КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып 1. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПӘНІ РЕТІНДЕСтр 1 из 18Следующая ⇒ АКУШЕРЛІК ІС ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІЛЕРІ ПӘН: ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ Құрастырушылар: м.ғ.к. Куандыков Е.К., б.ғ.к. Куандыкова Р.К.
Курс: үшінші Түркістан, 2011 Тақырып 1. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПӘНІ РЕТІНДЕ Мақсаты:Студенттерде «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» пәні туралы жалпы ұғым қалыптастыру, негізгі ұғымдарын, бөлімдерін, әдістерін білу. Денсаулық сақтау жалпы алғанда күрделі қоғамдық динамикалық, функциональдық, ашық және адаптивті жүйе болып табылады, қоғам өзінің даму кезеңдерінде жалпы қоғамның және ондағы әр адамның денсаулығын қорғау және жақсартуға бағытталған шаралар кешенін қалыптастырып және қолданып отырады. Адамзат тарихында денсаулықты қорғау туралы қоғамдық шаралар мемлекет қалыптасуымен байланысты жүргізіле бастады. Олар қоғамдық-экономикалық формацияның, өндірістік тәсілдер мен өндірістік қатынастардың, мемлекеттік құрылыстардың ауысуына байланысты өзгеріп отырды. Қоғамдық денсаулық сақтау (Public Health system) –тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту концепциясын, ауру мен жарақаттардың алдын алу, белсенді өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілеттілікті қоғамның күшін біріктіру арқылы арттыруды жүзеге асыруға бағытталған, іс әрекеті медициналық және медициналық емес сипаттағы құрылымдарды қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық шаралар жүйесі. Қоғамдық денсаулықтың оқу көзі болып қоғамдық өмір сүру жағдайларының денсаулыққа әсерін және халықты медициналық қамтамасыз етуді зерттеу болып табылады. Қоғамдық денсаулықтың әдістемелік негізі болып қоғамдық денсаулықты зерттеу және анықтауда жүйелі тұрғыдан қарастыру жатады. Қазіргі жағдайда пәннің мазмұны қайта қарауды және толықтыруларды, сонымен қатар денсаулық сақтаудың заң шығару негіздерін өңдеу, өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қоғамдық денсаулықтың тенденциясын зерттеу, денсаулық сақтау іс-әрекетін экономикалық негіздеу, медициналық көмек сапасын басқару және т.б.қажет етеді. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау (1995 ж.) бойынша жаңа денсаулық сақтау – бұл денсаулықты нығайту, аурудың алдын алу, әлеуметтік әділеттілікті қолдау интеграцияланған денсаулық сақтау саясатын дамытуға бағытталған қоғамның ұйымдасқан күш салуы. Денсаулық анықтамасы және оны бағалау денсаулық сақтау тарихында өзгеріп отырғандығын айта кеткен жөн. Қазіргі кезде денсаулық ұғымының жалпы қабылданған бірегей анықтамасы жоқ. Денсаулықтың қандай да бір аспектілеріне арналған әдебиеттерде осы категорияның көптеген анықтамалары бар, олар әр түрлі критерилер мен жүйелерге негізделген. Денсаулық (Health) – БДҰ Уставы бойынша, тек қана аурудың немесе дене ақауларының болмауы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік толық аман есендік (ДДҰ Устав, 1948). Анықтамада келтірілгендей, денсаулық сипаттамасында үш компонент біріктірілген: физикалық (биологиялық), психикалық (рухани) және әлеуметтік денсаулық. Физикалық денсаулық (Physical health) – бұл өмір сапасына қол жеткізуді, қоғамның салауаттылығы мен қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайтуды қамтамасыз ететін жеке индивидуумның, адамдар тобы немесе жалпы қоғамның физикалық даму деңгейімен, физикалық мүмкіндіктермен және бейімделу қабілетімен сипатталатын жағдай. Психикалық денсаулық (Mental health) – бұл психикалық құбылыстардың детерминациялығы, нақты жағдайларды бейнелеу мен индивидуумның оған көзқарасы арасындағы үйлесімді байланыс, ағзаның әлеуметтік, психологиялық және физикалық (биологиялық) өмір сүру жағдайларына адекватты реакциясымен, жеке тұлғаның өз іс-әрекетін басқара білуі, микро- және макроәлеуметтік ортада өзінің өмір жолын жоспарлап, жүзеге асыра білу қасиеттері тән психикалық іс-әрекеттің қозғалмалық үрдісімен сипатталатын жағдай. Әлеуметтік денсаулық (social health) – қоғамдағы адамның орны мен ролі бойынша анықталатын әлеуметтік бейімделу өлшемі. Адамның денсаулық жағдайы туралы айтқанда біз осы үш компоненттің үйлесімді тіркесін айтамыз. Осылардың біреуінің бұзылысы дисгормония, үйлесімсіздік, ақыр соңында ауруға алып келеді. БДҰ анықтамасы бойынша ауру (illness) – бұл сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен ағза құрылымы мен қызметінің зақымдалуымен жүретін өмір. Ауру ағзаның бейімделу-компенсаторлық (адаптациялық) мүмкіндігінен артатын ішкі және сыртқы орта факторлары әсерінің нәтижесінде туындайды. Денсаулықтың бірнеше деңгейлерін ажыратады: жеке денсаулық – жеке адамның денсаулығы; топтық денсаулық – қандай да бір белгі бойынша біріктірілген адамдардың денсаулық сиппаттамасының жиынтығы: жанұя, еңбек ұжымдары, студенттер және тағы басқалар; аймақтық денсаулық – белгілі бір территорияда өмір сүретін адамдар денсаулығы сипппатамасының жиынтығы және қоғамдық денсаулық - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін медициналық-әлеуметтік ресурс және қоғамдық потенциал. БДҰ денсаулықты адамның негізгі құқықтарының бірі ретінде қарастырады. Барлық адамдарға денсаулықты қамтамасыз ететін қажетті ресурстар қол жетімді болуы тиіс. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы ХХХ сессиясында (1977ж) негізі әлеуметтік міндет болып «2000 ж қарай жер шарындағы барлық адамдардың денсаулығы әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан өнімді өмір сүруге мүмкіндік беретін деңгейге қол жеткізуі» анықталды. Осы қойылған міндетті шешуге Денсаулық барлығына (Health for all) БДҰ саясаты бағытталған. Кейінірек «Денсаулық 21: Европалық аймақта денсаулық барлығы үшін жетуге бағытталған саясатының негіздері» құжаты қабылданды (1999ж.). «21-ші жүзжылдықта Денсаулық барлығы үшін» стратегиясы әр елде әлеуметтік және экономикалық сипаттамасына , халықтың денсаулық жағдай мен өлім көрсеткішіне, денсаулық сақтау жүйесінің статусы мен дамуына сай жүзеге асырылуда. Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау тарихы КСРО-дағы мемлекеттік социализм дамуының негізгі кезеңдеріне сай. Кеңес өкіметінің орнауынан бастап денсаулық сақтаудың профилактикалық принципінің теориялық және практикалық нұсқауын жасау мемлекеттік денсаулық сақтаудың негізгі міндет етіп қойылды. Сонымен қатар халықты ақысыз жалпы қол жетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінді. . Ұлы Отан соғысы жылдарында барлық көңіл фронтты медициналық-санитарлық қамтамасыз ету және тылдағы госпитальдарды дамыту сұрақтарына бағытталды. Соғыстан кейінгі жылдарда халық шаруашылығын қалпына келтіру және санитарық салдарларды жою қолға алынды. Кейінгі жылдарда ғылыми –практикалық қызығушылық социалистік құрылыстың идеологиясына жауап берді, соның ішінде ең көлемді шаралардың бірі халықты жалпы диспансеризациялау болды. 1978 ж Алматыда өткен БДҰ/ЮНИСЕФ Халықаралық конференциясында социалистік денсаулық сақтау жүйесі (Н.А. Семашко моделі) әлемдік мойындау алды, ал қабылданған Алма-Аталық декларация ХХ ғасыр денсаулық сақтаудың Ұлы Хартиясы болып аталды. Тәуелсіздік алумен және нарықтық қатынастардың орнауына сай Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау бірқатар елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезеңді денсаулық сақтауды ұйымдастыру сферасында қазіргі принциптер мен стандарттарға өтуді қоса алғандағы денсаулық сақтау жүйесінің жеделдетілген модернизациясы кезеңі деп анықтауға болады, Қазіргі жағдайларға сай пәннің мазмұны қайта қаралулар мен толықтыруларлы қажет етеді. Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасында 10 слайд. Әдебиет: 1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001.– 100 с. 2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с. 3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с. 4. Тульчинский Т.К., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999.– 1049 с. 5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 с. Бақылау сұрақтары: 1. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауға анықтама беріңіз. 2. Денсаулықтың компонентері. 3. Денсаулықтың деңгейлері. 4. Пәннің негізгі бөлімдері. 5. Пәннің негізгі әдістері.
|