Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Аржы аппараты, оның құрылымы. Қаржы менеджменті ұғымы




Қаржыларды басқару – бұл, қаржы қатынастары аясындағы жоспар мен болжауды, саясат пен стратегияны, іс-қимыл мен құқықтық негізді, тәртіп пен бақылауды қамтитын қаржы жүйесіндегі күрделі элементтердің бірі.

Қаржыларды басқару – оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен, қаржы және салалас экономикалық және әлеуметтік жүйелерге ықпал ету процесі. Бұл ретте, қажетті нәтижеге жететін объектіге нысаналы бағытталған түрде ықпал етудің тәсілдері мен әдістері пайдаланылады. Қаржы жүйесіндегі басқару оның әдістері, ынталандырулары және санкцияларының көмегімен қаржы тетігі арқылы жүзеге асырылады.

Адамдардың нысаналы бағытталған қызметі ретінде басқару, экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын ғылыми тануға сүйену арқылы оларды пайдаланудың формалары мен әдістерін әзірлей отырып, қоғам мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы, қаржыларды, бағаларды, несиені, пайданы және т.б. қоса алғанда, өндірістік қатынастардың формаларымен саналы түрде басқарады.

Келесі принциптер: басқарудағы демократизм, қаржы мәселелеріне саяси тұрғыдан келу, басқарудың ғылымилығы, басқаруға көпшіліктің қатысуы қаржыларды басқарудың негізіне жатады.

Қаржыларды басқаруда келесі өзарабайланысты элементтердің: ақпараттың, жоспарлаудың, ұйымдастырудың, реттеудің, бақылаудың аражігі ажыратылады.

Ғылыми-негізді жоспарлау, сол сияқты барлық қаржы процестеріне жедел (оралымды) басшылық жасау мақсатымен шешімдер қабылдау үшін қаржы ақпаратының үлкен маңызы бар. Ол, қаржы жүйесінің буындары бойынша табыс етілетін бухгалтерлік, статистикалық және жедел есептілік формасында жүзеге асырылады.

Жоспарлау қаржыларды басқаруда маңызды орын алады.

Ұйымдастыру барлық басқару буындарының айқындығын, қаржы аппаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігін және тәртіптілігін білдіреді.

Қаржылық реттеу – бұл жоспарлы тапсырмаларды орындау үшін қаржы ресурстарын епті пайдалану.

Қаржы жоспарларының орындалуын бақылау жоспарлау сатыларында, сол сияқты ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану процесіндегі шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлеріндегі жедел басқару сатыларында жүзеге асырылады.

Қаржыларды басқару екі жағдайда (аспектіде) қаралады: мемлекет қаржыларды экономика және қаржылардың өзін басқару құралы ретінде пайдаланады, мемлекет тарапынан басқару объектісі болып саналады. Бұл «қаржы» категорияларының бай екендігін, олардың объективті қажеттілігін көрсетеді. Қаржылар өзінің күрделелігі бойынша іргелі зерттеу объектісіне жатады. Оларды зерделеу кезінде, объективті экономикалық заңдардың, мемлекеттің заңнамалық талдау нәтижелері талаптарының қай кезде үйлесетініне ғылыми тұрғыдан келу қажет. Қаржыларды басқару экономикалық және әкімшілік басқару әдістерімен үйлестіріледі, арнайы қаржы қызметкерлерінің, адамдардың кәсіби және орындаушылық шеберлігіне қатысты болады.

Қаржыларды стратегиялық және жедел басқарудың аражігі ажыратылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында қаржыларды стратегиялық басқару билік пен басқарудың мемлекеттік жоғары органдарына: Парламентке, Президент Аппаратына, Үкіметке, қаржы Министрлігіне жүктелген.

Қазақстан Республикасының Президенті, көпшілік жағдайда Президент Аппараты арқылы жүзеге асырылатын қаржыны басқарудың кең өкілеттігіне ие. Президент жыл сайын елдегі жағдай және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы халыққа жолдау жасайды, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегиялық мәселелері және т.б. бойынша жарлықтар мен өкімдер шығарады.

Парламент құзыретіндегі қаржы проблемаларын шешу заңнамалық актілерді – Қазақстан Республикасының заңдары мен парламент қаулыларын талқылауға енгізу және кейін дауыс беру бойынша заңнамалық бастамашылық құқығында жүзеге асырылады.

Парламент, аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, сондай-ақ:

· Салық салу, алымдар мен өзге де міндетті төлемдерді белгілеу;

· Республикалық бюджет;

· Елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығарады.

Сенат пен Мәжілістің тұрақты комитеттері – тұрақты негізде жұмыс істейтін экономика, қаржы, бюджет жөніндегі комитеттер Парламеттің жұмысшы органдары болып саналады.

Жалпы мемлекеттік қаржыны Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі басқарады. Қаржы Министрлігі қаржыны стратегиялық және жедел басқаруды, халық шаруашылығын қаржылық жоспарлау саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, экономиканы және салалардың қаржыларын зерттейді. Қаржы заңнамасының жобаларын әзірлеу; мемлекеттік кәсіпорындармен, ұйымдармен қаржы қатынастарының формаларын жетілдіру; мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын жоспарлау және т.б. олардың міндеттері болып саналады.

Салық қызметі мемлекет кірістерін жұмылдыру жөнінде аса маңызды функцияларды орындайды.

Салық қызметі органдары ҚР мемлекеттік кірістер Министрлігінің және салық комитеттерінің республика облыстарындағы қалалар мен аудандардағы қалалық және аудандық буындарынан тұрады. Салық қызметінің құрамында, 2001 жылы республикалық облыстардағы бөлімшелерімен қаржы полициясы болып қайта құрылған салық полициясы жұмыс жасайды. Республикада қайта құру прогресі әлі аяқталған жоқ.

Мемлекеттік кірістер Министрлігі, салықтардың және өзге де міндетті төлемдердің толық және уақытылы салынуына мемлекеттік бақылауды және оның жиналуын қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган болып саналады. Мемлекеттік кірістер Министрлігі құрамында салық комитетімен салық заң жобаларын дайындауды жүзеге асырады, ведомствалық нормативтік актілердің жобаларына сараптамалар жүргізеді. Министрлікте халықаралық салық келісімдері бөлімі бар, ол қосарлы салық салуды жою және капитал кіріске салынатын салықтар төлеуден жалтарудың алдын алу туралы конвенциялар мен шарттардың жобаларын әзірлейді.

Соңғы жылдары қаржы Министрлігінің орталық аппаратына:

· бюджет департаменті;

· қазынашылық департаменті;

· қаржылық бақылау комитеті;

· сырттан қарыз алу жөніндегі комитет кіретін болды.

Жоғарыда айтылған бөлімшелер өз кезегінде, нақты функцияларды орындайтын басқармалар мен бөлімдерден тұрады.

Бюджет департаментіне, құрамында тиісті бөлімдер мен статистика және мемлекеттік қаржы бөлімі бар бюджетті қалыптастыру және атқару Басқармасы, аумақтық бюджеттер Басқармасы, материалдық өндіріс, агроөнеркәсіп кешені және табиғат қорғау, мемлекеттік органдар және қорғаныс кешені, білім, ғылым және мәдениет Басқармасы кіреді. Бюджет департаменті республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеуді ұйымдастырады, бюджет процесінің формалары мен әдістерін жетілдіреді, оның тиімділігін арттыру үшін бюджеттік қаржыландыруды талдайды, бюджет жөніндегі есептілікті жүргізеді.

Қазынашылықтың ұйымдық құрылымы Қаржы Министрлігі құрамындағы қазынашылық Департаментінен және оған бағынатын облыстар бойынша аумақтық бөлімшелерден тұрады. Қазынашылық Департаментіне: республикалық бюджеттің атқарылуы; бухгалтерлік есеп және есептілік; мемлекеттік борыш (қарыз); несиелеу; ақпараттандыру; бюджеттің кассалық атқарылуын бақылау; бюджет есебі методологиясы және т.б. Басқармалар кіреді. Қазынашылыққа бюджетте тұратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшін міндетті методологиялар мен қаржылық рәсімдерді әзірлеу, мемлекеттік меншіктегі активтер есебін жұргізу жүктелген. Қазынашылыққа мемлекеттік қаражатты пайдаланатын мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік банктердің қаржылық бухгалтерлік қызметтерін тексеру құқығы берілген.

Қаржылық бақылау комитеті бақылау аясындағы ұйымдық-методологиялық және аналитикалық жұмыстарды жүзеге асырады. Оның органдары халық шаруашылығының барлық салаларының мемлекеттік кәсіпорындары мен ұйымдарына және қызмет көрсету аяларындағы халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен мекемелеріне, қорғаныс және құқықтық тәртіпті қорғау кәсіпорындары мен ұйымдарын басқару органдарына тексерулер (ревизиялар) жүргізеді. Олар сондай-ақ несие және валюта ресурстарының пайдаланылуын, бағалы қағаздар бойынша заңнамалардың орындалуын бақылайды.

Сыртқы қарыз алу жөніндегі комитет сыртқы көмек тәртібінде алынатын қаражаттардың түсуі мен пайдаланылуын үйлестіреді, жобаларға, тауарлар сатып алу мен төлемдер жасауға қаржылық сараптама мониторинг жүргізеді, займдар мен оларды өткізу бойынша ұсыныстар дайындайды, ел экономикасына тікелей инвестициялар тартуға жәрдемдеседі, капиталдар нарығын талдайды және оның белсенділігін арттыруға көмектеседі.

Облыстық, қалалық, аудандар жергілікті қаржы басқармалары мен бөлімдері кіретін жергілікті қаржы органдарының аппараты, қаржы Министрлігі жүйесіндегі сан жағынан ең көбі болып саналады. Олар өзінің қызметі процесінде қаржыларды жедел басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, яғни жерглікті бюджеттерді болжаумен, жоспарлаумен, жасаумен және атқарумен, ішкі шаруашылық резервтерін анықтаумен, халық шаруашылығының барлық буындарында және әлеуметтік-мәдени аяларда ресурстарды үнемдеуді іздеумен айналысады және шаруашылық органдарының қаржылық қызметін бақылайды.

Қаржы органдары: жоғары тұрған қаржы органына немесе қаржы Министрлігі мен жергілікті әкімшілікке (әкімдікке), екі жақты бағыныста болады.

Республикалық бағыныстағы қаланың қалалық қаржы басқармасының құрылымына, негізінен, мыналар кіреді: басшылық құрам, кадрлар бөлімі, бюджет бөлімі, білім және мәдениет мекемелерін қаржыландыру бөлімі, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі және т.б. бөлім.

Шаруашылықтағы ішкі резервтерді анықтау және жұмылдыру мен үнемдеу режимін (тәртібін) сақтау және қала, аудан бюджетінің орындалу барысын бақылауды жүзеге асыру бойынша қала, аудан бюджетін жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бюджет бөлімінің, бюджет жөніндегі инспекцияның негізгі міндеттері болып саналады.

Облыстық, қалалық қаржы басқармалары мен аудандық қаржы бөлімдерінің кірістердің түсуін болжау және экономикалық талдау бөлімдері салықтар мен кірістердің мемлекеттік бюджетке жылдық түсуіне болжам жасауды және осы кірістердің түсуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуы туралы есептілік жасайды.

Қаржы жүйесінің аппараты өз қызметін ҚР Конституциясына сәйкес қолданылатын заңнамаларға сүйене отырып, Республика Үкіметінің өкімдерімен, жергілікті әкімшіліктердің шешімдерімен, қаржы министрлігінің, мемлекеттік кірістер министрлігінің бұйрықтарымен, нұсқаулықтарымен және нұсқауларымен жүргізеді.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 260; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты