Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Шаруашылық субъектілерінің қаржылары қаржы жүйесінің жетекші буыны ретінде, ұдайы өндіріс процесіндегі олардың рөлі




Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары, өз кезегінде, мемлекеттің бірегей қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері мен мемлекет қаржыларының болуы тауарлы-ақшалай қатынастардың әрекет етуі және экономикалық заңдардың әрекет етуімен байланысты.

Кәсіпорын қаржысы – бұл капиталды, сондай-ақ кірістер мен ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану үшін кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінде туындайтын ақшалай қатынастар жүйесі.

Кәсіпорын қаржылары категориясының ерекше белгілері:

- ақшалай сипаты;

- бөлу сипаты;

- ақшалай қорды құру;

Кәсіпорын қаржылардың тиімді қызмет етуінің қажетті шарты болып табылады: 1) меншік формаларының алуан түрлілігі; 2) нарықтар, тауарлар, еңбек және капиталдың болуы; 3) өзін-өзі қаржыландыру мен өзін-өзі ақтауы; 4) нарықтық баға белгілеу және бәсекелестік; 5) шешім қабылдаудың дербестігін қамтамасыз ететін корпорация іс-әрекетіне мемлекеттің араласуын реттеу; 6) экономикалық іс-әрекет ережелерінің құқықтық қамтамасыз етілуі.

Кәсіпорынның қаржылары ақшалай формада, кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға ықпал етеді. Олар халық шаруашылығын одан әрі дамыту үшін қажет ақша кірістері мен жинақтарын одан әрі бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Өндіріс аясында пайда болған қаржылар оларды ресурстармен қамтамасыз ете отырып, кәсіпорынды дамытады.

Экономиканың дамуын, кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдарының берік және жақсы жолға қойылған қаржыларынсыз көз алдыға елестету мүмкін емес. Кәсіпорын қаржылары елдің халық шаруашылығын басқару жүйесінің маңызды экономикалық құралы болып саналады, қоғам мүшелерінің әлеуметтік игіліктерінің экономикалық өсу көзі болып табылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларына: кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концеріндердің, қауымдастықтардың, салалық министрліктердің және өзге шаруашылық органдарының, ауылшаруашылық, құрылыс, көлік, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, әртүрлі қаржы, несие, ғылыми, маркетингтік және өзге де қоғамдық пайдалы қызмет көрсету аяларының қаржылары кіреді.

Қазақстандағы меншік нысандарын дамыту кәсіпорындардың жаңа үлгілерінің: жеке меншік, кооперативтік, акционерлік, аралас, шетелдердің кәсіпорындарымен және фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың, шаруашылық серіктестіктерінің пайда болуына әкеледі. Жаңа заңнамалық негізде дами отырып, әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындар қаржылар категорияларымен тікелей қатынастарда болады.

Әртүрлі кәсіпорындардың және ұйымдардың құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің жарналарын ақша қаражаттары түрінде, мүліктер (ғимараттар, үйлер, жабдықтар және т.б.), мүліктік құқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік меншікті пайдалану құқығы) түрінде жүзеге асырады.

«Шаруашылық серіктестіктері туралы» заңмен айқындалғандай, шаруашылық серіктестігі - өз қызметінің басты мақсаты пайда табу, алдағы ұдайы өндіріс процесінде оны бөлу және пайдалану болып табылатын жарғылық қоры құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлестеріне) бөлінген, заңды тұлға болып саналатын коммерциялық ұйым.

Акционерлік қоғамдарға қатысты айқындалған қаржылық қатынастардың ерекшеліктері, акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру құралы ретінде қолдану кезінде көрінеді. Акционерлік меншік формасы экономикалық жағынан дамыған елдерде тиімді қолданылады және дүниежүзілік тәжірибеде жалпыға бірдей танылған болып саналады. Экономиканың дамыған нарықтық жүйесі акциялар есебінен қаржы ресурстары нарығын кеңейтуді болжайды.

Экономикада мемлекеттік сектор маңызды орын алады. Бұл секторда кәсіпорындардың келесі түрлері жұмыс істейді:

1. Шаруашылық жүргізу құқына негізделген.

2. Жедел (ұйғарымды) басқару құқына негізделген (қазынашылық кәсіпорындар).

Мемлекеттік кәсіпорын міндетті түрде мемлекеттің тапсырмасын орындайды.

Шетел фирмаларының қатысуындағы бірлескен кәсіпорындар кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық құқықтық формаларының бірі болып саналады. Бірлескен кәсіпорындар қолданыстағы заңнаманы сақтап, өз жоспарлары, коммерциялық есептері, өзін-өзі атқарушылығы және өзін-өзі қаржыландыруы негізінде жұмыс жасап, ортақ жарғылық қоры, дербес балансы болуы тиіс. Бірлескен кәсіпорындардың мүдделері, ең алдымен отандық кәсіпорындардың, сол сияқты шетелдік әріптестердің мүдделерін көрсетуі тиіс.

Экономиканың кооперативтік секторы біртұтас халық шаруашылығы кешені буындарының бірі болып саналады. Кооперация жүйесінде кооперативтердің: өндірістік және тұтыну екі негізгі үлгісі жұмыс істейді. Өндірістік кооперативтер тауарлар, өнімдер шығаруды, жұмыстар орындауды, кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге ақылы қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ал тұтыну кооперациясы өзінің мүшелері мен өзге азаматтарға бөлшек және көтерме сауда қызметін көрсетуде олардың қажеттіліктерін қанағаттандырады. 1999 жылы қабылданған «Қазақстан республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» Заң негізінде болашақта дамуы тиіс және елдің қаржы ресурстарын дамытуда үлкен мүмкіндіктерге ие селолық тұтыну кооперациясының Қазақстан үшін ерекше үлкен маңызы бар.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 151; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты