Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Мемлекеттік шығыстар жіктеуі. Қаржы резервтері және ел экономикасы үшін олардың маңызы




Мемлекеттік шығыстардың жекелеген түрлері экономикалық мазмұны мен маңызы бойынша бірыңғай емес. Шығындарды қаржыландыру көздеріндегі, формаларындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осы айтылғандармен байланысты болады.

Материалдық өндіріс пен ұлттық табыс жасау процесіне олардың қатынасы мемлекеттік шығыстарды шектеудің аса маңызды өлшемі болып саналады. Осымен байланысты мемлекеттік шығыстар экономикалық мазмұны бойынша төмендегідей үш негізгі топқа бөлінеді:

1) материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік аяға жататын шығыстар;

2) өндірістік емес аядағы қызмет шығыстары;

3) мемлекеттік резервтер жасауға жұмсалатын шығыстар.

Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен және ұлттық табыс жасаумен байланысты.

Мемлекеттік шығыстардың екінші тобы қоғамның қоғамдық қажеттілктерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты.

Өндірістік емес аяға жұмсалатын қаражаттар, ең алдымен ағарту және денсаулық сақтау мекемелерін ұстап тұруға, ғылым мен мәдениетті, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылысты дамытуға, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сондай-ақ қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталады. Мемлекет сондай-ақ қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстап тұруға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты өзге де іс-шараларға қаражат жұмсайды.

Өндірістік емес аядағы қажеттіліктерге жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына түсетін ұлттық табыстың бір бөлігі болып саналады. Бірақ та өндірістік емес аядағы шығындардың өсуі ақыр соңында, сондай-ақ қоғамдық өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруға әсерін тигізеді. Бұған – білікті кадрлар дайындау, ғылым мен өндірістің жетістіктерін енгізу, материалдық өндіріс аясындағы қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету есебінен қол жеткізуге болады.

Жинақтау қоры мен тұтыну қоры арасындағы мемлекеттік шығыстарды оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып саналады. Жинақтау қоры мен тұтыну қорының арақатынасы өзгеріп, соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны жинақтау қорының өсу қарқынынан асып түсті. Тұтынуға және жинақтауға пайдаланылатын ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 80%-ға жуықты құрайды.

Мемлекеттік резервтерді жасауға және толықтыруға жұмсалатын үшінші топтағы мемлекеттік шығыстар – төтенше жағдайларда, мысалы, дүлей апаттар кезінде шығындарды өтеу және кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен және азық-түліктермен үзбеліксіз жабдықтауды қамтамасыз етуде өндірістік, сол сияқты өндірістік емес аялардың қажеттілктерін қанағаттандыруға бағытталған. Осындай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіпте жасау (құру) (әрбір кәсіпорындар мен ұйымдар үшін бөлек) тиімді болмас еді. Сондықтан да оларды құрудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерлемелерін салыстырмалы түрде азайтуға және осы резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Нысаналы белгілері бойынша мемлекеттік шығыстар экономикаға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларға, ғылымға, қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығыстар болып бөлінеді.

Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттік шығыстар экономикалық өңірлер бойынша бөлінеді. Осындай жіктеу өндірістік күштерді орналастыруға белсенді ықпал етуге және халық шаруашылығындағы пропорцияларды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Материалдық өндіріс аясындағы мемлекеттік шығыстар салалық белгісі бойынша өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; өндірістік емес аядағы шығындар білім беруге, ғылымға, денсаулық сақтауға, дене тәрбиесіне, әлеуметтік және әлеуметтік қамтамасыз етуге, қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығындарға бөлінеді.

Мемлекеттік шығыстар, қаражаттарды барынша тиімді пайдалану жағдайында мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қанағаттандыруды қамтамасыз етуі тиіс. Осымен байланысты, шаруашылық жүргізу ерекшеліктерімен айқындалатын мемлекеттік шығыстарды қаржыландырудың төмендегідей екі әдісі қолданылады:

1. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк несиелері және жетпейтін бөлігі бюджет есебінен қаржыландырылады.

2. Бюджеттік қаржыландыру. Әлеуметтік-мәдени іс-шараларға, мемлекеттік билік және басқару орындарын ұстап тұруға, қорғанысқа жұмсалатын шығындар ерекше құжаттар-сметалар негізінде айқындалатын сметалық тәртіпте қаржыландырылады. Сметалық тәртіпте қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік ұйымдар болып аталады.

Ерекше жағдайлардағы тәсіл ретінде, айналысқа қол (нақты) ақша шығару есебінен эмиссиялық қаржыландыру және несиелік эмиссиялар (қолма-қол ақшасыз) қолданылады.

Бюджеттік қаржыландырудың: дотациялар, субвенциялар, субсидиялар сияқты формалары қолданылады.

Дотациялар негізінде ақша қаражаттары кәсіпорындар мен ұйымдардың шығындарын (залалдарын) жабу үшін, сондай-ақ төмен тұрған бюджеттерді теңдестіру үшін бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қайтарусыз тәртіпте бөлінеді. Аталған форма ауылшаруашылығы өнімдерінің бағаларындағы айырманы өтеу, жекелеген азық-түліктер мен тауарларға әлеуметтік қолайлы бағаны ұстап тұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарын (залалдарын) жабу, театралдық және өзге де өндірістік емес аялардағы ұйымдардың шығындарын ішінара жабу түрінде қолданылады.

Енді мемлекеттік қаржыларды, мемлекеттік кірістерді және мемлекеттік шығыстарды сызбалар түрінде береміз.

Мемлекет – кең көпаспектілі ұғым:

А) қоғам дамуының моделімен айқындалатын қоғамдық институт;

Б) қоғамның саяси құрылысының жүйесі;

В) Конституция негізінде өз функцияларын қоғам игілігі үшін жүзеге асыратын елдегі басқарушы органдардың жиынтығы;

Г) экономикалық қызметті жүзеге асыратын, нарықтық қатынастар субъектісі.

Экономикалық қызмет тұрғысынан мемлекеттің рөлі мен орнын айқындау аса маңызды:

- кірістер мен байлықты (ЖҚӨ, ІЖӨ) қайта бөлуге ықпал етеді;

- экономиканы тұрақтандыруға мүдделі;

- ресурстарды қайта бөлумен айналысады;

- экономикадағы құқықтық жауапкершілік кепілдігі;

- экономикалық категорияларды (ақшаларды, қаржыларды, несиені, субсидияларды және т.б.) тиімді пайдалануға қол жеткізетін реттеуіш.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 334; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты