамытудың нарықтық жолын таңдап алған елдерде маңызды түрде дамыды. Экономикалық қызметтің еркіндік дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан да олардың атауларында: еркін сауда аймағы, еркін кеден аймағы, субаймақ сияқты нұсқалар болуы мүмкін; оффшорлық аймақтар немесе аумақты экономикалық либеризациялаудың ең шекті нұсқасы болуы мүмкін. Арнайы (еркін) экономикалық аймақ, аймақтың аумақтарын жедел әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін шетел капиталын, прогрессивті шетел технологияларын және басқару тәжірибесін тарту мақсатында жасалатын, белгілі бір шекаралармен және ерекше құқықтық тәртіппен (режиммен) айқындалған арнайы бөлінген аумақты білдіреді. Еркін экономикалық аймақ құру өңірдің экономикасын сауықтыруға; маңызды макроэкономикалық міндеттерді шешуге: өндірісті тұрақтандыруға және оны кеңейтуге, шаруашылықты жаңғыртуға, ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыруға бағытталған. Қосымша шетел капиталын және озық технологияны тарта отырып, халықтың жұмыспен қамтылуын кеңейту, жергілікті жұмыс күшінің біліктілігін арттыру, маркетинг пен менеджмент саласында тәжірибеге ие болу мүмкіндігі пайда болады. Арнайы экономикалық аймақ аумақтарында, заңдармен тыйым салынған түрлерін қоспағанда, отандық және шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың шаруашылық, қаржылық және өзге қызмет түрлерінің кез келген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат етіледі. Аймақтағы отандық заңды тұлғалар, энергетикалық және көлік жүйелеріне жататынан өзге, ведомствалық бағыныстылықтан дербес және тәуелсіз болып саналады. Аймақтан тыс орналасқан заңды тұлғалар, аймақ аумағында өзінің филиалдары мен жаңа кәсіпорындарын құра алады. Қазақстанда еркін экономикалық аймақтардың жұмыс істеу тәжірибесі бар: 1992 жылдың өзінде әртүрлі облыстарда бірнеше аймақтар құрылған болатын; бірақта олардың жұмысы, тауар-ақша массаларының қозғалысына толық бақылау жасауды жоғалтып алу және әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикалық дербестік алуы тұрғысынан орталық билікті қанағаттандырған жоқ; содан келіп еркін экономикалық аймақтар таратылды. 1996 жылдан арнайы экономикалық аймақтар жұмысының (Қызылорда, Ақмола, Лисаковскі) қалпына келтірілуі, өңірлерді дамытудың осы тиімді жолдарының жұмыс істеу тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік берді, бірақ та 1998 жылдың соңында байқалған басқару мен қаржыларды орталықтандыруға жасалған күрт бетбұрыс екі аймақтың өмір сүруін шешіп берді; Ақмола аймағында, астаналық облыстың ерекше мәртебесімен байланысты салықтар, заттар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарлар импортына қатысты кейбір тәртіптер (режимдер) сақталды. Солардың мысалында, арнайы экономикалық аймақтардағы экономикалық-құқықтық реттеу тәртібін қадағалауға болады. Арнайы экономикалық аймақ, орталық атқарушы биліктің шешімі бойынша, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ұсыныстарына негізделген, белгілі бір мерзімге құрылады. Басқару үшін республикалық және жергілікті билік пен басқару органдарының, арнайы экономикалық аймақтағы аумақта тіркелген отандық және шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерінен Әкімшілік кеңес құрылады. Кеңесті, қызметке Президент тағайындайтын және босататын төраға басқарады. Аймақтың Әкімшілік кеңесі, егер ол аймақта белгіленген құқықтық тәртіпке (режимге) қайшы келмейтін болса, кәсіпорындар мен ұйымдардың жедел шаруашылық-қаржылық қызметіне араласпайды. Тұтастай алғанда, аймақтың әкімшілік кеңесі кең өкілеттіктерге, оның ішінде шетел капиталын тарту, ағымдағы және алдағы кезеңдерде аймақты дамытудың бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыру бойынша өкілеттіктерге ие; аймақтағы қаржылық, несие, кеден саясатын айқындайды; тауарлар, қызметтер көрсету экспорты мен импортын, табиғи ресурстарға лицензия беру мен квота беруді жүзеге асырады; салықтар мен өзге де төлемдер алады, бағалы қағаздар шығарады; жерді, жер қойнауын, өзге табиғи ресурстарды, негізгі қорларды жалға береді; қаржы нарығын және оның инфрақұрылымын ұйымдастырады. Аймақтағы қазақстандық және шетел Заңды тұлғаларының аймақтың аумағынан тыс әріптестермен жасаған несие-есеп айырысу операциялары корреспонденциялық шоттар жүйесі арқылы ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Аймақтың әкімшілік кеңесінің салық қызметі аймақ аумағындағы салық операцияларының бүкіл түрлерін жүзеге асырады. Арнайы экономикалық аймақтың әкімшілік кеңесі қаржы қорын қалыптастырады, аймақ шекарасы әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасымен сәйкес келуі жағдайында, бюджет, бірмезгілде әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджеті болып саналады. Қор (бюджет), аймақ аумағында тіркелген заңды және жеке тұлғалардан түсетін салықтар, алымдар және өзге міндетті төлемдер есебінен құрылады. Арнайы қорға түсетін төлемдер арнайы экономикалық аймақтың қаржы қорын (бюджетін) қалыптастыру көзі бола алмайды. Қаржы қорының (бюджеттің) жоғары тұрған бюджетпен өзара қатынасы арнайы экономикалық аймақтың қаржы қорына (бюджетіне) түсетін кірістердің жалпы сомасынан жасалатын аударымдардың ұзақ мерзімді тұрақты нормативі арқылы айқындалады. Аймақтың Әкімшілік кеңесі нысаналы қаржы қорларын, оның ішінде арнайы экономикалық аймақты экономикалық және әлеуметтік дамыту қорын құрып, сондай-ақ уақытша жұмсалмай жатқан бюджет қаражаттары, аударымдар және салықтықемес сипаттағы алымдар есебінен оларды құрудың көздерін айқындауы мүмкін. Аймақ аумағындағы салық салу Қазақстанның заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асырушы заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі әдеттегі мөлшерлемелерден төмен белгіленеді. Арнайы экономикалық аймақ аумағында еркін кеден аймағы тәртібі (режимі) қолданылады. Егер ЕЭА-ның құқықтық тәртібінде (режимінде) өзгеріс болса немесе ол мерзімінен бұрын таратылса, онда аймақ аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық субъектілеріне, инвестиция салу кезіне сәйкес келетін жағдайларда осындай қызметін жалғастыру құқына кепілдік беріледі. Аталған құқық арнайы экономикалық аймақ құрылатын мерзім аяқталғанға дейін қолданылады, бірақ та 10 жылдан аспауы тиіс; мерзім аталған құқықтық режим (тәртіп) өзгергенде немесе оның күші жойылған күннен есептеледі. Осылайша, арнайы экономикалық аймақта, бизнестің барлық аяларында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалады. Өзге мемлекеттердегі еркін экономикалық аймақтың жұмыс істеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай, аймақ құрылымы өзін-өзі дамытуға, сөйтіп әлемдік экономикада болып жатқан өзгерістерді белсенді түрде қабылдауға қабілетті. Бірлескен кәсіпорындар жұмысының тәжірибесі бар, жоғары дайындықпен жасалған жобаларға ие, инфрақұрылымдары мен көлік жүйесі дамыған, шет мемлекеттермен шекаралары шектесетін аймақтар неғұрлым тиімді.
|