КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Салық элементтері. Жанама және тікелей салықтарСалық салу теориясындағы салықтардың қолданылатын жіктеуі күрделі және алуан түрлі. Төмендегі кестеде салықтардың неғұрлым кең таралған жіктеуін беріп отырмыз.
Салық салу теориясы мен практикасында салықтардың көптеген өзге жіктеу белгілері мен түрлері тұжырымдалған, бірақ біздің қарастырған жоғарыдағы салықтардың түрлері әдебиеттердегі және дүниежүзі елдерінің тәжірибесіндегі салықтардың негізгі және неғұрлым кең таралған түрлері болып саналады. Салық салудың келесі элементтері бөліп көрсетіледі: Салық субъектісі – бұл салық төлеу міндеттілігі заңмен жүктелген, жеке немесе заңды тұлғалар; Салықтың қайнар көзі – оны өзінің кірістерімен төлейтін, салықты түпкілікті немесе нақты төлеуші; Салық объектісі – кіріс, мүлік, қызмет түрі, қызметтер көрсету, ақша операциялары, заттар (ТМҚ); Салық кадастры – есептеу үшін белгіленген: бір ақша бірлігі (теңге), бір гектар, тауарды өлшеу бірлігі, салық объектісін өлшеу бірлігі; Жеңілдік кезең – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктер соның ішінде қолданылатын уақыт; Салық мөлшерлемесі (ставкасы) (зерттеліп отырған процесс немесе құбылыстың жалпы көлеміндегі көрсеткіштің бөлігі, квота, үлес) – салық базасын өлшеу бірлігіне абсолюттік сомада немесе пайыздарда белгіленетін, салық базасын өлшеу бірлігіне салық есептеулерінің шамасы; Тұрақты мөлшерлемелер (ставкалар) – кірістердің мөлшерлемелеріне қатыссыз (нақты салықтар – жер салығын салу кезінде қолданылады), салық салу бірлігіне абсолютті сомада белгіленеді. Пайыздық мөлшерлемелердің (ставкалардың): пропорционалдық, прогрессивтік және регрессивтік түрлері болады; Пропорционалдық мөлшерлемелер (ставкалар) – салық объектісінің мөлшеріне қатыссыз, бірыңғай пайыз түрінде белгіленеді; Прогрессивтік мөлшерлемелер – кірістің ұлғаюымен салық мөлшерлемесі де ұлғаяды; Регрессивті мөлшерлемелер – салық салу объектісінің ұлғаюына қарай төмендейді немесе, керісінше, объекті кеміген (кішірейген) жағдайда салық мөлшерлемесі ұлғаяды. Салық ауыртпалығы – бұл жиынтық ұлттық өнімге салық жинау сомаларының арақатынасы ретінде айқындалатын және қоғам өміріндегі салықтардың рөлін сипаттайтын жинақталған көрсеткіш; Салық базасы – салық салудың құндық, физикалық немесе өзге сипаттамасы; Салық иммунитеті – ерекше артықшылық жағдайға ие тұлғалардың салықтар төлеу міндеттілігінен босатылуы (мысалы, дипломатиялық корпус); Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес салық төлеушілердің салықтар төлеуден толық немесе ішінара босатылуы.
|