Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттік бюджет кірістері, олардың құрамы мен құрылымы




Бюджет кірістері – бұл өзіндік қоғамдық маңызы бар және мемлекет қызметінің қаржылық базасы болып саналатын, объективті келісілген категория.

Процесте оның жұмыс істеу материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне келіп түсетін, қаражаттар жиынтығы құралатын экономикалық қатынастар жүйесі мемлекеттік кірістер болып түсіндіріледі.

Мемлекеттік кірістерді қалыптастыру мемлекеттің белсенді қатысуы жағдайында жүзеге асырылады: ол таза кірістің үлесін, кәсіпорындар мен ұйымдарда қалдырылатын және бюджеттегі орталықтандыруды білдіреді, сондай-ақ халықтың жеке кірістерінің бір бөлігін және бюджеттің өзге қаражаттарын шоғырландырады. Мемлекеттік кірістерді жіктеу мемлекеттік кірістердің экономикалық табиғатын, олардың құрамын және нысаналы бағытын, қалыптастыру принциптерін, яғни мемлекеттік кірістердің бүкіл жүйесін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге қатысты мемлекеттік кірістер:

1. мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың кірістерінен;

2. жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен:

3. халықтың салық төлемдерінен;

4. кооперативтік және ұжымдық ұйымдар мен кәсіпорындардың салық түсімдерінен;

5. қоғамдық ұйымдардың салық түсімдерінен қалыптасады.

Құралу аясына қатысты мемлекеттік кірістер:

материалдық өндіріс аясында қалыптасатын кірістерге;

өндірістік емес аяда құралатын кірістерге жіктеледі.

Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттік кірістер:

салықтыққа;

салықтық емеске (мемлекет иелігінен алудан және жекешелендіруден алған кірістер, ақшалай-заттай лотереялардан алған кірістер) бөлінеді.

Жұмылдыру әдістері бойынша мемлекеттік кірістер:

орталықтандырылған;

орталықтырылмаған болып жіктеледі.

Бюджет, Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған, тиісті жылға Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының параметрлерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы негізінде қалыптасады.

Республикалық бюджет кірістеріне салық және салықтық емес түсімдер кіреді.

Салықтық түсімдерге мыналар кіреді:

1. Қосылған құнға салынған салық, акциздер, үстеме пайдаға салынатын салық, импорттық кедендік баж салықтары, роялти, жасалған контрактының республикалық бюджетке түсетін бөлігіндегі өнімдер бөлімі бойынша Қазақстан Республикасының үлесі.

2. Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені үшін алымдар, республикалық автомобиль жолдарымен жүргені үшін алым, бонустар, кеден бақылауын және кедендік рәсімдеулерді жүзеге асырудан түскен түсімдер.

3. Өзге міндетті төлемдер – Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурсын пайдаланғаны үшін ақы, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін ақы.

Салықтық емес түсімдерге мыналар кіреді:

1. Кәсіпкерлік қызметтен және меншіктен түскен кірістер, яғни мемлекеттік кәсіпорындардың нақты пайдаларының үлесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің кірістерінен алған түсімдер, ҚР Үкіметінің депозиттері бойынша алынған сыйақылар, «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін жалгерлік ақы, ұлттық лотереялардан түсетін кірістер, тәркіленген, иесіз қалған мүлікті және т.б. өткізуден алған түсімдер.

2. Әкімшілік алымдары мен төлемдер.

3. Айыппұлдар және санкциялар бойынша түсімдер.

4. Өзге салықтық емес түсімдер – ҚР мемлекеттік кірістер Министрлігімен келісе отырып, Қаржы министрлігі айқындайтын тізім бойынша өзге салықтық емес түсімдер.

5. Капиталмен жасалатын операциялар – мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруден алған негізгі капитал, мемлекеттік резервтерден тауарлар сату.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 395; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты