Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып 1.3. ДЕМОГРАФИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МЕДИЦИНАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ




Мақсаты: Студенттер медициналық-демографиялық жағдайды бағалауды және есептеу тәсілдерін білуі керек

Демография (грек тілінен аударғанда demos – халық) – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым. Демографиялық статистика (тұрғындар статистикасы) ежелгі уақыттан бері белгілі, біздің эрамызға дейін ежелгі Египетте, Вавилон, Қитай, Рим және басқа елдерде тұрғындар санын тіркеу жүргізілген.

Медициналық демография – бұл халықтың механикалық және табиғи қозғалысы процесіне медициналық-әлеуметтік факторлардың әсерін зерттейтін және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға арналған ұсыныстарды өңдейтін ғылым. Демографиялық статистика көрсеткіштері тұрғындар денсаулығын бағалауда; көбею заңдылықтарын; тұрғындар саны мен құрылымы негізінде денсаулық сақтау кадрлары мен ұйымдарын жоспарлау, орналастыру және болжауда; медициналық-әлеуметтік шаралардың тиімділігін бағалауда кеңінен қолданылады.

Демография статика (халықтың сандық және сапалық құрамын), динамика –халықтың өзгерушілігін: механикалық (миграция) және табиғи (көбею) зерттейді.

Статика белгілі бір уақытқа сәйкес халық санын, орналасуын, жасы, жынысы, ұлты, әлеуметтік және кәсіптік тобы және т.б. белгілеріне сәйкес таралуын сипаттайды, оларды тіркеу кезеңді түрде жүргізілетін халық санағы арқылы жүзеге асырылады. Негізінде халық санағы он жылда бір рет жүргізіліп отырады. Халық санағына қойылатын негізгі талаптарға жатады: жалпылылық, санақ бағдарламасының болуы және оның бірлігі, әрбір жеке адамнан белгіні тіркеу, мәліметті тікелей халықтан жинау, бақылаудың экспедициялық әдісі, санақтың біркезділігі, санақтың орталықтандырылуы, мәліметтерді автоматы түрде өңдеу, мәліметтерді тұтас жинау әдісін мәліметтердің қосымша іріктелген жинау әдісімен тіркестіру, санақ құпиясын сақтау.

Жас-жыныстық құрамы халық денсаулығын мен халықтың көбеюін сипаттауда маңызды орын алады. Халық құрылымында қандай да бір жас-жыныстық топтардың басым болуы өлім, туу, өлім себептерін, еңбекке қабілетті немесе еңбекке қабілетсіз жастағы адамдардың үлес салмағын, алдағы өмір сүру орташа ұзақтығын анықтайды. Халықтың жасқа сай құрылымының типі 0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағын 50 жас және одан жоғары халықтың үлесімен салыстыру арқылы анықтайды. Жас құрылымында 14 жасқа дейінгі балалардың басым болуы үдемелі (прогрессивті) халық типін көрсетеді. Ересек жастағы топтардың 0-ден 14 жасқа дейінгі балалардан басым болуы халықтың регрессивті типін көрсетеді. 14 жасқа дейінгі балалардың 50 жас және одан жоғары топтармен тең болуы халықтың стационарлық типін көрсетеді.

Егде жастағы адамдар үлесінің басымдылығымен сипатталатын халықтың қартаю процессі туу көрсеткішінің төмендеуімен және өмір сүру ұзақтығының артуымен байланысты, бұл қазіргі кезде кеңінен байқалуда. БДҰ пікірі бойынша? Ересек жас индикаторы болып 65 жас таңдалып алынды. БҰҰ қартаю шкаласы бойынша, егер 65 жас және одан жоғарылардың үлесі 4%-дан төмен болса – жас халық; 4-7 % - халық қартаю табалдырығында; 7% және одан жоғары болса – қарт халық деп аталады. Халықаралық бағалауға сәйкес, Қазақстан халықтың қартаю процесі жеделдетілген елдер қатарына кіреді (2050 жылға қарай 25% қарт адамдар). .

Алдағы өмір сүрудің орташа ұзақтығы – гипотетикалық жыл саны, егер де өмір сүруі бойында әр жас тобындағы өлім көрсеткіші есептеу жүргізілген жылдағы өлім көрсеткішімен бірдей болады деп алынғандағы берілген ұрпақтың немесе белгілі бір жастағы топтардың алдағы өмір сүру ұзақтығы. Қазақстанда әйелдер мен еркектердің орташа өмір сүру ұзақтығы арасында нақты диспропорция байқалады.

Халық миграциясы – бұл халықтың әкімшілік территория ішінде орын (ішкі миграция) немесе одан тыс жерлерге (эммиграция, иммиграция) ауыстыруы. Миграциялық процестер келесі түрде болуы мүмкін: жеке немесе жалпы көшу; ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған (стихиялық) көшу; қайтымсыз және тұрақты мекен-жайын уақытша өзгерту; маусымдық миграция (белгілі бір жыл мезгіліде көшу, жиі жазда); маятник тәрізді миграция (басқа елді-мекеннен оқуға немесе жұмыс орнына күнделікті бару).

Халықтың табиғи қозғалысы- бұл туу және өлу, халықтың табиғи өсімі, неке және ажырасулар тәрізді демографиялық құбылыстардың жиынтығы. Туу көрсеткіші календарлық жылда тірі туылғандардың санын бір жылдағы халықтың орташа санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді.

БДҰ анықтамасы бойынша тірі туылған деп жүктілік ұзақтылығының мерзіміне байланыссыз ана ағзасынан ұрықтандыру өнімінің толық шығарылуы немесе алынуын айтады, осындай жолмен бөлініп алынған ұрық бұдан соң тыныс алады немесе жүрек соғуы, кіндік пульсациясы немесе ерікті бұлшықет қимылы тәрізді тіршілік белгілерін көрсетуін атайды. Тіршілікке қабілетті деп жүктіліктің кез келген мерзімінде туылған ұрықты есептейді. Өлі туылған деп жүктілік мерзіміне байланыссыз ана ағзасынан ұрықтандыру өнімінің толық шығарылуға немесе алынуға дейінгі өлімін есептейді.

Қазақстанда БДҰ критериіне өту 2008 ж жүзеге асырылды. Тірі туылған деп жүктіліктің 22 аптасынан немесе одан жоғары мерзімдегі, дене салмағы 500 грамм және одан көп ана ағзасынан ұрықтың толық шығарылуы немесе бөлінуін есептейді, ана денесінен бөлінген ұрық бұдан соң тыныс алады немесе жүрек соғуы, кіндік пульсациясы немесе ерікті бұлшықет қимылы тәрізді тіршілік белгілерін көрсетуіні, туғаннан соң 7 тәуліктен (168 сағат) көп өмір сүруін есептейді. Тіршілікке қабілетті деп туылу кезінде тыныс алу белгілері бар нәрестені есептейді. Тыныстың болмауы немесе реанимациялық шаралардың нәтижесінде 15 минут ішінде қалпына келмеуі өлі туылуды көрсетеді. Өлі туылған деп жүктіліктің 22 аптасынан немесе одан жоғары, дене салмағы 500 грамм және одан көп, өмір белгілері жоқ ұрықтың ана ағзасынан толық шығарыулға немесе бөлінуге дейінгі өлімін есептейді. Тірі және өлі туу критерилерінің әркелкілігі басқа елдермен мәліметтерді салыстыру мен сараптауды қиындатады.

Туу көрсеткішін терең сипаттау үшін арнайы көрсеткіштер қолданылады. Әйелдердің бала туу көрсеткіші бір жылдағы тірі туылғандар санын бала тууға қабілетті жастағы (15-49 жас) әйелдер санына бөліп, 1000 көбейту арқылы анықтайды. Жасқа сай бала туу көрсеткіштері басқа жас тобындағы әйелдер үшін де есептеледі. Сонымен қатар некеде тұрған әйелдерге қатысты некелі әйелдердің бала туу көрсеткіші және некеден тыс туу көрсеткіштері есептеледі.

Өлім көрсеткішін бір жылдағы өлгендер санын халықтың орташа жылдық санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Өлім көрсеткішін талдағанда, жалпы көрсеткіштермен бірге арнайы көрсеткіштер де есептеледі, мысалы жасына , жынысына, кәсібіне және т.б. байланысты өлім көрсеткішін есептеген кезде белгілі бір жастағы (немесе жынысы, кәсібі) өлгендер санын сол жастағы (немесе жыныс, кәсіп) халықтың орташа жылдық санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Қазіргі кезде экономикалық дамыған елдердегі халық өлімі себептерінің құрылымында қан айналым жүйесі аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттар басым. Қан айналым жүйесі ауруларынан ер адамдардың өлуі барлық жас топтарында жоғары.

ЮНИСЕФ анықтамасы бойынша балалар өлімі балалардың салауаттылығын сипаттайды және бір жыл ішіндегі 1 жастан 5 жасқа дейінгі өлген балалар санынын тірі туылғандар санына қатынасы, 1000 көбейту арқылы есептейді. Балалар өлімінің негізгі себептеріне жатады: тыныс алу жүйелерінің аурулары және инфекциялар, оның ішінде басты орында ішек инфекциялары, сепсис және менингиттер. Балалар өлімі мен тамақтанудың бұзылуы, анемия, емшекпен қоректендірдің болмауы немесе ерте тоқтату арасында байланыс анықталған. Қайғылы оқиғалар – жол-көлік жарақаттары, термиялық және химиялық күйіктер, биіктен құлау үлесі орасан. Көп жағдайда қайғылы оқиғаларға ер балалар көбірек ұшырайды. Осы жас кезеңінде ауылдық жерлерде өлім жағдайының жоғарғы көрсеткіші тіркелген.

Сәбилер өлімі халықтың әлеуметтік салауаттылығығын, медициналық-әлеуметтік көмектің деңгейі мен сапасын, акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық көмектің тиімділігін бағалайтын оперативті критерий және индикатор болып саналады. Сәбилер өлім көрсеткіші осы календарлық жылдағы 1 жасқа толмай өлгендер санын осы жылдағы тірі туылғандар санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Туу көрсеткішінің айқын тербелісі кезінде былтырғы туылғандар санына нақты есептеу жүргізіледі – 1 жасқа толмай өлгендер санын биыл туылғандардың 2/3 мен былтыр туылғандардың 1/3 қосындысына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Қазақстан Республикасындағы сәбилер өлімінің себептері: перинатальды кезеңде туындайтын жағдайлар; туа пайда болған ақаулар; тыны салу жүйесінің аурулары; қайғылы жағдайлар; улану және жарақаттар, инфекциялық және паразитарлық аурулар. Сәбилер өлімі деңгейін бағалау үшін бала өмірінің әр түрлі кезеңіне сай көрсеткіштер есептеледі: перинатальды, неонатальды, ерте неонатальды, кеш неонатальды, постнеонатальды злім көрсеткіштері.

Табиғи өсім- 1000 тұрғынға есептегендегі туу және өлім көрсеткіштерінің айырмашылығы. Егер туу көрсеткіші өлім көрсеткішінен басым болса оң деп бағаланады; теріс, егер өлім туу деңгейінен жоғары және нольдік. Егер туу көрсеткішінің төмендеуі фонында өлім көрсеткішінің деңгейі артса, онда депопуляция процесі немесе «демографиялық қиылысу» деп атайды.

Бақылау сұрақтары:

1. М-едициналық демографияның зерттеу пәні.

2. Халық статикасының құрайтың бөліктері.

3. Халықтың табиғи қозғалысының құрайтың бөліктері.

4. Халық өлімінің құрылымы.

5. Сәбилер өлімінің себептері.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 553; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты