Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Азақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру және оның соғысқа дейінгі кезеңде дамуы.




Читайте также:
  1. B) цемент, асбест және су
  2. Lt;variant>Жылдың ішінде өндірілген тауар мен қызметтің құны.
  3. VIII.-тарау. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы
  4. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы
  5. АҚ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі
  6. Ақпарат жүйелерін жобалау әдістері және технологиясы.
  7. Ақпарат тарату және зат пен энершия айналымы заңдылықтары
  8. А) құжатқа көрсетілген жолдар және бағандар санымен кесте қойылады
  9. А) - функциялары аралығында сызықты тәуелсіз және олардың әрқайсысы көрсетілген біртекті теңдеудің шешімдері
  10. Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде жер беті және жер асты сулардың ластануы.

Қазақстан аумағында біртұтас денсаулық сақтау және санитарлық эпидемиологиялық қызметті құру бастамасын 1917 жылғы Қазан Социалистік Революциясы бастады. 1920 жылы 26 тамызда Бүкіл одақтық орталық атқару комитетінің және Халық комиссарлары кеңесінің (ХКК) Декретімен Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Ал, 1921 жылы 20 мамырда бірінші Бүкіл қырғыздық (қазақ) денсаулық сақтау қайраткерлері кеңесінің шешімімен Республиканың денсаулық сақтау Халық комиссариатының құрылымына бірінші рет санитарлық-эпидемиологиялық бөлім енгізілді. Оның құрамына 4 бөлімшелер: санитарлық, эпидемиялық, санитарлық-статистикалық және медициналық-санитарлық ағарту бөлімшелері кірді. Республикадағы барлық санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды жалпы басқару санитарлық-эпидемиогиялық бөлімге жүктелді. Санитарлық-эпидемиологиялық бөлімнің бірінші меңгерушісі болып дәрігер Ю.Я. Геращенков тағайындалды, ал 1923 жылы оның орнына М.М. Чумбалов тұрды.

Санэпидқызметтің міндеттерін, құрылымын, оның құқықтарын бірінші рет анықтаған, сонымен қатар, мамандандырылған санитарлық-профилактикалық мекемелерді құрудың бастамасын бастаған 15.09.1922 жылы шыққан, тарихи маңызды құжат «Республиканың санитарлық органдары туралы» деп аталатын Ресейдің Кеңестік Федеративтік Социалистик республикасының Халық комиссарлары кеңесінің декреті болды. Қазан революциясының және жиырмасыншы жылдардың бастапқы кезеңі автономиялық республикада санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ауыр болуымен сипатталды. Бұл азаматтық соғыспен және сол уақыттағы күрделі шаруашылық-экономикалық жағдайлармен байланысты еді. Ол жылдары тырысқақтың, іш және бөртпе сүзектерінің, шешектің, обаның, дифтерияның, безгектің эпидемияларымен, қотырмен, туберкулезбен, ауыр санитарлық жағдайлармен күресу ең маңызды мәселе болды. Әлі жабдықталмаған, материалдық қамтамасыз етілуі нашар, жана дамып келе жатқан санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының барлық жұмысы осы мәселеге бағындырды. 1921 жылдары бүкіл республикада тек 22 санитарлық дәрігер және 3 санитарлық-бактериологиялық зертхана – Орынборда, Ақмолада, Орал қалаларында болды. Губернияларда дезинфекциялық жұмыстар нашар жүргізілді. Дезинфекциялық камералар және дезинфекциялаушы заттар жетіспеді. Губерниялық атқару комитеттері және губерниялық революциялық комитеттері жанынан ауыр эпидемиялық жағдайға байланысты, өте жұқпалы аурулардың эпидемиясымен күресуге арналған, республиканың барлық күштері мен құралдарын жұмылдырған, төтенше санитарлық комиссиялар құрылды.



Жиырмасыншы жылдардың басындағы эпидемиямен және ашаршылықтың салдарымен күресе жүріп, қалыптасуының бірінші ауыр қадамдарын жеңіп шықаннан кейін, республикадағы санитарлық қызмет әрі қарай дами бастады. 1927 жылы ХКК қаулысымен санитарлық мекемелерде дәрігерлік лауазымдардың нормативтері белгіленді, сонымен қатар, санитарлық органдардың қызметі мен құқықтары кеңейтілді. Атап айтқанда, суды, ауаны, топырақты, елді мекендерді, тұрғын үйлерді, көпшілікке арналған орындарды санитарлық қорғау, тағамдық азықтардың және басқалардың сапасын тексеру соларға жүктелді. Халықтың тұрмысын сауықтыру және халықты гигиеналық дағдыларға әдеттендіру үшін, ауылдық және селолық санитарлық комиссиялар құрылды, орыс және қазақ тілдерінде брошюралар басылды, санитарлық ағарту үйлері ашылды. Ақтөбе, Сырдария губернияларында, сонымен бірге, Қарақалпақ автономиялық облысында және Адай уезінде санитарлық-эпидемиологиялық бөлімнің бөлімшелері ұйымдастырылды.



Жаңа құрылыстың салынуымен байланысты, елді мекендерді жоспарлау мен абаттандыру жөнінде сұрақтар туды. Аз қуатты су құбырлары Семей, Петропавлда болды, ал қалған қалалар мен ауылдық елді мекендерде тұрғындар суаттардың және құдықтың суын пайдаланды. Канализация мүлде болмады, ассенизациялық арбалар тек Ақтөбеде, Алматыда, Cемейде және Оралда қолданылды. Қоғамдық кір жуатын орындар мен моншалар, іс жүзінде болмады. Елді мекендерден шақырым жерде орналастырылатын қоқыс төгілген жерлерге бақылау жүргізілмеді.



Коммуналдық жабдықталуын жақсарту үшін, бірінші бес жылдықтың жоспарында Алматыда, Ақтөбеде, Оралда, Шымкентте, жаңа өнеркәсіп орталықтарында - Қарағандыда, Ембіде, Лениногорда су тасымалдау құбырларының құрылысын салу белгіленді, сондай-ақ Петропавлдағы су тасымалдау жүйесін кеңейту, республиканың 22 қаласында ассенизациялық арбаларды ұйымдастыру және Қарағандының металлургиялық зауытында канализация салу, кір жуатын орындар мен қоғамдық моншалар салу белгіленді.

1932-1933 жж. республиканың қайтадан астықсыздыққа және ашаршылыққа ұшырауы аса жұқпалы ауралармен аурушаңдықтың жаңадан төтенше өсуіне себеп болды. Олармен күресу үшін 100 аса медициналық бригадалар жұмылдырылды, жаңа дезинфекциялық пункттер, моншалар, биттерді жоятын орындар, жұқпалы аурулар ауруханалары ашылды, іш сүзегіне, шешекке, дифтерияға, скарлатинаға қарсы жаппай вакцина егу жүргізілді. Осы аталған шараларды жүргізгеннен кейін, 1940 жылға қарай шешек, тырысқақ, оба аурулары жойылды, дизентерия, іш сүзегі, бөртпе сүзегі, малярия мен аурушаңдық та, елеулі дәрежеде төмендеді. Осы жылдарда туберкулезбен, жыныстық қатынастан жұғатын аурулармен (мерезбен зақымдануы 12% жететін), трахомамен ауқымды күрес жүргізілді. Кезек күттірмейтін медициналық мәселелерді шешу жөніндегі белсенді жұмыстарға республикада бірінші рет ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу институттары: 17.09.1925 жылы Қызыл-Ордада құрылған, Қазақ Орталық атқару комитеті атындағы Өлкелік санитарлық-бактериологиялық институты (1934 жылдан бастап - ҚССР Денсаулық сақтау халық комиссариатының эпидемиология, микробиология және гигиена институты ), Ана мен баланы қорғау институты, Қазақ мемлекеттік туберкулез институты, Өлкелік венерологиялық институты (1931 ж), Өлкелік социалистік денсаулық сақтау және гигиена институттары кірісті.

Санитарлық-бактериологиялық институт - республикадағы бірінші ғылыми зерттеу институты болды, Қазақстанда санитарлық эпидемияға қарсы қызметтің нығаюы мен дамуында және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруда үлкен роль атқарды. Институт ашылғаннан кейінгі бірінші жылдардың өзінде –ақ, сол жылдары соншалықты қажетті шешек детритін, емдік сарысулар, вакциналар өндірумен айналысты, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, клиникалық-диагностикалық зертханалық зерттеулер жүргізді, губерниялық санитарлық-бактериологиялық зертханаларға, безгек және пастер станцияларына ғылыми жетекшілік етті. Институт жанынан ұйымдастырылған курстарда санитарлық дәрігерлер, санитарлық дәрігерлердің көмекшілері, дезинфекторлар, облыстық санитарлық-бактериологиялық зертханалар үшін зертхана қызметкерлері және дәрігерлер дайындалды. Жыл сайынғы экспедицияларда санитарлық-гигиеналық мәселелер бойынша, денсаулық сақтау органдарына практикалық көмектер көрсетілді.

1930 жылы Алматы қаласында бірінші медицина институты ашылады, оған ректор болып профессор С.Д. Асфендияров тағайындалды. Кадрлардың, бірінші кезекте, тұрғылықты халықтан шыққан кадрлардың да, өте үлкен жеткіліксіздігі жағдайында медициналық жоғары оқу орындарын құру, аса керек шешім болды. 1931 жылы күз айында 1 курсқа 289 адам қабылданды, оның ішінде 51,9%- қазақтар болды.

Дәрігерлер дайындаудан басқа, институттың кафедраларында гигиеналық тұрғыда ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Гигиена кафедрасы қоршаған орта нысандарының ластануын зерттеумен, Қазақстанның қалалары мен ауылдарын гигиеналық тұрғыдан сауықтыру сұрақтарын жете зерттеп, дайындаумен айналысты. Ол кафедраны 1932 жылдан бастап 1948 жылға дейін көрнекті ғалым, гигиена маманы, профессор Н.Н. Попов басқарды. Николай Николайұлы Попов – Қазақстандағы санитарлық қызметті ұйымдастырушылардың бірі. Оның «Алматы қаласын қайта құруды санитарлық негіздеу» (1940 ж.) атты докторлық диссертациясы елді мекендерді абаттандыру жөніндегі іс жүзіндегі шараларда жүзеге асырылды. КСРО-ны мемлекеттік реформалаудан және Қазақ КСР құрғаннан кейін, 1936 жылы желтоқсан айында автономиялық республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариаты негізінде Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты құрылды. Осы кезеңнен бастап, Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің тұтас жүйесінің негізі қалыптаса басталды.

5.3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ халықтың денсаулығын қорғау ісіндегі ерекше ауыртпалық Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне жүктелді. 1941-1942 жж. республикаға бірнеше жүздеген мың адам көшірілді, 361 мың немістер Қазақстанға жер аударылды, 220-ға жуық өнеркәсіп кәсіпорындары көшірілді, 1944 жылы Солтүстік Кавказдан 617 мың адам жер аударылды. Бұл республикамызда санитарлық жағдайды айтарлықтай қиындатты.

Эпидемиялар болдырмау үшін үлкен күш салынды. Осы ауыр кезеңде КСРО Денсаулық сақтау халық комиссариатының бұйрығымен 1943 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтында (ҚазММИ) санитарлық-гигиеналық факультет ашылды. Оның алдына соғыс уақытында және соғыс аяқталғаннан кейінгі жақын кезеңдерде отанды санитарлық қорғау үшін жоғары мамандандырылған эпидемиологтар мен санитарлық дәрігерлерді дайындау міндеті қойылды.

Соғыс уақытында пайда болған мұқтаждықтар Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің тармақтарын кеңейтуді қажет етті. Мысалы, егер 1941 жылы 43 санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, 137,5 мемлекеттік санитарлық инспекторлардың штаттық дәрігерлердің лауазымдары, 4 эпидемияға қарсы отряд, 783 дезинфекциялық камералар, 3907 моншалар болса, ал 1945 жылы СЭС саны 100 дейін, санинспекторлар штаты - 274,5 дейін, эпидемияға қарсы отрядтар – 45 дейін, дезинфекциялық камералар -1438 дейін көбейді, 3332 моншалар салынды.

ҚазММИ-дегі ғылыми зерттеулердің барлық тақырыптары соғыс уақытындағы қатаң талаптарға сәйкес болды. Бомбадан қорғанатын баспаналардың ауасын тазарту, әскери бөлімдерге санитарлық қызмет көрсету, соғыс уақыттарындағы жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы, тұрғындарға вакцина егу жөніндегі сұрақтары зерттелді.

Түгелдей соғыстың қажеттіліктеріне бағытталған ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыстармен эпидемиология, микробиология және гигиена өлкелік институты айналысты. Олар 20 жуық бактериялық препараттарды: бөртпе сүзегіне қарсы вакцина, сүзек - парасүзек вакциналарын, дизентерия бактериофагын, тырысқақ монофагын, тырысқаққа қарсы моновакцинаны өндірді.

1944 жылы шілде айында республикада Тропикалық аурулар институты ашылады, ол 1945 жылы Өлкелік патология институты деп аты өзгертіледі және өлкелік медициналық мәселелерді жете зерттейтін Қазақ КСР Ғылым академиясының негізгі ғылыми-зерттеу орталығы болды.


Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 77; Нарушение авторских прав







lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2021 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты