КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Стационардың негізгі функционалдық элементі ретіндегі -палата бөлімі.Палаталық бөлімінде науқастардың сырқатының түрін анықтау, емдеу және күтім жасау жүргізіледі. Санитарлық нормаларға сәйкес, палата бөлімдерін келесі түрлерге бөледі: · Үлкен адамдарға арналған, жұқпалы емес аурулардың (оның ішінде психиатриялық та); · Аурулары жұқпалы емес балаларға арналған; · Жұқпалы ауруларға арналған; · Радиологиялық; Жұқпалы аурулар және радиологиялық бөлімдері аурухананың мамандандырылған бөлімдері, себебі, жұқпалы аурулар бөлімінде тек жұқпалы аурулары бар адамдар, ал, радиологиялық бөлімде – сырқаттарын емдеуде иондағыш сәулелер қолданылатын науқастар емделеді. Жұқпалы емес аурулар бөлімдері әр түрлі мамандандырылған бөлімдерге бөлінеді: терапевтік, хирургиялық, акушерлік, гинекологиялық, балалар бөлімдеріне. Мүңдай бөлімдердің әр біреуінің өзі жеке мамандық салаларына бөлінуі мүмкін. Мысалы, хирургиялық бөлімдердін ішінен нейрохирургия, кеуде және іш хирургиясы, травматология және басқада бөлімдерге бөлінуі мүмкін. Стационардың негізгі функционалдық элементі болып табылатын палата бөлімі, әдетте, 60 төсекке есептелді және палата секцияларынан тұрады. Төсек саны аз (30) бөлімдер де, болуы мүмкін. Палаталық секция деп, сырқаттары бір түрдегі 25-30 науқасты емдеуге арналған палаталардың, емдеу- қосалқы және көмекші бөлмелердің кешенін айтады. Бұл, стационардың негізгі функционалдық элементі болып есептеледі. Үлкен адамдарға арналған палаталық секцияларда келесі бөлмелерді бөледі: 1. Ауруларға арналған – палаталар, күндізгі уақытта болатын бөлмелер, холлдар және верандалар; 2. Емдік-қосалқы: меңгерушінің кабинеті, дәрігерлердің кабинеті, ем-шара бөлмесі, жара таңу (хирургиялық бөлімде), кезекші медбике посты, клизма жасау бөлмесі; 3. Шаруашылық: буфет, асхана, аға медбике және шаруашылық бике бөлмесі; 4. Санитарлық жүйе: ванна бөлмесі, қызметкерлер мен науқастарға арналған дәретхана, жуынатын бөлме, ластанған киім-кешек сақтайтын, дәрет ыдыстарын жуатын және стерильдейтін, клеенкаларды жуатын және бөлмелерді жуып-жинайтын заттарды сақтайтын бөлмелер; 5. Палата дәлізі. Бөлім 2 секциядан тұратын жағдайларда, кейбір бөлмелерді қос-қостан етпей, жалпы - емдеу және диагностикалық кабинеттер, асхана, буфет және қызмет бөлмелері ретінде пайдаланады. Бөлім өтпелі болмауы керек, себебі, бактериялармен ластану деңгейін, шу деңгейін және аурухана ішілік инфекция таралуын жоғарылатады. Науқастар уақытының негізгі бөлігін өткізетін орны - палаталар, олар 4 төсектен артыққа есептелмеуі тиіс. Бір палатадағы төсек саны, бұрынғыдай, 10-15 болған жағдайда, аурухана ішілік инфекция даму қаупін жоғарылатады, науқастар үшін психологиялық дискомфорт жағдайын тудырады, әсіресе, егер палатада сырқаты ауыр науқастар болса. Одан басқа, микроклимат және тұрмыстық жағдайлары едәуір нашарлайды. Әрбір палата секциясында 60%, 4-төсектік палаталар және - 20%-дан, ауыр сырқаттанған немесе тұрақты түрде күтім қажет ететін науқастарға арналған 1 немесе 2 төсектік палаталар қарастырылады. Үлкен адамдарға арналған жалпы соматикалық бөлімдердегі палатада 1 науқасқа есептелген, ауданы 7м2, туберкулездік және жұқпалы аурулар палаталарында – 7,5м2, балалар бөлімдеріндегі жұқпалы емес аурулар палатасында - 6 м2 және жұқпалы аурулар палатасында - 6,5 м2, қарқынды емдеу палатасында - 13 м2 болуы тиіс (10.1.-кесте). Төсектердің ара қашықтығы 0,8-1 м кем болмауы керек. Сыртқы қабырғадан қашықтығы 0,9-1 м кем болмауы тиіс. Кезекші медбикенің қызмет орнын орналастыруда, барлық қызмет көрсету палаталары, дәліз, санитарлық жүйелер және басқа да науқастар баратын бөлмелер көрініп тұратындай жерде болуы керек. Қызмет орнынан палаталарға дейінгі қашықтық 15 м аспауы керек. Қызмет орнында қажетті жабдықтар: стол, шкаф, стерильдеуші, тоңазытқыш, қол жуғыш, телефон, палатадан медбикені шақыруға арналған және медбике мен науқас бір-бірімен сөйлесу (немесе бейнелесіп сөйлесу) аппараттарынан тұратын дабыл блогы болуы керек. Кесте
|