Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


осымша әдебиеттер




1. Борисов Е.Ф. Экономическая теория: Учебник. – М.; 2001 г.

2. Курс экономической теории: учебник. П.р. Чепурина М.Н. – Киров; АСА, 2001 г.

3. Макконел Р., Брю С. Экономикс. – М.: – 2000.

4. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика – М; Дело. – 1995г.

5. Сожина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория; Учебник. – М.,: НОРМ., 2001г.

6. Құдайбергенов Н.А. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 ж.

7. Нұрпейісова Ә.К. Микроэкономика, Алматы, 2009 ж.

8. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика, Алматы, 2008 ж.

9. Теоретическая экономика. Политэкономия. Учебник для Вузов. Под.ред. Журавлевой Г.П. – М.: ЮНИТИ. – 1998 г.

10. Жазылбек Л.И. «Актуальные вопросы вступления Казахстана в ВТО в условиях глобализации» Материалы международной научно-практической конференции: «Национальная экономика в векторе глобального развития». Алматы: КазНУ им. Аль-Фараби, 2005 г.

11. Жазылбек Л.И. «Білім беру жалпы ұлттық басымдылық ретінде Қазақстан экономикасының бәсекелестігінің негізі». «Модернизация высшего образования как залог конкурентоспособности экономики РК» МНПК КазНПУ им.Абая, 30.04.2009 г.

12. Жазылбек Л.И. «Зарождение и некоторые особенности рекламной деятельности в Казахстане». «Инновационное развитие и интеграция Казахстанской экономики в условиях глобализации». МНПК КазНПУ им. Абая, 30 апреля 2008 г.

13. Шадиев Қ.Х. Қазақстанның инновациялық жүйесінің даму механизмі. Абай атындағы ҚазҰПУ, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция: «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсеке қабілеттілігі ретінде жоғары білімді жетілдіру», 30.04.2009 ж.

14. Шадиев Қ.Х. Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған «Қолданбалы экономика» бағдарлы және қолданбалы элективті курс бағдарламасы (жаратылыстану-математика бағыты), Алматы, 2007 ж.

15. Шадиев Қ.Х. Қазақстанның ғаламдық ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану үдерістері. Абай атындағы ҚазҰПУ, ХҒТК: «Қазақстан, Ресей және Беларуссия кедендік Одағы: тереңдетілген экономикалық интеграция», 28.10.2010 ж.

 

· Анықтамалық әдебиеттер:

1. Экономический словарь. Под ред. Архипова А.И. -М.:2006г.

2. Е.Е. Румянцева. Новая экономическая энциклопедия. Москва. Инфра- М. 2006.

3. Программа О Стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы.

4. Қазақстандағы әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдаған жолдауы.- А.2004.

5. ҚР Статистика агенттілігінің жинағы, 2010-2011жж.

 

 

· Нормативтік әдебиеттер:

1. Конституция Республики Казахстан, - А, 1995

2. Закон О Валютном регулировании и валютном контроле

3. Закон Об Инвестиционном фонде Казахстана

4. Закон О республиканском бюджете на 2006 год

5. Закон О частном предпринимательстве, 2002.

6. Закон О государственной поддержке инновационной деятельности

7. Закон Об обязательном гарантировании депозитов,размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан

 

 

· Интернет көздері

1. www.elitarium.ru

2. www.mrsei.ru/gup/zenoobrazovanie/zenoobrazovanie

3. www.e-college.ru/xbooks

4. www.gsom.pu.ru/courses_emba/pricing/

5. www.referat.freecopy.ru

6. www.instud.org/user/file

7. www.chibl.ru/lib/study/worldeconomica

8. www.BestReferat.ru

9. www.aup.ru/books

10. www.kea-economics.kz/kk/economic-publications

11. www.alleng.ru/d/econ/econ022.htm

12. www.ruop.ru/category/nacionalnaya-ekonomika

13. www.zakon.kz

14. www.elitarium.ru

 

 

· Электрондық тасуыштардың тізімі

1. revolution.allbest.ru/economy

2. lib.aldebaran.ru/author/koshelev_anton/koshelev_anton_nacionalna...

3. works.tarefer.ru/99/101748/index.html

Интернет-ресурстардың тізімі:

1. www.elitarium.ru

2. www.mrsei.ru/gup/zenoobrazovanie/zenoobrazovanie

3. www.e-college.ru/xbooks

4. www.gsom.pu.ru/courses_emba/pricing/

5. www.referat.freecopy.ru

6. www.instud.org/user/file

7. www.chibl.ru/lib/study/worldeconomica

8. www.BestReferat.ru

9. www.aup.ru/books

10. www.kea-economics.kz/kk/economic-publications

11. www.alleng.ru/d/econ/econ022.htm

12. www.ruop.ru/category/nacionalnaya-ekonomika

13. www.zakon.kz

14. www.elitarium.ru

 

 

Глоссарий

 

Абстракция – талдаудан кездейсоқ екіншілік құбылыстарды алып тастап, зерттелетін объектен мәнді тұрақты құбылыстарды іздеп табуды көздейтін ғылыми зерттеудің әдісі.

Автаркия – ұлттың өзін-өзі экономикалық жағынан қамтамасыз етуіне және елдің экономикасы басқа елдердің экономикасынан дербес болуына бағытталған саясат.

Автоматты қазыналық саясат – үкімет саласынан ешқандай шара қолданбай, іскерлік цикл барысында, конъюктураның өзгерістеріне экономиканың автоматты түрде жауап беруін қамтамасыз ететін, кіріктірме тұрақтандырғыштар жүйесі.

Авуарлар – есебінен төлем жасауға болатын ақша құралдары, шетел банкілеріндегі банкінің активтері.

Аграрлық өнеркәсіптік кешен (АӨК) – ауыл шаруашылық шикізаттарынан азық-түлік және тауарлар өндіретін сала, АӨК үшін еңбек құралдарын өндіретін және оның инфрақұрылымдық салаларының жиынтығын құрайтын экономиканың ерекше сферасы.

Ағымдағы операциялар балансы – тауарлардың, қызметтердің және валюта аударуының экспорты мен импорты көлемдері туралы есеп.

Ағымдағы шот – коммерциялық банкілердегі немесе басқа мекемелердегі мерзімсіз салым немесе талап етілмеген салым ақша.

Адами капитал – инвестициялардың нәтижесінде қалыптасқан және қоғамдық ұдайы өндірістің осы немесе басқа сферасында мақсатты түрде пайдаланатын, адамның жинақталған денсаулығының, білімінің, тағдырының, қабілетерінің, мотивацияларының белгілі қоры, еңбек өнімділігін және өндірістің тиімділігін өсіруге ат салысады, сөйтіп осы адамның табыстарының өсуіне көмектеседі.

Баға – ақшаға шағылған тауардың құны, тауардың, қызметтің бірлігін алу үшін басқа бір нәрсені құрбан ету.

Баға белгілеу (котировка) –1) қор биржасында бағалы қағаздарды сату үшін қабылдау; 2) біріншілік нарықта акциялар мен тауарлардың бағаларын белгілеу.

Баға индексі – нарықтық қоржынның бағасының өзгерістерінің динамикасын көрсететін индекс.

Баға қырқысы – олигополиялық нарықта бәсекелес фирмалардың бағаны тізбектеп төмендетуі.

Баға өсуінің жоғарғы шегі – осы тауардың заңмен бекітілген ең жоғарғы шегі.

Бағалы қағаз – белгіленген тәртіп бойынша мүліктік құықты куәландыратын құжат, оны орындау немесе тапсыру, соны ұсынғанда мүмкін болады.

Баланс – иелену құралары (активтер), міндеттемелер (пассивтер) және меншікті капитал көрсетілетін, есеп беру формасы.

Балансталған өсудің мультипликаторы – көрсеткіш, бұл мынаны белгілейді: ұлттық табыстың өсімі мемлекеттік сатып алудың өсім дәрежесіне тең және салықтардың бір мезгілде осындай өсуіне тең.

Балансты пайда – матеиалдық шығындардың, амортизацияның және жалақының сомасымен және өнімді сатудан келген ақшалай түсімнің айырмасы.

Банк – ақша ресурстарын тартумен және оларды орналастырумен айналысатын экономикалық институт.

Банкнота – банк билеттері, орталық эмиссиялық банк айналысқа шығарған қағаз, ақша белгілері, банкир векселі, банкінің борышқорлық міндеттемесі.

Бизнес-жоспар – фирманың дамуының кешенді жоспары; бұл есеп беру ұқжаты болып және инвестициялардың басты дәлелдеуі болып табылады.

Билатералдық (екі жақты) монополия – жалғыз жеткізушімен жалғыз тұтынушының тайталас сайысы.

Биржа – көтерме сауда нарығының тұрақты қызмет ету формасы. Тауар, қор, еңбек т.б. биржасы болып бөлінеді.

Биржа дүрлікпесі – тауарлар бағасының және кейбір қағаздардың бағамының қысқа мерзімде күрт өсіп кетуі.

Босалқы алтын қоры– орталықтанған (мемлекеттік) алтының сақтық қоры (құйма мәнет түрінде), халықаралық есеп айырысуда ввалюта қорын өсіру, халықаралық заем алу үшін меншікті валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалатын қор.

Бөліндеген пайда – акционерлер арасында бөлінбейтін, корпорацияның пайдасы және өндіріс кеңейгенде оның негізгі жобаларын қаржыландыру үшін жиі қолданылады.

Бреттон-Вудс валюта жүйесі – 1944 ж. Бреттон Вудста (Нью-Гэмпшир штаты, АҚШ) 44 мемлекеттер конференциясында құрылған халықаралық валюта жүйесі. Осыған сәйкес АҚШ доллары алтынға айналдырылады, баса елдер валютасы – АҚШ долларына.

Бухгалтерлік пайда – капиталдан басқа барлық өндіріс факторларының (айқын шығындар) шығындары өтелмегеннен кейін қалған ақшалай түсімнің бөлігі.

Валюта нарығы – әр елдің влюталары сатып алынатын, сатылатын нарық.

Валюталық бағам – басқа валютаның ақша бірліктерінің бағасымен есептелген бір валютаның ақша бірлігінің бағасы.

Валюталық басқыншылық – валюталық бағамның динамикасын реттеу мақсатпен орталық банктің шетел валютасын сатып алуы (сатуы).

Валюталық демпинг – ұлттық валюта бағамының құлдырау нәтижесімен байланысты, төмен бағамен экспортты кеңейту.

Валюталық қатынастар – халықаралық есеп айырысуда ұлтты аша бірлігін қолданғанда пайда болатын, экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Валюталық құбылмалы (икемді) бағам – сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен валютаның айырбас бағамын белгілеу жүйесі.

Валюталық шектеулер – мүмкіндіктерді тікелей төмендететін және валюталық айырбас жүргізілгенде шығындарды және халықаралық мәміле бойынша төлемдерді өсіретін ресми органдардың әрекеті.

Вексель – жазбаша борышқорлық міндеттеменің ерекше түрі, ол оның иесіне белгілі уақыт мерзімі өткенен соң, осында көрсетілген соманың төленуін талап етуге құқық береді.

Венчурлік капитал – қауіп-қатерлік дәрежесі жоғары капитал салымын қолдануға болатын ақша.

Венчурлік фирма – венчурлік (тәуекелшілік) капиталды қолданудың негізінде өнімнің жаңа түрлерін енгізуге, жасауға, өндірісін меңгеруге, жаңа технологияларды пайдалануға маманданған коммерциялық ғылыми-техникалық ұйым.

Гиперинфляция – баға деңгейінің өте тез өсуі: инфляцияның жоғарғы қарқыны.

Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) – идеялардың пайда болуынан бастап, олардың коммерциялық негізінде жүзеге асырылуына дейін, жаңа енгізілім алу мақсатпен адамдармен саналы түрде қолданып жандандырылатын инновациялық процесс.

Ғылыми-техникалық прогрестің еңбек үнемдейтін типі – еңбектің капиталмен жарақтандырылғандығы тіркелген болғанда, шекті еңбек өнімділігінің, капиталдың шекті өнімділігінен жылдам өсетін жағдайдағы ҒТП-тің типі.

Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) – технологиялық өндіріс тәсілінің ауысуына әкелетін өндіріс техникасының салыстырмалы тез революциялық өзгеруі.

Дәстүрлі экономика – шекелген ресурстардың бөлінуі әдет-ғұрыпқа сәйкес жүргізілетін экономикалық жүйе; бұнда өзгерістер мен дамудың қарқыны өте төменг болады; адамдар бұрын өздерінің ата-бабалары айналысқан тәсілдермен айналысады, тауардың басым көп бөлшегі оларды өндірген жерде тұтынылады.

Дебет – қарыздар, қарыз алушы.

Девальвация – басқа елдер валютасымен салыстырғанда ұлттық валюта бағамын төмендету.

Дедукция – жалпы ережелердің негізінде жеке құбылыстар мен процестерді дәлелдеуге мүмкіндік беретін, ғылыми зерттеу әдісі.

Дезинфляция – бағаның өсуінің төмендеуі.

Демпинг – тауар-материалдың өте өсіп кеткен қорынан құтылу мақсатымен тауарларды төмен бағамен сату; әлемдік нарықта бәсекелестік қабілетті күшейту үшін тауарларды шетелдерге төмен бағамен сату.

Деноминация – ескі ақша белгілерін жаңаға айырбастап және баға масштабын өзгертіп, ұлтық ввалютаны нығайту шарасы.

Деңгейлік қосылу – бір шаруашылық салада әрекет ететін компаниялардың бірлесуі.

Депозит – қаржы мекемелеріне сеніп тапсырылған ақша немесе бағалы қағаз.

Депозитарий – бағалы қағаздар мен депозитттерді сақтайтын орын.

Депрессия – 1)өнеркәсіптік циклдің фазасы; 2) қолайсыз экономикалық дамудың ұзақ мерзімі.

Дефляция – бағалардың және шығындардың жалпы төмендеуі.

Джини коэффициенті – халық табыстарының бөлінісі дәрежесінің әркелкі болуын көрсететін коэффициент (Лоренцтік қисық сызығын қараңыз).

Джоинт венчур – 1) бір мақсатқа жету үшін мүлікті, капиталды, технологияны, т.б. бірікіру; 2) жалпы мүлікті бірлесіп басқару және қатерді бөліп күту негізінде жүргізілетін халықаралы экономикалық ынымақтастықтың формасы.

Дивидент – акцияға табыс түрінде төленетін, акционерлік қоғамның пайдасының бөлігі.

Дилер – қор биржасының мүшесі, өз атынан және өз есебіенен операциялар жүргізетін заңды немесе жеке тұлға; тауарларды, бағалы қағаздарды, валютаны сатып алу-сатушы делдал.

Дисконт – 1) бағалы қағаздарды номиналынан төмен бағамен сатып алушы алатын сыйлық; 2) вексельдерді есепке алу; 3) сапасы төмен тауарлардың бағасын түсіру.

Дистрибьютер – 1) тауардың сатылуында маркеингтік кеңес беру қызметтерін көрсететін делдал; 2) тікелей немесе өзінің агенттік торабы арқылы, ел немесе регион көлемінде өткізу қызметін ұйымдастыратын фирма-импортер немесе делдалдық фирма.

Дифференциалдық рента – табиғи жоғары өндіргіш күштерді қолданудың нәтижесінде пайда болатын артық пайда.

Домардың өсу үлгісі – жұмыспен қамтылу мультипликатор-акселератордың тепе-теңдікте өсуге әсер ету механизмін айқындайтын үлгі: игіліктер нарығында тепе-теңдікті ұстап тұру үшін, инвестиция көлемін берілген қарқынмен тұрақты өсіріп отыру қажет.

Дотация – өнімдердің белгілі түрлерін шығарғаннан келген шығындарды өтеу үшін фирмаларға тегін көрсетілген көмек, мемлекеттік реттеудің құралы.

Доу-Джонс индексі – белгілі компаниялар тобының акцияларының күнделікті баға белгіленімінің (котировка) арифметикалық орта шамасы, АҚШ-тың қор нарығында ағымды экономикалық ситуацияны көрсетеді.

Дуополия – нарықтық құралымның типі, бұл жағдайда белгілі тауардың тек екі жеткізушілері болады және олардың арасында баға, өткізу нарықтары және квота туралы келісімдер болмайды.

Еңбек – табиғат заттары мен күштердің түрін өзгертуге бағытталған адамның мақсатты қызметтері, оларды өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бейімдеу.

“ex post” күтімдер – қаралып отырған процесс біркеннен кейін қалыптасатын шаруашылық субъектердің бағалауы.

Еуропалық Экономикалық Қоғамдастық (ЕЭҚ) – 1957 ж. Құрылған Біртұтас экономикалық кеңістік болып әрекет етеді, яғни мүше елдердің ұлттық экономикасы ортақ принциптер негізінде қызмет етеді.

Жабайы вексель – осыны берген адамның көрсетілген мерзімде вексельдің заңды иесіне белгілі соманы төлеймін деген міндеттемесі.

Жабық акционерлік қоғам – осындай АҚ акциялар тек оның құрылтайшыларының арасында орналастырылады.

Жалақы – жалдама жұмыскер алатын ақшалай немесе зататй формадағы табыс.

Жалған инвестициялар – бағалы ағаздарды сату-сатып алу.

Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз бейнесі (бағалы қағаз түрінде).

Изокоста – құндарды бірдей болатын, өндірістің еңбек және капиталдық факторларының барлық қисық сызық.

Икемді баға – сұраныс пен ұсынысты еңестіру үшін, еркін өсіп немесе төмендеп отыратын баға.

Икемді емес бағалар – нарықта тепе-теңдік орнауына әсер етпейтін, баяу өзгеретін бағалар.

Инжиринг – коммерциялық негізде жобалаудың алдында, жобадаудың кезінде, жобалаудан кейін инженерлік-консультациялық қызмет көрсететін сфера, осымен қатар ноу-хау, лицензиялар, кейде кадрлар дайындайды, ұсынады.

Инновациялар (жаңартпалар) – тауарлар мен қызметтердегі, технология мен өндіріс факторларындағы қандай да болмасын өзгерістер, жаңа өзгерімдер.

Институционалдық емес халық– нарыты емес құрылымдарға бағдарланбаған, еңбекке қабілеті халықтың өлігі.

Институционалдық-социологиялық мектеп – зерттеуінің негізгі объекітісіне дамудың әр түрлі кезеңіндегі экономикалық жүйеле,р, экономикадағы ауытқулар, ҒТП жатады.

Институционалдық халық – нарықтық емес құрылымдарға, яғни әскерге, полицияға, мемлекеттік аппаратқа бағдарланбаған, еңбекке қабілетті халықтың бөлігі.

Инфрақұрылым – экономиканың қызмет етуінің шарттарын жасап отыратын, оның салаларының жиынтығы. өндірістік (көлік, байланыс, қуатпен қамту т.б.) болып бөлінеді.

Ипотека – жылжымайтын мүліктің кепілдігіне берілетін, қарыз алушыда қалатын несие.

Капитал – тауарлар мен қызметтер өндірісін ұйымдастыру мақсатпен пайдаланатын ақшалай сома. Капитал деп іскерлік операцияларды төлеуге қолданылатын ақшада түсініледі. Капитал – кәсіпкерлік табыс әкелетін ақшаның қандай болмасын сомасы.

Капитал шоты– шетелдік салымдар есебінен жасалатын ішкі инвесициялар.

Капиталдың безінуі, капиталдың тұрақтамауы – экспроприяциядан, салық салу мен инфляцияның дәрежесінің жоғары болуымен байланысты болатын шығындардан құтылуды көздеп, капиталды осы елден басқа елге аудару.

Капиталдың халықаралық миграциясы –өзінің меншік иесіне табыс әкелетін қаражатарды шетелде орналасыру.

Картель – монополистік пайда алу мақсатпен, баға, нарықты бөлісу, патенттермен айырбас жүргізу туралы, өндірістің дербестігін сақтай отырып, мүшелері өзара келісімге келетін монополияның нысаны.

Квазирента– кейбір өндіріс факторы ұсынысының шектелуімен шарттастырылған табыс. Бұл салынған капиталға табыстармен және қысқа кезенде ауыстармайтын, негізгі капиталға жасалған инвестицияларды қолдануға және өтеуге жұмсалған шығындардың арасынағы айырма.

Кеден бажы – шекарадан өтетін тауарларға салық, әкелім және әкетілім кеден баждарына бөлінеді.

Кеден тарифі – тауарлардың тобына сәйкес жүйеленген кедендік баждарының тізбесі.

Кезеңнің түбі– іскерлік, белсенділік кезеңнің ең төменгі нүктесі, төмен іскерлік белсенділіктің және жоғары деңгейлі жұмыссыздықтың мерзімі.

Кезеңнің шыңы – іскерлік белсенділіктің ең жоғарғы нүктесі, өндірістің табиғи деңгейіне тең немесе тең болуға жақын өндірістің ең жоғарғы деңгейі.

Кемімелі (регрессивті) салық – табыстың өзгерісімен салыстырғанда керісінше өзгеретін салық.

Клиринг – өзара талаптар мен міндеттерді есепке алуға негізделетін, тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айыру жүйесі.

Коммерциялық емес ұйым – пайда тауып оны мүшелерінің арасында бөлуді мақсат етпейді.

Конгломераттық қосылу – технологиялық жағынан бір-бірімен байланысты емес кәсіпорындардың бір басқару құрылымында бірлесуі.

Консалтинг– сатып алушылар мен сатушыларға кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, осыың ішінде сыртқы экономикалық сферада, экономикалық іс-әрекеттердің көптеген іс-әрекетердің көптеген мәселелері туралы ақыл-кеңес беру қызметтері.

Консорциум – кейбір жобаларды бірлесіп орындау үшін, ірі шараларды қаржыландыру үшін, қымбат объектінің ұрылысы бойынша бірнеше фирмалар, банкер, компаниялар арасында жасалған ерікті уақытша келісім.

Концерн - өнеркәсіп сферансында көп тараған корпорациялардың нысаны, бұлар іс-әрекетте көп салалы талдау жүргізеді. Ерекшелігі: капитал салымы саласында қатал орталықтанған басқарудың кәсіпорындарының, бөлімшелердің, филиалдардың кең шаруашылық дербестігімен ұштасуы және басқарудың орталықсыздандырумен ұштасуы.

Кооператив - өздерінің мүшелері үшін белгілі кәсіпкерлік қызметтер атқару мақсаты болып табылатын адамдардың немесе кәсіпорындардың ассоциацясы. Өнеркәсіпте және аграрлық өндірісте, қызметтер сферасында құрылады.

Корпорация – кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың кең тараған формасы, бұнда жалданып еңбек ететін жоғарғы дәрежелі маманданған басқарушылар кәсіпорынының басқарушылық қызметтерін атқарады.

Қазыналық билет – тіркелеген табыс алуға мүмкіндік беретін қазынашылық шығаратын мемлекеттік орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар.

Қазыналық саясат – экономикаға әсер ету мақсатымен, салық салу және мемлекеттік шығындар құрылымын реттеу салымдарында жүргізілетін саясат.

Қазыналық саясат дискрециялық – ЖҰӨ-нің нақты көлемінде жұмыспен қамтылуға, инфляцияға және экономикалық өсуге әсер ету мақсатымен, салық салуды және мемлекеттік шығындарды мемлекеттің саналы реттеуі.

«Қара базар» - тауарлар мен қызметтер айналымы заңсыз жүретін, баға заңмен белгіленген деңгейден жоғары қойылатын нарық.

Қаржылық механизм– саяси, экономикалық және әлеуметтік сфераларда көптеген қызметтер атқаруға қажет ақша құралдарын мемлекеттің құруы және пайдалануы.

Қор - әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білімділік немесе басқа мақсаттары болатын ерікті мүліктік, жарна негізінде құрылған, коммерциялық емес ұйым.

Қор биржасы – сауданы ұйымдастыру қызметін басқа қызметпен қоспай, жеке атқаратын бағалы қағаздар нарығындағы сауданы ұйымдастырушы ұйым.

Қос салық салу – алдымен салық кәсіпорынның пайдасына (табысқа) салынады, содан кейін осыдан төленетін дивидендтерге (жеке табысқа) салық түрінде салынады.

Қосылған құн – материалдық шығындар жасамай және амортизациясыз жасалған жобалардың құны.

Қосылған құнға салынатын салық - өндіріс процесінде жасалған құн өсімінің белгілі бөлігін бюджетке алу.

Мультипликатор - көбейткіш, мультпликациялық эффект (нәтиже, әсер) тудыратын әр түрлі өзара байланыстарды сипаттап белгілеуде экономикалық теорияда қолданылатын категория. Демек, кейнсшілер мультипликатор деп, табыстардың өзгерістерінің инвестициялардың өзгірестеріне тәуелділігін сипаттайтын коэффициент түсініледі.

Мультипликациялық тиімділік - дербес шығындардың бастапқы өсімінен ҰТ-ың артық мөлшерде өсуі.

Міндетті резервтер нормасы - коммерциялық банктер міндетті түрде

Нарықтық сегменті - белгілі жалпы көрсеткіштер негізінде құрылған нарықтың бөлігі, тұтынушылар, өнімдер немесе кәсіпорындарының топтары.

Нарықтық тепе-теңдік - тауардың ұсынысы сұранысымен сәйкес болғанда және нарықтық бағаны өзгерту тенденциясы жоқ болғанда байқалады.

Нарықтық экономика - шаруашылық шешімдерді әрбір экономикалық агенттер дербес қабылдайтын халық шаруашылығын ұйымдастыру жүйесі, еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке, жеке меншікке негізделеді.

Натуралдық шаруашылық - экономиканы ұйымдастырудың жабайы нысаны, әрқайсысы меншікті өндіріс ресурстарына сүйенетін және өмірге қажеттердің барлығымен өзін-өзі қамтамасыз ететін, жекелеген дербес шаруашылықтардан тұрады.

Неоклассикалық синтез - классикалық саяси экономия ашқан шындықтардың және табыстар қалыптасуының осы замандағы теорияларының синтезін белгілеу үшін қолданатын, П. Самуэльсон енгізген термин; экономикалық әдебиеттегі осы терминнің кең деңгейлі мағынасы осы күнде экономикалық ғылымда жаңа әмбебап доктринаның қалыптасуын дәлелдейді.

Несие (credo – сенемін) - несие қорының қозғалысы туралы несиелер мен борышкер арасында қалыптасқан қатынастар капиталдың бөтен кәсіпорынында айналымын талап ететін мәміле.

Несие-лизинг - несиенің ақшасыз нысаны, пайдалануға машиналар, жабдықтар және басқа материалдық құралдар берілетін жалгерліктің нысаны, лизингке алынған құралдардың құны кейін біртіндеп төленеді.

Несиелік механизм - өндіргіш күштердің дамуының берілген дәрежесіне парапар, несиелік қатынастардың осы немесе басқа ұйымдастыру нысанында көрінетін, несиелік қорға меншіктік жүзеге асырылуының экономикалық механизмі.

Ноу-хау - кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі туралы технологиялық, ұйымдастырушылық, коммерциялық білімдердің жиынтығы.

Нувориш - саяси немесе экономикалық дағдарыстар кезінде алып-сату арқылы байыған жаңа байлар.

Облигация - ұсынушыға арналған қарыз алушының борышкорлық міндеттемесі болып табылатын құнды қағаздардың түрі, ол несие берушіге шарттасқан уақытта облигацияның көрсетілуі құнының қайтарылуына және қатал бекітілген немесе өзгеріп тұратын мөлшерлеме бойынша пайыз түрінде тұрақты (жылына бір немесе екі рет) табыс алуына кепілдік береді.

Озық параметрлер - циклдің шыңға (түпке) жетуінің алдында максимумға (минимумға) жететін экономикалық көрсеткіштер.

Олигополия - бірнеше ірі фирмалар үстемдік ететін нарық.

Олигопсония - белгілі тауардың сатып алушылар тобы болатын, нарықтық құрылымның типі.

Өзгермелі шығындар- жалпы шамасы берілген уақыт кезеңінде өндіріс пен өткізудің көлемінен тікелей тәуелді болатын шығындар.

Өздігінен тұрақтандырғыштар - ұлттық өндірістің, ТҰӨ көлемінің өзгеруімен байланысты, автоматты түрде өзгеріп тұратын экономикалық категориялар (мысалы салықтар, трансферттік төлемдер).

Өндірушінің ұтысы - тауардың нарықтық бағасымен және осы тауардың қосымша бірлігін өндіруге өндіруші ынталы болатын, барынша төмен бағаның, айырымы.

Өндіріс - қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатпен табиғат заттарын адамның әсер етуі.

Өндірісті әртараптандыру (диверсификация) - бірнеше бір-бірімен байланысы жоқ өндіріс түрлерінің бірдей дамуы, өндірілетін тауардың сұрыпталымының (ассортиментінің, түр-түрінің) көбеюі.

Өндірістік берне (функция) - өндіріс көлемінің ең жоғарғы мүмкінділігімен, берілген өндірістік ресурстар жиынтығының қатынасы.

Парето-оңтайлы бөлу – ресурстарды қайта бөлудің қандайы болмасын, шаруашылық процесінің мүшелерінің біреунің жағдайын, басқалардың жағдайын төмендетпей жақсартуға болмайтын болғандығы экономикалық жүйенің жай-күйі.

Патент - белгілі жылдар бойы жаңа тауарды немесе идеяны пайдалануға монополияның болуы.

Паушалдік төлем – күтіліп отырған тиімділікті және пайданы алдын ала бағалау арқылы, тұрақты сомадағы тіркелген төлеудің жалғыз ғана төленімі немесе бөліп-бөліп төлеу формасы.

Протекционизм (лат. «Protectio» - пана, қорған, таса) – 1) өз елінің ішкі нарығын шетел тауарларынан қорғауға мақсатты бағытталған, мемлекеттің экономикалық саясаты. Осындай саясаттың міндеті: ұлттық экономиканың дамуын қолдау және елге тауарларды әкелуге жоғары баж белгілеу арқылы, немесе тауарлардың әкеліміне тыйым салу арқылы ұлттық экономиканы қорғау; 2) қорғаншылық .

«Рейганомика» - инфляцияны төмендетуге және жұмыссыздықты қысқартуға (ЖҰӨ-нің ұсынысын өсіруге бағытталған) АҚШ президенті Р. Рейганның жүргізген саясаты.

Рекламация - келісімдердің шарттарын немесе тауардың сапасын бұзғаны үшін, сатып алушының (тапсырма беруші) сатушыға (орындаушыға) қоятын жазбаша кінәрат талабы.

Реновация - табиғи немесе сапалық (моральдық) тозудың нәтижесінде істен шыққан негізгі капиталды толығымен келтіру (жаңарту).

Рента - меншік әкелетін табыстардың түрлерінің бірі, табиғи ресурстарды пайдаланған үшін меншік иесіне берілетін төлем.

Рентабельдік - баланстық пайданың активтер мен өндіріс шығындарының орташ жылдық құнына қатынасы.

Рентинг - келісім-шарт біткеннен кейін жабдықтардың өтеуін төлеп, оны алу құқы болмайтын, қысқа мерізімді жалгерлік шарт.

Реституция - соғыс жағдайында алынған және осы елден әкелінген мүліктерді қайтару.

Рестрикция (рецессиялық алшақтық) - нақты жиынтық шығындардың оптималдықтан қаншаға аз екенін көрсететін шама, яғни толық жұмыспен қамтылған жағдайда таза ұлттық өнімді жасауды қамтамасыз ететін шама.

Санация - бәсекелестік қабілетті күшейтіп банкрот болдырмау үшін) кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін жүргізілетін шаралар.

«Сары заңдар» - жұмысшылар қол қоятын келісім, бұнда олар кәсіподаққа енбеймін деп міндеттеме қабылдайды. Норрис – Ла Гвардиа заңымен тыйым салынған. АҚШ-да қолданылады.

Сауда балансы - белгілі уақыт мерзімінде тауарлар мен қызметтердің елден әкетілімін (экспорт) және елг әкелімін (импорт) ақшаға шағып есепке алу.

Сеньораж - ақша шығарудан мемлекетке түсетін табыс, ақшаның номиналдық құнымен және оның басуға жұмсалған шығындардың айырымы; жаңа ақша шығарғанда мемлекетке түсетін инфляциялық салық.

Сертификат – 1) тауарлардың сапасын куәландыратын құжат; а) кәсіпорындарының мемлекеттік орындарда тіркелгенін; б) ақша, құралдарының несиелік мекемелерде депозиттік есепшоттарда депозитке салынуын; 2) белгілі капиталдың мерзімге берілгенін растайтын, мемлекет немесе коммерциялық банк шығаратын бағалы қағаз.

Стагнация - кейбір салада өндірістің төмендеуі.

Стагфляция- жұмыссыздықтың өсуімен орын алатын инфляция (инфляцияның жоғары дәрежесінің үлкен жұмыссыздықпен ұштасуы).

Субвенция - қаржылық жағдайы қиын кәсіпорындарына (салаларға) қаржылық көмектің формасы.

Субсидия - тауарлар немесе қызметтер үшін үкімет, фирма немесе үй шаруашылықтарының, көбінесе ақша түрінде жұмсайтын төлемдері.

«Талықсытпалы терапия» - экономикалық реформаны жүргізудің түбегейлі бағыты: бағаны ырықтандыруды, шағын және орташа кәсіпорындарды жекешелендіруді т.б. тілейді.

Тантьема - жылдық қорытынды бойынша басқарма мүшелеріне коммерциялық кәсіпорындарының басшыларына және жоғары дәрежелі мамандарға төленетін қосымша сыйақы.

Тезаврация - инфляция қаупінен немесе дағдарыстың зардабынан ақшаның құнсыздануынан сақтану мақсатпен, халықтың алтын және зергерлік бұйымдарды жинақтауы.

Тендер – 1) сауда-саттық кезіндегі ұсыныс жасаушы тауар туралы толық мәлімет береді; 2) белгілі техникалық-экономикалық сипаттамасы бар тауарларға сатушы конкурс жариялайтын, сауданың формасы, кейін ұсыныс экспертиза өтеді және ең жақсысы таңдап алынады.

Трансферттік төлемдер- мемлекеттік шығындарды қайта бөлу нысаны: халыққа тегін берілетін төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы және т.б.).

Траст - меншік иесінің өзі басқару құқын басқа адамға беруі туралы келісім.

Тратта - аударма, вексель, бұнда үшінші белгілі соманы төлеу керек деген жарлық болады.

Тред-юнион - кәсіпкерлердің алдында кәсіпорындағы мүшелерінің мүдделерін қорғайтын, жұмыскерлердің кәсіподақ ұйымы.

Тренділік траектория - осы немесе басқа жаққа ауытқып, бойымен нақты экономика қозғалып отыратын желі (сызық).

Трест - кейбір тауарларды өндіретін монополистік бірлестіктің белгілі типі.

Факторинг - борышты өндіріп алу құқын қайта сату немесе сенімхат жөніндегі коммерциялық операциялар немесе несиеген сатқаны үшін ақша алумен байланысты қызмет көрсету.

Фарфейтинг - төлеу мерзімі 1-5 жылдан соң келетін, банкінің қарызын сатумен байланысты, ұзақ мерзімді факторинг.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 210; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты