Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Рационалды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.




Тамақтану адамға негізгі биологиялық қажеттілік болып табылады, себебі, оның өмірі тұрақты түрде тін элементтерінің шығынымен, жаңа жасушалардың және тіндердің, гормондардың, ферменттердің, антиденелердің, секреттердің, т.б. синтезімен байланысты. Егер осы шығындары тағам арқылы өтеліп отырмаса, өмірлік үрдістер тоқтап қалған болар еді.

Сонымен, тамақтану өмірлік маңызды қызметтерді қамтамасыз етеді:

а) пластикалық қызметті, осының арқасында ағзаның дамуы және жасушалар мен тіндердің үзіліссіз жаңаруы іске асады;

б) ағзадағы барлық тіршілік үрдістері үшін қажет энергетикалық қызметті;

в) ағзаны, реттеуші-каталитикалық роль атқаратын, кейбір биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз етуді;

Дегенмен, кез-келген тамақтану түрі, ағзаны оптималды физиологиялық жағдайда ұстап тұра алмайды, денсаулығының және жоғары жұмыс қабілеттілігінің сақталуын, қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті емес.

Қазіргі ғылыми көзқарастар бойынша, мұндай талаптарға рационалды (ұтымды) деп аталатын тамақтану ғана жауап бере алады.

Рационалды (латынша ratіonalіs - саналы) тамақтану - ағзаға тағамның саны мен сапа жағынан қажеттілігін толық қамтамасыз етуге қабілетті, сөйтіп барлық қуат шығынының өтелуін, бүкіл физиологиялық қызметтерінің оңтайлы өтуін, ағзаның дұрыс өсуі мен дамуын, жұмысқа қабілеттілігін, қоршаған ортаның зиянды факторларына қарсылық күшін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге, сондай-ақ, кәрілікті кешеуілдетуге және өмірін ұзартуға қабілетті ғылыми тұрғыдан негізделген тамақтану.

Рационалды тамақтанудың негізгі қағидалары:

· Тамақтану мөлшері жағынан адекватты, яғни, рационның энергетикалық құндылығы ағзаның энергия шығынын толық өтеп отыруы қажет.

· Тамақтану сапасы жағынан құнды, яғни құрамында барлық ағзаға қажетті тамақтық (қоректік) заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар, бәрінен бұрын, алмастырылмайтын құрам бөліктері қолайлы мөлшерде болуы тиіс.

· Тамақтану балансталған болуы қажет, яғни құрамы, тамақтық заттардың химиялық құрам бөліктерінің мөлшері мен арақатынастары, олардың пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйелері үшін қолайлы болуы қажет. Тамақтанудың балансталғандық қағидасы - рационалды тамақтанудың негізгі қағидасы болып табылады, ол тек негізгі тамақтық заттардың - белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың және дәрумендердің арасындағы балансталғандықты ғана емес, сонымен қатар белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттар мен дәрумендердің өздерінің құрамына кіретін заттардың да балансталғандығы туралы түсінік береді.

· Тағамның әр түрлі болуы, яғни, құрамында жануар текті және өсімдік текті азықтар және жеткілікті мөлшерде тағамдық талшықтар да болуы тиіс.

· Тағам залалсыз, яғни тағамда жұқпалы немесе паразиттік аурулардың қоздырғыштары болмауы, ал микробтық және микробтық емес токсиндердің концентрациясы гигиеналық регламенттерден аспайтын болуы тиіс.

· Жақсы органолептикалық көрсеткіштері қамтамасыз етілуі, тәбет тартатын, аз көлемде тоқтық сезімін беретін, жақсы қорытылатын және жеңіл сіңетін болуы керек.

· Режиммен тамақтану.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 1069; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты