Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бұл ретте, Aрнaйы рұқсaтты уәкiлеттi оргaн не кеден оргaндaры толтырaды және мөрмен куәлaндырaды. 2 страница




Сурет 2. АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалының баланс пасивтерінің динамикасы

Кез келген ұйымның қызметі циклдық сипаты қажетті қорларды тарту арқылы, оларды өндірістік процесте қолдану, өндірістік өнімдерді, жұмысты, қызметтерді және алынған қаржылық нәтижені іске асыруда жүзеге асады. Өндірістік, өткізу, жабдықтау және қаржылық қызметтің әр түрлі жақтары қаржылық көрсеткіштер жүйесінде ақшамен бағаланады. Осының талдауы (анализі) Кесте 6 көрсетілген.

Кесте 6

2012-2014 ж.ж.кезең ішіндегі АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалының кіріс және шығыс есебінің талдауы (анализ)

Көрсеткіштер 2014/2012, абс.өзгерістер, млн. теңге Өсу қарқыны,%
Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс 131350,0 134004,0 74915.0  
Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 110623,0 125336,0 81652.0 -28971
Жалпы пайда 20727,0 8667,0 -6736.0 -27463
Қаржыландыруға арналған шығыстар 12413,0 12957,0 -5984.0 -13605
Әкімшілік шығыстар 30541,0 26026,0 19981.0 -10560
Жалғасатын қызметтен кіріс/шығыс -23538,0 -20242,0 -28181.0 -4643
Басқа да кірістер 5440,0 13298,0 3328.0 -2112
Салық салынбағанға дейінгі кіріс (шығыс) -23538,0 -20242,0 -28181.0 -4643
КТС 1008,0 - - -1008 -
Таза табыс -24546,0 -20242,0 -28181.0 -3635

Қызмет көрсетуден алынатын табыс теріс динамиканы көрсетіп тұр, 2014 жылдың 2012 жылға қарағанда 61780 мың теңгеге азайғанын, ал өсу қарқыны 57% төмендеген. Ұйымның қызметінде басқа да кірістердің көрсеткіштері 2112 млн. теңгеге төмендегені байқалып тұр, ол салық салынбағанға дейінгі кіріс көрсеткішіне кері әсер етеді.

Шығынның көбірек өсуі «Атырау-Орал» жолындағы жол салуындағы ауыр тасымалдаулармен байланысты. Сонымен қатар 2014 жылдың жоспарлы шығынына ТОО «Геотезсервис» жұмыс жасауға іссапарға жіберілген жүргізушілердің тамақтануына, мекендеуіне, автокөлік автотұрақтарына кеткен шығындары ескерілмеді. Соған байланысты 4643 мың теңгеге залал болды.

Келесі кезең ұйымның ақша қозғалысының талдауы болып табылады. Оны Кесте 7 көруге болады.

Кесте 7

2012-2014 ж.ж.кезең ішіндегі АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалының ақша қозғалысының есебінің талдауы (анализ)

  2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2014/2012 кемшіліктері
сома % сома % сома % сома %
Барлығы 126280,0 123088,0 96007,0 -30273,0
Соның ішінде:  
Тауар өткізу   92613,0 98787,0 88638,0 -3975,0
Көрсетілген қызмет 2307,0 3757,0 2249,0 -58
Алынған аванстар 8285,0 1901,0 - - -8285,0
Өзге де түсімдер 23075,0 18643,0 5120,0 -17955,0

2014 жылдағы ақша қаражаты 2012 жылға қарағанда 30273 млн. теңгеге кеміген, тауар өткізу 13%, көрсетілген қызметтер 1%, алынған аванстар 27% және өзге де түсімдер 59 % кемшіліктерін көрсетіп тұр.

АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалының ақша қозғалысының динамикасын Сурет 3 қарастыруға болады.

 

Сурет 3. АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалының ақша қозғалысының динамикасы

Ақша қаражаттар динамикасын зерттей отырып олардың бірқалыпсыз екені көрініп тұр. Бұнын себептері «Атырау-Орал» жолындағы жол салу құрылысындағы тасымалдаудың ауыр және қиын жағдайларына, сонымен қатар еңбек нарығындағы қолда бар бәсекелестікте жүргізушілердің тәжірибелі кадрларын, жөндеу жұмысшыларын және мамандарын бекітумен байланысты.

 

 

2.2 АҚ «ҚaзAвтоКөлiк» филиaлының қaржы және салық есеп жұмысын ұйымдaстыру

АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалы өзінің қызметінің оперативтік және бухгалтерлік есеп нәтижелерін, сонымен бірге статистикалық, қаржылық және салықтық есебін сәйкесінше Қазақстан Республикасының заңдарына жүргізіп, оларды бекітілген мерзімде сәйкес органдарына береді. Қоғам заңнамаға сәйкесінше есеп жүргізудің тәртібін және растығының ұстанбағанына жауапты болады.

АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалында бухгалтерлік есеп сәйкесінше жүреді:

- 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме туралы» Қазақстан Республикасының Заңнамасына;

- 2004 жылғы 19 наурыздағы № 128 Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен бекітілген бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібі бұйрығымен;

- 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 «Салықтар мен бюджетке мііндетті басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен бекітілген;

- Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен бекітілген 2007 жылғы 23 мамырдағы бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарымен.

АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалының бухгалтерлік есептің және қаржылық есептеменің мақсаты – мүдделі тұлғаларды ұйымның қаржылық жағдайы және қызметтің нәтижелері туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Бухгалтерлік есеп сәйкесінше есептеу принциптерімен, қызметтің үздіксіздігімен жүргізіледі.

АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалында бухгалтерлік есепті жүргізудің келесі тәсілдері қолданылады:

1) Автоматтандырылған дербес компьютерде, қаржылық есептемелерді, аналитикалық регистрлерді, синтетикалық есептеулерді жүргізу үшін;

2) Автоматтандырылған емес қағаз тасымалдаушыларда, шаруашылық операцияларды жүргізген кезде алғашқы құжаттарды рәсімдеу үшін.

Операциялардың жүргізілу фактілері алғашқы құжаттарға негізделген бухгалтерлік жазбалармен тіркеледі.

АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалында есеп саясатымен қабылданған алғашқы құжаттардың мәліметтері стандартты емес есеп журналдарында, тіркелімдер мен тізімдемелердегі іске асқан мәмілер мен операциялар негізінде жинақталады:

a) бухгалтерлік есеп жүйесіндегі барлық жазбалар классификацияланған жұмыс жоспар шотына сәйкес болу керек;

b) есепте өнделген мәліметтер негізінде әр түрлі пайдаланушыларға қаржылық, статистикалық және салықтық есептеме жасалады.

АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалында бухгалтерлік есебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитетпен шығарылған типтік және арнайы құжаттар қолданылады.

АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалының есеп саясаты сәйкесінше құрастырылған:

- 2007 жылғы 23 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме туралы» Қазақстан Республикасының заңымен;

- Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартымен;

- Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен құрылған ХБЕС қолданудың методикалық ұсыныстарымен.

АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалы қабылданған есеп саясаты жылдан жылға дәйекті түрде қолданылады. Осы бойынша әр қаржылық жыл 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.

Материалдық емес активтердің есебі. Материалдық емес активтерінің есебі ХҚЕС (IAS) 38 «Материалдық емес активтер» регламентімен белгіленеді. Материалдық емес активтер – бұл өндірісте немесе тауарларды өткізу (жұмыстар, қызметтер) ,ұзақ мерзім ішінде пайдалануға арналған (1 жылдан артық) әкімшілік мақсаттар үшін және жалға бергенде, физикалық нысаны жоқ ақшалай емес активтер.

Материалдық емес активтер келесідей танылады:

- оларды анықтауға (теңестіруге) болады;

- Қоғаммен бақыланады;

- Болашақта экономикалық пайда әкеле алады.

Материалдық емес активтер келесі шарттарды орындағанда теңестіріледі (идентифициаланады):

- егер оны ұйымнан бөлуге болатын болса, яғни келісіммен, активпен немесе міндеттемемен байланысты, не бөлек, не бірге ұйым оны сатып жібере алса, жалға беріп немесе ауыстыра алса;

- егер ол заңды құқықтардан көрінсе, яғни олар тәуелсіз ұйымнан немесе басқа тұлғалардан және міндеттемелерден таратылатын немесе бөлінетін болса.

Бақылау мынаны білдіреді:

- материалдық емес активтерді қолданған кезде, болашақ экономикалық пайда табу құқығы.

- материалдық емес активтерді қолданған кезде, пайдаға басқалардың қолдануына тыйым салуға мүмкіндік беру.

Материалдық емес активтер пайдалану сәйкесінше, келесі шоттар бойынша тәптіштеледі:

- № 2710 «Гудвилл».

- № 2730 «Өзге материалдық емес активтер».

- № 2740 «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы».

Қоғамның қорлар есебі ХҚЕС (IAS) 2 «Қорлар» сәйкесінше жүзеге асады.

Қорлар – бұл активтер:

- Қоғамның қалыпты қызмет жүру кезіндегі сатуға арналған;

- осындай сатылымға арналған өндіріс процессінде;

- өнім немесе материалдар нысанында өндіріс процессінде немесе қызмет көрсетудегі қолдануға арналған.

Жұмыс жоспарында қорлар есебі келесі шоттарда жүзеге асырылады:

- № 1310 шоты «Шикізат пен материалдар»

- № 1313 шоты «Отын», көлік құралдарын пайдалануға арналған мұнай өнімдердің (дизельдік отын, керосин, бензин, май және т.б,), майлау материалдарының қозғалысы мен бар болуын ескереді.

- № 1315 шоты «Қосалқы бөлшектер», жөндеу жұмыстарына, тозған бөлшектерді алмастыруға арналған сатып алынған қосалқы бөлшектердің бар болуын және қозғалысын ескереді.

- № 1318 шоты «Құрылыс материалдар және басқалар», құрылыс және монтаждық жұмыстар процессіндегі қолданған материалдардың бар болу қозғалысын ескереді.

- № 1316 шоты «Басқа да материалдар», материалдар ретінде пайдаланбайтын немесе қосалқы бөлшектер, ұсақ шаруашылық инвентарь , арнаулы жұмыс киімі, құрал-саймандар, құрылғы, ұсақ спорт жабдықтары және т.б., бірақ негізгі құралдарды жою негізінде пайда болған материалдарды ескереді.

- № 1314 шоты «Ыдыс және ыдыс материалдары».

- № 1317 шоты «Қайта өндеуге берілген материалдар», пайдалануда тұрған қосалқы бөлшектердің бар болуы мен қозғалысын ескереді.

- № 1320 шоты «Дайын өнім».

- № 1330 шоты «Тауарлар» , кейін сатуға арналған алынған тауарларды ескереді.

- № 1350 шоты «Өзге қорлар».

- № 1360 шоты «Қорларды есептен шығару бойынша резерв».

Ақша қаражаттарының есебі. Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады.

Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Кассаға нақты ақша ағымдағы банктік шоттан ақшалай чек негізінде түседі. Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы квитанция беріледі.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен акт беруге жазылған өтініштен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен номері, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.

Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім берілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.

Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл, әрі айқын етіп сиямен немес түтікше қаламмен жазып береді. Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың ата-тегінің тұсына мөртаңба соғады, берілмеген соманы төленбеген жалақы тізіміне енгізеді, тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан» деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді. Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар Кіріс және Шығыс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол Кіріс және Шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: Кіріс және Шығыс ордерінің толтырылған күні мен номері, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, Кіріс және Шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, номері мен сомасы көрсетіледі.

Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күні, айы мен жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі соғады.

Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (ф. №КО-4) жүргізеді, ол номерленуге, төленуге және оған сұрау салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді.

Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1010 – «Кассадағы ақша» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.

Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың дебеті мен кредиті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияда кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Біріңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне есебіне және бас кітаптағы 1010 шоттың қалдықтарына сәйкес келуге тиіс.

Кассадағы операциялардың синтетикалық есебі 1010 «Кассадағы ақшалай қаржылар» активті шотында жүргізіледі:

- № 1011 шоты «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты».

- № 1012 шоты «Кассадағы валютамен ақша қаражаты».

Дебеті бойынша кезең басына және соңына қалдық, сонымен қатар кезең ішіндегі түскен сомалар, кредитінен ақшалардың шығындалуы көрсетіледі. Кассадағы ақшалардың есебі бойынша есептік регистрлары келесілер болып табылады: №1 журнал-ордер - касса шоттарының кредиті бойынша және №1 тізімдеме – касса шоттарының дебеті бойынша.

Дебиторлық берешек дегеніміз – «ҚазАвтоКөлік» АҚ-ның алдында барлық ақша нысанында көрсетілген заңды және жеке тұлғалардың тауарларды сату, жұмыс пен қызмет көрсету кезінде туған берешегі.

Жұмыс жоспар шоттарын қолдануында сәйкесінше дебиторлық берешекті өтеу қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Ол мынадай шоттарға топтастырылады:

I. бөлім 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»

- № 1210 шоты «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі».

- № 1220 шоты «Еншілес ұйымдардыңқысқа мерзімді дебиторлық берещегі».

- № 1230 шоты «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі».

- № 1240 шоты «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі».

- № 1250 шоты «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі».

- № 1251 шоты «Есеп беретін сомалар бойынша берешек».

- № 1252 шоты «Қарызға берілген сомалар бойынша берешек».

- № 1253 шоты «Қызметкерлердің жетіспеушіліктер бойынша берешек».

- № 1254 шоты «Қызметкерлердің басқалай берешегі».

- № 1260 шоты «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі».

- № 1270 шоты «Алынуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар».

- № 1280 шоты «Өзге дебиторлық берешегі».

- № 1281 шоты «Жабдықтаушыларға ТМҚ-ды қайтару бойынша берешегі».

- № 1282 шоты «Талаптар бойынша берешек».

- № 1283 шоты «ТМҚ-дың жетіспеушіліктерді табу бойынша берешегі».

- № 1284 шоты «­Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берегі».

- № 1290 шоты «Күмәнді талаптарт бойынша резерв».

II. Бөлім 1200 «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»:

- № 2110 шоты «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі».

- № 2120 шоты «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі».

- № 2130 шоты «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі».

- № 2140 шоты «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі».

- № 2150 шоты «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі».

- № 2151 шоты «Есепті тұлғалардың ұзақ мерзімді деюиторлық берешегі».

- № 2152 шоты «Еңбекақы төлеу бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек».

- № 2153 шоты «Қызметкерлердің жетіспеушіліктер бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі».

- № 2154 шоты «Қызметкерлердің басқалай берешегі».

- № 2160 шоты «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек».

- № 2170 шоты «Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар».

- № 2180 шоты «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек».

- № 2181 шоты «Жабдықтаушыларға ТМҚ-ды қайтару бойынша берешегі».

- № 2182 шоты «Талаптар бойынша ұзақ мерзімді берешек».

- № 2183 шоты «ТМҚ-дың жетіспеушіліктерді табу бойынша берешегі».

- № 2184 шоты ««­Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек».

Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және үлестірілмеген табыстың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды.

Құралдардың қалдығы туралы мәліметтер бухгалтерлік есепке алудың мәліметтерімен анықталады. Жалпы жағдайдағы кему мен көбеюдің жеке түрлері бойынша меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру мәліметтерін нақтылау қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендацияда көрсетілген.

Көпшілігінде, капиталдың көбеюі заң орындарымен бекітілген жарияланған капиталдың, резервтік капиталдың есебінен және негізгі құралдарды, инвестицияларды және үлестірілмеген табысты (залалды) қайта бағалау есебінен пайда болады. Есеп беру жылындағы капиталдың шығындалуы сипаты кезінде төленбеген капитал есебінен болған төмендеуді және есеп беру кезеңіндегі залалдарды жеке-жеке қарастыру керек. Сонымен қатар, акция көлемінің төмендеуінен, акция номиналының азаюынан болған кемуді де жеке-жеке қарастыру керек.

Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйым активтерінің ұйымның өз меншігін құрайтын бөлігін сипаттайды.

Меншікті капиталдың бухгалтерлік есебі, оның ұсынылуы және жіктелуі, осымен байланысты құжаттарға сілтеме белгілі бір негізгі мақсаттарға ие. Солардың аса маңыздылары:

1) ұйымға салынған капиталдың негізгі қайнар көздері арасындағы айырмашылықтарды көрсету және жіктеу;

2) толық немесе біртіндеп жою кезіндегі үлес құнына беретін әдістерді және акционерлер приоритеттеріне құқықты анықтау;

3) қандай да бір себептермен капиталдың үлестірілуі кездесетін заңнамалық шектеулерді анықтау;

4) есеп беру кезеңінің үлестірілмеген табысын үлестіру реті кездесетін қаржылық, әкімшілік, заңнамалық, келісімдік (құрылтайшылардың келісімдері) шектеулерді анықтау;

5) акционерлер құрамын қамти отырып, конвертирленетін құнды қағаздардың, акционерлік және басқа да келісімдердің шарты мен кепілдемесін ашу;

Есеп беруді құрудың кез-келген әдістемесі сату көрсеткіштерінің, қаржылық нәтижелердің және қорытынды бухгалтерлік баланстардың қосымша байланыстарынан тұрады.

Қоғамның капиталының болуы және қозғалысының есебі 5 бөлім «Капитал мен резервтер» жұмыс жоспар шоттарында көрсетілген:

5000 Бөлім «Жарғылық капитал».

- № 5010 шоты «Жарғылық капитал».

- № 5110 шоты «Төленбеген капитал».


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 213; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты