Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жалпы білім беретін мектептердегі оқу жүктемелерінің нормалары.




Апталық сағатпен берілген жүктеме Мек-теп алдындағы Сыныптар
Өзгертілмейтін ( инвариантты) оқу жүктемесі 20,5            
Өз таңдауы бойынша сабақтар, факультатив-тер, курстар (жоғары сыныптардағы салалық пәндер, қолданбалы курстар ) 1,5   -              
Жеке балаға және топқа кеңес беру   -            
Максималды оқу жүктемесі

 

Максималды оқу жүктемесі минималды міндетті түрдегі, өзгертуге жатпайтын сағаттар жүктемесінен, сонымен бірге, оқушылар өздері таңдап алған сабақтарға, факультативтерге, курстарға, жоғары сыныптарда – салалық пәндерге, қолданбалы курстарға берілетін сағаттардан және жеке балаға, балалар топтарына кеңес беру мен белсенді–қимыл сипатындағы сабақтарға бөлінетін сағаттардан тұрады. Максималды оқу жүктемесі бірінші сынып пен он бірінші сынып аралығында 24 сағаттан 39 сағатқа дейін көбейеді. 10–11 сыныптарда, ол негізінен оқушылар өздері таңдап алған сабақтар, факультативтер, салалық пәндер және қолданбалы курстар сабақтарына бөлінген сағаттардың едәуір көбеюі есебінен өседі. Факультативтерді таңдау, балалардың бейімділігі мен қалауы бойынша, екінші сыныптын өзінен басталады. Бастауыш сыныптарда оларға 1 сағат, 5–9 сыныптарда – 3 сағатқа дейін, 10–11 сыныптарда–14 сағат бөлінеді. Факультативтік сабақтар міндетті түрдегі сабақтардың саны ең аз күндерінде жүргізілуі керек.

Оқу аптасы 5 күндік және 6 күндік болуы мүмкін. 6 күндік аптаға қарағанда, оқу жоспарын орындау қысқа мерзімге жоспарланатындықтан, 5 күндік апта көбірек қажытады. Сонымен қатар, сабақтар санының артуының алдын алу мақсатында, дене шынықтыру тәрбиесі мен эстетикалық тәрбие беру пәндерінің сағаттары қысқартылады, нәтижесінде қиын пәндер сабақтары арасындағы тиесілі демалыс қамтамасыз етілмей, балаларға түсетін жүктемені күрт көбейтеді. Оқу апталары арасындағы екі күндік үзіліс, сондай–ақ, балалардағы динамикалық стереотиптің бұзылуына және келесі аптаның басындағы жұмысқа төселу кезеңінің едәуір созылуына әкеледі. Сондықтан, жеке пәндер тереңдетіліп оқытылатын жалпы білім беру ұжымдарында 5 күндік аптаға рұқсат етілмейді. Сондай–ақ, оны бастауыш мектепте де қолдану орынды емес.

Мектептерде оқу сабақтары таңертеңгі сағат 8–ден ерте, ал 6 жастан барған оқушыларда 9-дан ерте басталмауы керек. Сабақтың одан ерте басталуы ағзаның биоырғағына сәйкес келмей, оқу үрдісінің тиімділігіне кедергі келтіреді және тез қажу дамуына әкеледі. Бірнеше ауысыммен жұмыс істейтін, жалпы білім беру мекемелерінде бастауыш мектеп сыныптары, бесінші, бітіруші және орта және жоғарғы сыныптардағы оқушылар үшін– 45 минут. Бірінші сыныптағы оқушылар үшін сабақтың мұндай ұзақтығы, отырған кездегі шамада артық статикалық жүктеме нәтижесінде, қажытады. Сондай–ақ белсенді көңіл бөлу қабілеті тек 30–35 минут ғана сақталады, содан кейін жұмысқа қабілеттілігі күрт төмендейді.

Соған байланысты бірінші сыныпта, оқу жүктемесі біртіндеп көбейтілетін, оқу сабақтарының сатылы режимі қолданылуы керек. Қыркүйекте, күніне ұзақтығы 35 минуттан үш сабақ, екінші тоқсаннан бастап – әр қайсысы 35 минуттан 4 сабақ; екінші жарты жылдықтан бастап сабақтар 45 минуттан болады. Еңбекке баулу сабақтарынан басқа, жұпталған сабақтарға рұқсат етілмейді. Бірінші сынып оқушыларына жыл ішінде қосымша апталық демалыс күндері беріледі.

5 күндік те, 6 күндік те оқу апталарында сабақтардың саны күніне бастауыш мектепте – 5, ал негізгі мектепте – 6 сабақтан аспауы керек. Мектепте күн тәртібін құрастыруда, оқу күні мен аптасы бойындағы оқушылардың жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы ескерілуі қажет. Жұмыс қабілеттілігі төмен күндер дүйсенбі мен жұма болып табылады: дүйсенбіде оқуды игеруді бастау ғана, ал жұмада аптаның өткен күндерінде пайда болған қажу айқын біліне бастайды. Сенбіде, әдетте, алдағы демалысқа дәмелену сезімімен, жұмысқа қабілеттіліктің аздап жоғарылауы («соңғы қарқын») байқалады. Жұмысқа ең қабілетті күндер - сейсенбі мен сәрсенбі, ал бейсенбіде қажудың алғашқы белгілері пайда болады. Жоғары нәтижелі күндерге, басқа күндерге қарағанда, қиын және қажытатын пәндер қойылуы тиіс, ал дүйсенбі мен жұмада олардан оңай пәндер оқытылуы қажет. Бұл күндері бақылау жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар, өте күрделі және кең ауқымды сабақ тапсырмасын беруге болмайды. Пәндер қиындығы баллмен берілетін, арнайы шкалалар (В.И.Агарков,1986 және И.Г. Сивков, 1975, 9.9-, 9.10- кестелер) бойынша анықталады.

 

9.9.- кесте Бастауыш сынып оқушыларына арналған пәндер қиындығының шкаласы. (Агарков В.И.,1986)   9.10.- кесте Жоғары сынып оқушыларына арналған пәндер қиындығының шкаласы (Сивков И.Г., 1975)
Пәндер Балл   Пәндер Балл
Математика   Математика, орыс тілі (ұлттық мектеп)
Орыс тілі (ұлттық тілдер)   Шет тілі
Табиғаттану   Физика, химия
Орыс әдебиеті (ұлттық әдебиеті)   Тарих
Тарих   Жаратылыстану, география
Сурет пен ән   Дене шынықтыру тәрбиесі
Еңбек   Еңбек
Дене шынықтыру тәрбиесі   Сызу
      Сурет
      Ән-күй

 

Әдетте, қиын пәндерге жоғары сыныптар үшін – математика, тілдер, физика, химия, кіші сыныптар үшін – математика, тілдер, табиғаттану, әдебиет жатады. Бірақ та, бұл пәндерге қарағанда, оқушыларға жаңа меңгере бастаған пәндердің де қажытатын әсерінің айқындылығы аз емес екені көрсетілген. Мысалы, бастауыш мектепте бұл - әдебиет, тарих, табиғаттану, ортанғы сыныптарда – информатика, география, тарих, жоғары сыныптарда - әдебиет, география, салалық пәндер.

Егер аптаның әр күніндегі пәндер бойынша балл жиынтығының қисығын сызса (график), онда дұрыс құрастырылған сабақ кестесінде, қисық сызықта екі өсу нүктесі байқалады – сәрсенбі мен жұмада немесе бір өсу нүктесі - сәрсенбіде немесе бейсенбіде (9.2.- сурет).

Оқу жүктемесі апта күндері бойынша біркелкі бөлінсе немесе дүйсенбі мен сенбі күндерінде, басқа күндерге қарағанда, жоғары болса, бұндай сабақ кестесі ұтымсыз деп саналады. Қажуды аптаның ішінде ғана емес, аптаның әрбір күнінде оқу жүктемелерін және қиын пәндерді тиімді бөлу арқылы да алдын алу керек. Ең қиын пәндерді тұрақты жұмыс қабілеттілігінің жоғарғы кезеңінде – екінші немесе үшінші сабақтарда, ал орташа қиындықтағы немесе екінші дабылдар жүйесі күшімен оқытылатын пәндерді (орыс тілі, әдебиет, география және т.б.) – оқу күнінің басында береді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 425; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты