Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Аржы тетігі, оның мазмұны мен құрылымы




Қаржы тетігі – қоғамдағы қаржыларды және экономиканы басқару жүйесіндегі белсенді элемент.

Кез келген мемлекетте қаржы саясатын жүзеге асыру, оны өмірде табысты жүргізу үшін, экономикалық қатынастарды басқару және оның реттеуіш элементі ретінде, қаржы тетігі қолданылады. Ол экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында, қоғамда қолданылатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.

Қаржы тетігіне, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлері, формалары мен әдістері, оларды сандық тұрғыдан анықтау тәсілдері кіреді. Қаржы тетігі іс-қимыл жағдайында қарастырылады, ол белсенді және оған күрделі элементтер кіреді, ішкі жүйеге ие.

Қаржы тетігі, тұтастай алғанда шаруашылық тетігі ретінде, оған тән ішкі құрылымға ие. Оған сипаттама беру үшін, ішкі жүйе, блок, элемент сияқты жүйелік талдау ұғымдарын пайдаланған мақсатқа сай келеді.

Қаржы тетігінің ішкі жүйесі (бөлігі) қаржы тетігінің неғұрлым түбегейлі қозғаушы күштері – қаржылық жоспарлауды, қаржы тұтқалары мен ынталандыруларын, ұйымдық құрылымды, қаржы жүйесінің құқықтық тәртібін (режимін), қаржылық бақылауды білдіреді. Егер, қаржы жұмыстары мен бақылауды жоғары дәрежеде ұйымдастыру кезінде, айқын бағдарларды әзірлеу негізінде қаржы ресурстарын жоспарлаумен арада логикалық өзарабайланыс бар болса, онда қаржы тетігі өзін объективтік талаптар шеңберлерінде көрсететін болады.

Қаржы тетігінің блогы (буыны) – бұл жалпы үлестік бағытталушылық белгісі бойынша, бірыңғай өзарабайланысқан элементтердің жиынтығы.

Блокқа мыналар кіреді: қаржы болжаулары, жоспарлары мен баланстары, қаржы көрсеткіштері, ұдайы өндірісті қаржылық қамтамасыз ету және ынталандыру қорлары, қаржы қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер. Құрамды блоктар ғана қаржы тетігі ұғымын кеңірек түсіндіреді. Сонымен бірге болжаулар мен жоспарлар, егер олар негізсіз болатын болса, қаржы көрсеткіштерін бұрмалауға әкеледі, ал бұл асығыс шешім қабылдауға, әртүрлі түзетулер жасауға ұрындырады.

Қаржы тетігі элементі – бұл, сол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері сипатты түрде көрінетін, ең қарапайым форма. Мемлекеттің мүдделері мемлекеттік қаржыларды қалыптастыруға, экономика аясы мен әлеуметтік аядағы мемлекеттік бағдарламаларды қаржылық қамтамасыз етуге, ал шаруашылық субъектілерінің мүдделері – қаржылық орнықтылықты және экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Қатысушылардың өзара қарсы мүдделері қаржы тетігінің көмегімен қанағаттандырылады.

Оның динамикалылығы, тұрақты жетілдіріліп отыруы, шаруашылық тетігінің буындарымен тығыз өзара іс-қимылы қаржы тетігінің өзіндік ерекшеліктері болып саналады.

Қаржы тетігін құрайтын элементтердің қолданылуын өзге экономикалық тетіктерді құрайтын элементтермен бірге, қоғамның, шаруашылық есептегі буындардың, жекелеген қызметкерлердің үйлесімін ескере отырып, нақты жағдайлардағы олардың іс-қимылы жағдайында қарау қажет.

Экономикалық тетіктің күрделі жүйесі, оның буындары, тұтқалары, элементтері, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде алдыға жылжытылатын және шешілетін міндеттерге, оның өндірістік қатынастарына немесе халық шаруашылығы салаларының қандай да бір аяларының дамуымен байланысты осы қатынастардың бір бөлігіне сәйкес, тұрақты өзгерісте, өзара іс-қимылда болады.

Нарықтық экономиканың және нарықтық қатынастардың тереңдеуі жағдайларында, акционерлеу, дивидендтер, лицензиялар, валюта қорлары сияқты ұғымдар тәжірибемізге енуде, салықтардың жаңа түрлері, ақша қаражаттарының нысаналы аударымдары қолданысқа енгізілуде. Қаржы тетігі күрделі сипатқа ие болуда, салық төлемдері, дивидендтер аясындағы өзара талаптар мен міндеттемелер күшейе түсуде.

Экономиканы басқару мен шаруашылық тәжірибесінде қолданылатын, жоғарыда айтылған экономикалық тетіктің компоненттері кәсіпорындар мен фирмалар қызметінің белсенділігін арттыруға, қоғамдағы қайшылықтарды тереңдетпеуге, керісінше нарықтық қатынастарға қатысушылардың бүкілінің ортақ мүдделерін қанағаттандыруға шақырылған.

Әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дамуындағы қазіргі кезеңдегі қаржы тетігін жетілдіру міндеттері, өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық бастауларды, нарықты реттеуді енгізумен, шаруашылық жүргізу нәтижелеріне экономикалық мүдделілікті күшейтумен байланысты болып отыр. Жеке меншік пен мемлекеттік меншіктің қатар қолданылуы, жеке бизнестің қатысуы, ел ауқымындағы қаржы тетігінің белсенділігімен реттеледі.

Ақшалай кірістерді, жинақтар мен қорларды ұтымды пайдалану арқылы өндірістің түпкі нәтижелеріне, қаржы ресурстарын қалыптастыруға, қаржы нарығының жұмыс істеуіне қаржы тетігі ықпал ететін болады.

Қаржы тетігі қоғамдағы өндірістік қатынастардың барлық жақтарына өткіш келеді. Сондықтан да пәрменді, жақсы тәжірибеде өзін көрсеткен қаржы тетігінің көмегімен өндірістің көлемі мен сапасына белсенді түрде ықпал етуге, оның тиімділігін арттыруға және оның өсуі үшін экономиканы қаржы ресурстарымен, ал мемлекетті әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды орындау үшін орталықтандырылған меншікті мемлекеттік қаржылармен қамтамасыз етуге болады.

Егер оның тұтқалары мен ынталандыру құралдары дұрыс пайдаланылмаған болса, қаржы тетігінде қатынастардың қиындай түскенін көруге болады. Мысал үшін, салықтардың қолдануға қолайсыз мөлшерлемелері, салық салудың көп саны мен рабайсыздығы, табыстың төмендігінен дивидендтер төлемеу, шаруашылық субъектілерінің қаржылық мүделілік танытатын аясына шектеулер енгізу, қоғамдағы қаржы тетігінің белсенді рөлін теріске шығаруға әкеледі және керісінше, қаржы тетігі тежегішке айналады. Тек құқықтық нормаларға сүйенген объективті экономикалық, қаржылық, мемлекеттік саясат қана қаржы тетігінің мүмкіндіктерін дұрыс жүзеге асыруға қабілетті. Қаржы саясаты қаржы тетігін жүзеге асырушы, ал қаржы құқығы – қаржы тетігінің қолданысын әзірлеу негізі болып табылады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 293; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты