КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Секулярлық тренд және қазіргі кезеңдегі балалардың өсу және даму ерекшеліктеріАдам биологиясында бірнеше ұрпақтар бойы жүретін өзгерістер, «секулярлық тренд» - ғасырлық дамудың бағыты деп аталады. Соңғы жүз жылдықта секулярлық тренд адам денесі өлшемдерінің және репродуктивті кезеңінің ұзақтығының өсуімен, өмір сүрудің ұзаруымен, сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен даму үрдістерінің өзгеруімен сипатталады. 20 жүзжылдықта секулярлық трендінің ерекшелігі, өсу мен дамудың акселерациясы болды. Қазіргі кезеңде акцелерация үрдісі тұрақтануымен және децелерацияның (ретардация) біртіндеп жоғарылауымен алмаса бастады. Акселерация дегеніміз бұрынғы ұрпақпен салыстарғанда, даму мен өсу қарқынының жылдамдауы, ал децелерация – баяулауы. 40 жылдардың өзінде басталған, өсу мен даму акселерациясы ең жоғарғы деңгейіне жетіп, 20 ғасырдың 60–80 жылдарында барлық жерде байқалды, ал оның ең шарықтау шыңы 70 жылдарда болды. Акселерация балалардың барлық даму кезеңдерін, тіпті құрсақішілік кезеңіне дейін қамтыды. 1 жасқа дейінгі балаларда 1 ай бұрын дене массасы екі еселеніп, еңбектерінің ерте сүйектенуі байқалды. Сүт тістерінің тұрақты тістерге ауысуы, ғасыр басындағыға қарағанда, орта есеппен, 1 жыл ертерек аяқтала бастады. Едәуір айырмашылықтар дене өлшемдері мен жыныстық жетілу мерзімдерінде де байқалды. Әсіресе, олар жасөспірімдік кезеңде айқын білінді. 80 жылдарда 15 жасар оқушылардың бойы, 20 жылдардың басындағы өз қатарларынан 15 см–ге, ал салмағы 16 кг–ға жоғары болды. Дене ұзындығы әр он жылдықта, орта есеппен, 2 см–ге жоғарылап отырды. Menarche пайда болатын жас 15 жастан 12 жас 7 айға дейін, ал қалқан шеміршігінің даму мерзімі – 9 айға, дауыстың өзгеруі – 3 айға, қасаға мен қолтықтың түктенуі – 5–5,5 айға азайды. Акселерация үрдісін анықтауда көптеген гипотезалар ұсынылады. Атап айқанда, табиғи және антропогенді сыртқы орта факторларының әсеріне: күн радиациясының циклдік белсенділігіне, ғарыштық сәулеленуге, электромагниттік фон мен электромагниттік ластағыштарға, тамақтанудың жақсаруына, урбанизацияға, қазіргі қоғамдағы өмір салтына көп көңіл бөлінеді. Сондай–ақ, балалар арасындағы жұқпалы аурулардың төмендеуінің, тұрмыс жағдайларының, оқу мен тәрбиенің жақсаруының да өзіндік қосар үлесі бар екенін теріске шығаруға болмайды. Ішкі - генетикалық фактордың да маңызы аз емес. Акселерация, аралас некелердің көбеюі нәтижесінде, гетерозиготтылықтың күшеюі салдарынан, сондай–ақ, ағзаның қоршаған орта факторларының циклді өзгерістеріне генетикалық жоспарланған бейімділігінің пайда болуынан дамыды деген ұғымдар бар. 20 ғасырдың соңынан бастап, балалар ағзасының өсуі мен даму үрдісінің ретардацияға көшуі байқалды. 80 жылдардың өзінде–ақ, балалар мен жасөспірімдердің функционалдық көрсеткіштерінің, ал 90 жылдарда - бойдың өсуі мен дене массасының және басқа соматометриялық көрсеткіштерінің төмендегені байқалды. Қазіргі кездегі балалардың ішінде, дене бітімінің “грацилизациясы” деп аталатын, дененің барлық ені мен құлашы өлшемдерінің төмендеуі, әсіресе қолайсыз болып саналатын - кеуде торы мен жамбастың сагиталдық және көлденең өлшемдерінің кішіреюі жиі кездесетін болды. Дене массалары жеткіліксіз немесе артық оқушылардың пайызы 2 есеге жуық өсті, сондай–ақ, биологиялық жасы күнтізбелік жасынан артта қалған балалардың, әсіресе қыздардың, пайыздық саны жоғарылады. Балалар мен жасөспірімдердің дене өсуіндегі теріс өзгерістер, олардағы бейімделу қабілеті мен денсаулық деңгейінің төмендегенін дәлелдейді. Ретардацияның даму себептері толығымен белгісіз болса да, оның дамуындағы әлеуметтік–экономикалық жағдайлар мен экологиялық факторлардың сөзсіз рөлі, балалар мен жасөспірімдердің тіршілік ету жағдайларын сауықтыру мәселелерін шешуді қажет етеді.
|