КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жеделдетiлген нормалау .Әдеттегi гигиеналық нормативтердi орнату әдiстерi ұзақ, қыйын, көп материалдың шығынды қажет етедi. Оның үстiне санитарлық регламент бекітуді қажет ететiн химиялық заттардың саны қазiргi кездегi бар зертханалардың мүмкiншiлiктерiнен әлде-кайда көп. Көрсетiлген проблеманы шешудiн бiр жолы - жылдамдатылған нормалау әдiсiн дайындау. Бұл үшiн екi талап сақталуы қажет . 1. Зерттеу бағдарламасын ғылыми негiзде қысқарту. 2. Нормалау мөлшерiн анықтау сенiмдiлiгiн сақтау. Негiзiнен мұндай экспресс-әдiстер есептеу әдiсi болып табылады және есептеудi келесi көрсеткiштер бойынша жүргiзедi: · токсикометрия параметрлерi (LD50, LС50) бойынша; · басқа ортадағы нормативтер(ПДК) бойынша; · заттың физикалық-химиялық қасиеттерi бойынша, (молекулярлық массасы, қайнау температурасы т. б.); · жасуша культурасына уыттығы бойынша; · гидробионттарға уыттылығы бойынша; · басқа елдерде дайындалған нормативтер бойынша; · химиялық құрылымы бойынша жүргiзiледi. Экспресс-экспериментке негiзделген және басқа орта объектiлеiрi үшiн бекітілген ШРЕК негiзiнде есептеу ең сенiмдi болып табылады. Басқа елдердiң ШРЕК - терiн пайдалануға, тек нормативтердi негiздеу әдiстерi мен қағидалары біздің елдегіге толық сәйкес келгенде ғана рұқсат етiледi. Гигиеналық болжау. 1972 ж. академик Г.И.Сидоренко, келешектегi қоршаған орта мен халықтың денсаулық жағдайын бағалауға мүмкiндiк беретiн, гигиеналық болжау теориясын ұсынды. Жақын және қашық болашаққа болжау есептеулерiн жүргiзу келешектегi алдын алу шараларын жоспарлауға және олардың тиiмдiлiгiн бағалауға мүмкiндiк бередi. Қоршаған орта мен халықтың денсаулық жағдайын болжайтын көп әдiстердiң iшiндегi екi әдiс жиi қолданылады: ол аз квадраттар әдiсi және регрессиялық моделдер әдсi. Бірiнші әдiстi қолдану үшiн, ең кем дегенде өткен 10 жылдың ретроспективтiк материалдары қажет. Бұл әдісті болжауға алынатын құбылыстың динамикалық қатарындағы көрсеткiштерi салыстырмалы түрде тұрақты болған кезде және фактор белгiлерiнiң шұғыл өзгеруi жоқ кезде қолданған жөн. Ең аз квадраттар әдiсi құбылысқа әсер ететiн факторларды есепке алмай, тек құбылыс динамикасындағы өзгерiс бағыттылығын (тенденциясын) көрсетедi. Сондықтан болжауды 5 жылдан артық мерзiмге жасаудың жөнi жоқ. Регрессиялық моделдер әдiсi, жалпы заңдылықтарды көрсететiн регрессия сызықтық теңдеулерiн алуға мумкiндiк бередi. Мысалы, атмосфераның ластануы жөнiндегi есептеу жолымен алынған мәлiметтер болса. 10-15 жыл келешектегi халықтың денсаулық деңгейi жөнiнде ойлауға болады, демек қажеттi табиғатты қорғау шараларын негiздеуге де болады. III-ТАРАУ. АУА ОРТАСЫНЫҢ ГИГИЕНАСЫ
|