Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Коммерциялық шаруашылық субъектілерінің қаржы қорлары. Өндірістік қорларды қаржыландыру көздері




Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары материалдық өндіріспен байланысты қаржылардың негізі және біртұтас қаржы жүйесінің бөлігі болып саналады. Атап айтқанда кәсіпорындардың қаржылары бұл ретте меншікті қамтамасыз етуді талап ете отырып, жаңадан жасалған құн бөлінген кезде бөлу қатынастары негізінде экономикалық өсудің көзін құрайды.

Материалдық өндіріс қаржыларының құрамында, өнімдер шығару және өткізу, қызметтер көрсету негізінде кіріс әкелетін коммерциялық бастауларда іс-қимыл жасайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары маңызды рөл атқарады.

Өндіріс мақсатары мен міндеттерінің ортақтығы және оны дамытудың ортақ экономикалық заңдарымен байланысты бірдей принциптер кәсіпорындар қаржыларын ұйымдастырудың негізі болып қаланған. Кәсіпорындар қаржылары күрделі, көп мәнді, өзіндік негізі бар функцияны орындайды. Кәсіпорындардың қаржылары әртүрлі фирмалардың, концерндердің, акционерлік қоғамдардың, компаниялардың, қауымдастықтардың, халық шаруашылығының барлық салаларының материалдық өндіріс аясында алуан түрлі қызметті жүзеге асыратын қаржыларын біріктіреді, бұл ретте кәсіпорын: мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік, ұжымдық, бірлескен және т.б. барлық меншік нысандарында болуы мүмкін.

Меншік нысандарының, өндірістік технологиялық ерекшеліктерінің айырмашылықтарына қарамастан, елдегі барлық кәсіпорындардың ортақ бастауы, басқару әдістері принциптерінің ортақ негізі бар.

Кәсіпорындар қаржыларының маңызы – бұл құн негізіндегі олардың ішкі мазмұны.

Өндірістік және бөлу қатынастарының өзарабайланысында жаңадан жасалған құн жаңа ақша қорлары болып құрылады. Қаржылардың көріну формалары қаржыға қатысушылардың өзара қарым-қатынастарына қатысты болады, бірақ та оған қатысты арнайы әдебиеттерде әртүрлі пікірлердің барлығына қарамастан, оның маңызы тұтастай алғанда сол күйінде қалады.

Кәсіпорындардың қаржылары мынадай функцияларды орындайды: ұдайы өндірістік- өндірісті жаңалау (қайтадан бастау) үшін құн жасалады; бөлу – мемлекет алдындағы өзге қатысушылардың қаржылық міндеттерді орындауымен әртүрлі ақша қорларын қалыптастыру; бақылау – ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануға толық есеп пен бақылауды жүзеге асыру. Кәсіпорындардың қаржылары өте белсенді (активті), сан арқылы, қозғалғыш және бүкіл қаржы жүйесінің бастапқы негізін білдіреді.

Кәсіпорындардың қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері болып мыналар саналады: коммерциялық есеп айырысу, жоспарлылық, барлық меншік нысандарының теңдігі, қаржы резервтерінің болуы.

Коммерциялық есеп айырысу кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық-қаржылық қызметін жүргізудің негізгі принципі және басты әдісі болып саналады. Коммерциялық есеп айырысу принципі, кәсіпорындардың тұрақты пайдалануына және оның қызметіне қажетті, оның жарғылық қорын құрайтын негізгі және айналым қаражаттары (капиталы) бөлінетінін білдіреді. Бұл принцип, кірістер (пайдалар) алуға бағытталған кәсіпкерлік формасында жүзеге асырылады. Өзін-өзі ақтаушылық пен өзін-өзі қаржыландыру, шығынсыз (залалсыз) қызметті және нормативті (мөлшерлі) пайда алуды болжайтын коммерциялық есептің басты белгілері болып қатысады. Коммерциялық есептер кезінде міндетті түрде қаржылық дербестікті дамыту, жауапкершілік пен қаржылық мүдделілік көзделеді. Нарықтық экономикада қаржылар, негізінен, коммерциялық есеп айырысулар жағдайында дамиды.

Жоспарлылық принципі, кәсіпорынның қаржылық қызметі, өндіріс мақсаттары мен міндеттері, белгіленген әдістер, оған жету мерзімдері мен жалғастығы негізінде оның параметрлерін есептеу жолымен күні бұрын көзделетінін білдіреді. Кәсіпорындарда қаржы жоспарлары мен болжамдар жасалады, нарықтық қатынастар жағдайларында олар бір жылға дейінгі мерзімге әзірленеді. Жоспар мен нарық бір-бірімен сыйысымды ұғымдар болуы тиіс және болжам мен жоспарлаусыз жоғары коммерциялық нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық меншік нысандарының теңдік принципі мемлекеттің кепілдігімен, қатынастардың тұрақтылығымен және әртүрлі меншік нысандарын: мемлекеттік жеке меншік, шет мемлекеттердің және олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың меншіктерін дамытумен жүзеге асырылады. Барлық кәсіпорындар мемлекеттің заңдары шеңберінде, өздерінің коммерциялық қызметтерін жүзеге асыра отырып, міндетті төлемдер мен салықтарды төлеуде тең болып саналады.

Оны басқарудың барлық деңгейлерінде қаржы резервтерінің (резервтік қор, тәуекел қоры) болуы, кәсіпорындардың қаржыларын ұйымдастырудың қажетті, басты принципі болып саналады. Қаржы резервтері әртүрлі тәсілдермен - өндірістік және әлеуметтік даму қорларының көлеміне пайыздармен, аударымдар жасау жолымен пайдалардан немесе кірістерден алған тұрақты нормативтер бойынша пайда болуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша қаржылық қиындықтарды жою немесе шаруашылық қызметінің қалыпты жағдайын қамтамасыз етуге жұмсалады.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржыларын ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістер болуда: әріптес-кәсіпорындар арасында горизонталь байланыстарды, жаңа формалар мен олардың өзара іс-қимылдарын және банк жүйесімен өзара қарым-қатынастарды өзгертудің қажеттілігі күшейе түсуде. Қорытындысында, өндірушілердің нақты қаржылық дербестігі және шаруашылық жүргізудің түпкі нәтижелеріне олардың жауапкершілігі пайда болады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық-қаржылық қызметінің процесінде, белгілі бір мақсаттарға арналған қаржы қорлары қалыптасады және пайдаланылады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады – келіп түседі, жинақталады және жұмсалады.

Осы ақпараттарды өндірістік, шаруашылық-қаржылық және әлеуметтік басқаруда пайдалану үшін, қаржы қорларындағы кәсіпорындар мен ұйымдар мүліктерінің қозғалысы толық немесе ішінара түрде көрінеді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін: тұтыну қоры, еңбекақы төлеу қоры, валюта және жөндеу қорлары неғұрлым елеулі және маңызды болып саналады.

Мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық қоры - өндірістік қорларды қалыптастыруға арналған меншікті қаражаттардың өзіндік көзі; шаруашылық қызметінің процесінде оның мөлшері өзгеріп отырады. Кәсіпорынның иелігінде қалдырылатын қаражаттар негізінде, яғни салықтар және өзге де міндетті төлемдер төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну қорлары мен жинақтау қорын қалыптастырады.

Тұтыну қоры, еңбекақы төлеуге бағытталатын қаражаттар есебінен, қызметкерлерді материалдық көтермелеу және әртүрлі әлеуметтік төлемдер үшін кәсіпорынның иелігінде қалатын пайданың бөлігінен құралады.

Жинақтау қоры кеңейтілген ұдайыөндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды қаржыландыруға пайдаланылады. Бұл қор қалдық пайда, амортизациялық аударымдар, өткізуден (сатудан) тыс түсімдер, банктердің несиелері мен өзге де көздер есебінен қалыптасады.

Кәсіпорынның еңбек ұжымының қалауы бойынша қаржы резерві (резервтік қор, тәуекел қоры, сақтандыру қоры) жасалуы мүмкін. Оның мақсаты – шаруашылық-қаржылық жағдайы уақытша нашарлаған кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қосымша шығындардың орнын жабу болып саналады. Қаржы резерві кәсіпорынның қаржылық жоспарын әзірлеу және бекіту кезінде нормативтер бойынша пайдалар немесе кірістен пайда болады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары келесі көздерден валюта қаражаттары есебінен құралады: экспорттық, валюта түсімі, жарғылық қорға жарналар, банктердің валюталық несиелері, уәкілетті банкілер мен айырбастау пункттері арқылы ішкі нарықта валюталар сатып алу, қаржылық көмек.

Ортақ міндеттерді шешу үшін кәсіпорындар мен ұйымдарға ерікті негізде өз валюта қаражаттарын біріктіру құқы берілген.

Жөндеу қоры негізгі қорларды: күрделі, орта, ағымдағы жөндеудің барлық түрлерін жүргізу үшін кәсіпорындарда жасалады.

Кәсіпорындардың бүкіл ақша қорлары, өндіріс пен ұжымның әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін қаржы ресурстарын білдіреді. Коммерциялық бастауларда жұмыс істейтін кәсіпорындар меншікті (өз) қаржы ресурстарын, сондай-ақ мемлекетке төлейтін салықтар мен міндетті төлемдерді қамтамасыз етуге міндетті.

Кез келген кәсіпорында: негізгі өндірістік қорлар: негізгі және айналым қорлары - өндірістік процестің материалдық-техникалық негізі болып саналады.

Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі қорларды бастапқы қалыптастыру, олардың жұмыс істеуі мен кеңейтілген ұдайы өндіріс, соның көмегімен, еңбек құралдарын иелену, пайдалану және қалыпқа келтіруді орталандыратын нысаналы бағыттағы ақша қорлары құралатын және пайдаланылатын, қаржылардың қатысуы жағдайында жүзеге асырылады. Негізгі қорлардың құнын ауыстыру процесі – амортизация, ауыстырылатын құнның үлесі – амортизация нормасы, ал осы үлестің ақшалай көрсетілуі – амортизациялық аударымдар деп аталады.

Амортизациялық аударым өндіріс шығындарына кіреді және өнімдерді өткізуден түскен түсімдерден қалыптасады, негізгі қорлар амортизациясының нормалары кәсіпорын қызметінің экономикалық жағдайларына қатысты болады. Бірқалыпты (сызықтық) әдіс бүкіл қызмет мерзімі ішіндегі негізгі қорлардың баланстық құқына бірдей үлес белгілеуді болжайды. Регрессивтік әдіс – негізгі қорлар қызметі кезеңінің соңына есептен шығару нормаларын бірте-бірте төмендетумен, алғашқы жылдары неғұрлым жоғары нормалар белгілеу. Жедел амортизация әдісі техникалық прогресті ынталандырумен байланысты және алғашқы жылы оның жартысы мөлшерінде, содан кейін қалдық құнынан тағы жартысына есептеледі.

Айналым қорларына, өндірістік және айналым сияқты әртүрлі аяларға жатушылығымен ерекшеленетін, өндірістік айналым қорлары мен айналым қорлары кіреді.

Өндірістік айналым қорлары өндірістің әртүрлі жақтарын: өндірістік запастарды, аяқталмаған өндірісті, алдағы кезеңдер шығыстарын білдіреді. Аталған элементтердің әрбірі өзінің құрамында тағы элементтерге ие, бұл элементер өндірістің жағдайын, өндірістік қызметтің сипаты мен нәтижесін тығыз түрде көрсетеді.

Айналым қорлары айналым жасау аяларымен байланысты: оған қоймадағы және тұтынушыларға жөнелтілген дайын өнімдер, кассадағы, банктердің шоттарындағы ақша қаражаттары, есеп айырысу қаражаттары, дебиторлық берешектер жатады. Айналым қорлары айналым қаражаттарының неғұрлым қозғалғыш бөлігі болып саналады, қорлардың айналымдылығы тұтастай алғанда олардың жылдамдығына қатысты болады.

Кәсіпорындардағы қаржыландыру көздері, өндірістік қорларды құру және оның өсуі (өсімі): меншікті, тартылған және заем түрлеріне бөлінеді. Егер меншікті қаражаттар – бұл кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесі болса, онда тартылған қаражаттар, кәсіпорын қаржы несие жүйесімен қаншалықты танылғанын және банктен ссуда ала алатындығын көрсетеді. Кәсіпорын, айналым қорлары мен айналыс қорларын қаржыландырудың бүкіл көзін үйлестіре білуі тиіс, бірақта меншікті айналым қаражаттарының болуы – бұл аталған кәсіпорынның қаржылық орнықтылығының көрсеткіші.

Өнімдерді өткізуден (сатудан) алған түсім – бұл өнімдерді өткізуден, жүмыстарды атқарудан және қызметтер көрсетуден кәсіпорын есебіне келіп түскен, ақша қаражаттарының сомасы. Оған: өзіндік құн, пайда, акциздер, қосымша құн салығы кіреді.

Кәсіпорын шығындары - өнімдерді өндіру мен өткізу кәсіпорынға қаншаға түсетінін көрсететін шығындардың, материалдық құралдардың (шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның және т.б.) және қажетті еңбектің жиынтығы. Өзіндік құн, шығындарды ақшалай білдіру болып саналады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау кезіндегі өзіндік құн, ақыр соңындағы пайда, соның мөлшеріне қатысты болатын, негізгі сапалық көрсеткіш болып қатысады. Өзіндік құн бекітілген ереже негізінде анықталады, онда шығындарға қандай шығындарды жатқызу керектігі көрсетіледі. Осымен байланысты шығындар:

· материалдық шығындар;

· еңбекақы төлеу шығындары;

· әлеуметтік мұқтаждықтарға (қажеттіліктерге) аударымдар;

· негізгі қорлар бойынша амортизациялық аударымдар;

· өзге де аударымдар белгілері бойынша топтастырылады.

Әрбір кәсіпорындардағы өнімдердің өзіндік құнын анықтау мен шығындарды есепке алу кезіндегі өнімдерді өндіру мен өткізудің салалық ерекшеліктері шығындарға әсерін тигізеді. Өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бірліктерінің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау кезінде шығындар:

1. тікелей;

2. жанама;

3. шартты-тұрақты;

4. өзгермелі (ауыспалы);

5. элементтік;

6. кешенді баптар бойынша топтастырылады.

Өнімдерді өткізуден алған (ҚҚС және акциздерсіз) түсімдер мен кәсіпорынның нақты шығындары арасындағы айырманы білдіретін, пайда табу – коммерциялық кәсіпорын үшін аса маңызды болып саналады.

Кәсіпорындардағы пайда: негізгі қызметтен (өнімдерді өткізуден) алған пайдадан, кәсіпорынның негізгі қорлары мен өзге мүліктерін өткізуден алған және өткізуден тыс кірістерден алған пайдалардан қалыптасады. Жоғарыда айтылған пайданың құралу үш көзі кәсіпорынның жалпы баланстық пайдасын қалыптастырады. Егер нақты шығындар нормалардан асып кететін болса, онда шығынды болады.

Коммерциялық негізде жұмыс жасайтын кәсіпорын, кіріс алғаннан кейін оны пайдалануға және бөлуге кіріседі.

Ережелерге сәйкес пайдаларды бөлу мынадай сызба бойынша жүргізіледі: салықтар төлеу мемлекеттің бюджетіне баратын, жалпы баланстық пайда (салық салынатын пайда) есептеліп шығарылады. Салықтар төлегеннен кейін қалған пайданы (таза пайданы) кәсіпорын әртүрлі қорлар құруға: өндірісті дамытуға; ұжымның материалдық қажеттіліктеріне, материалдық ынталандыруға, қаржы резервін жасауға бөледі, жоғары тұрған ұйымдарға, қайырымдылық мақсаттарын қаржыландыруға және т.б. аударылуы мүмкін.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 234; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты