Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бұл ретте, Aрнaйы рұқсaтты уәкiлеттi оргaн не кеден оргaндaры толтырaды және мөрмен куәлaндырaды. 3 страница




5200 Бөлім «Сатып алынған меншікті үлес құралдары».

- № 5210 шоты «Сатып алынған меншікті үлес құралдары».

5300 Бөлім «Эмиссиялық кіріс».

- № 5310 шоты «Эмиссиялық кіріс».

5400 Бөлім «Резервтер»

- № 5410 шоты «Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал»

- № 5420 шоты «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв».

- № 5430 шоты «Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв»

- № 5440 шоты «Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв»

- № 5460 шоты «Өзге резерв».

Сонымен қатар, АҚ «ҚазавтоКөлік» филиалы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 57 бабына сәйкес өзі құрған және бекітілген салық есебі саясатын ұстанып, салық есебін жүргізеді.

Салық есебі – салық заңнамасында көзделген тәртіпке сәйкес топтастырылған бастапқы құжаттардың негізінде салықтар бойынша салық базасын айқындау үшін ақпарат жинау, тіркеу және қорытындылау жүйесі. Салық есебі салық төлеуші есепті кезең бойына жүзеге асырған шаруашылық операцияларға салық салу үшін, сондай-ақ салықтардың дұрыс есептеліп, бюджетке төленуін бақылау үшін ішкі және сыртқы пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету.

АҚ «ҚазавтоКөлік» филиалының салық есебінің саясаты сәйкесінше құрастырылған:

- 2008 жылдың 1 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы».

- Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысы «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың қағидаларын бекіту туралы» (өзгертулер сәйкесінше Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен ).

- Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 маусымдағы № 683 қаулысымен «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» (өзгертулер сәйкесінше Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1381 қаулысымен ).

Салық есебі бухгалтерлік есептің мәліметтеріне негізделген. Қабылданған салық есебінің саясаты ұйым қызметінің барлық кезеңіне арналған. АҚ ішкі нормативтік құжаттармен сәйкесінше бөлек рәсімделген қосымшалар мен өзгертулерді мынадай жағдайларда енгізеді:

- Қазақстан Республикасының Салық Кодексіндегі өзгертулерімен;

- Салық есебінің саясатында қарастырылмаған салық салу объектілерімен иемденумен.

АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалы салық салудың көпшілік мақұлдаған тәртіпті қолданады. АҚ «ҚазАвтоКөлік» филиалында тікелей әдіс қолданылады. Бұл әдіс төлеу уақытына тәуелсіз, кірістер мен шығыстар жасалынған жұмыс пен көрсетілген қызмет мезетімен ескеріледі.

Салықтық тіркелімдер Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 77 бабына сәйкесінше салық салумен байланысты салық салу объектілері және объектілері туралы қажетті мәліметтері бар құжаттар болып табылады. Салықтық тіркелімдер өзіне АҚ жетекшілерімен бекітілген нысандарды және оларды толтыру ережелерін, сонымен бірге өкілетті органдармен бекітілген нысандар және оларды толтыру ережелерін енгізеді.

Салықтық тіркелімдер келесі міндетті реквизиттерді құрайды:

- тіркелімнің атауы;

- салық төлеушінің идентификациялық нөмері;

- тіркелім құрылған мерзім;

- толтыруға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.

Салықтық тіркелімдер құжаттың салықтық тексеріс кезінде салықтық қызмет органдарына қағазда немесе электрондық тасымалдаушыларды беріледі.

Салық төлеушінің салықтық міндеттемесін орындау өздігінен іске асады:

- салық салу объектісінің есебін енгізу;

- бюджетке салық сомаларын және басқа да міндеттемелерін есептеу;

- салық қызметі органдарына есептілітің салықтық нысандарын құру және ұсыну;

- Қазақстан Республикасының салық заңымен бекітілген мерзім ішінде салық сомаларын және басқа да бюджетке төленетін төлемдерін санау және есептеу.

Салық есебі салық органдарына Қазақстан республикасының Салық Кодексімен бекітілген тәртіпте және мерзімінде келесі аталған тәсілдермен беріледі:

- электрондық түрде;

- тапсырыс хат хабарландырумен бірге пошта арқылы, қағаз тасымалдаушылармен;

- келу тәртібімен, қағаз тасымалдаушыларымен;

«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» қазақстан Республикасының Кодексінің талаптарына сәйкес, АҚ келесі салықтар және міндетті төлемдерді төлеуші болып табылады:

- корпоративтік табыс салығын;

- жеке табыс салығын;

- әлеуметтік салықты;

- көлік құралдарына салынатын салығын;

- мүлікке салынатын салығвн;

- қоршаған орта үшін эмиссия төлемдерін;

- міндетті зейнетақы жарна төлемі;

- әлеуметтік аударымдар.

АҚ өзінің қызметінде есептеу аймағында қатал түрде ортақ мемлекеттік есеп саясатын және қолданыстағы нормативтік актілерін басшылыққа алып ұстанады. Бюджеттен барлық есептеулер және бюджеттік емес төлемдер 3110, 3150-3190 шоттарында есептеледі. Бюджеттік емес барлық есептеулердің және бюджеттік емес төлемдердің декларациялары Салық Комитеті қабылдаған мерзімінде тапсырылады.

АҚ корпоративтік табыс салығы 133 бапта қарастырылған кіріс және шығыстын сомасына азайтылған және ҚР –ның Салық Кодексінің 137 бабына сәйкесшығыс сомаларына көшіру ҚР –ның Салық Кодексінің 147 бабымен қарастырылған % мөлшерлемесімен саналады.

КТС бойынша декларациясының 100.00 (қосымшаларамен) нысаны 31 наурызға дейін ұйыммен ұсынылады. КТС бойынша соңғы қорытындысы салықтық мерзім қорытындысы бойынша жылдың 20- сәуірге дейін тапсырылуы керек.

ҚР Салық кодексінде жеке табыс салығының мынадай негізгі элементтері белгіленген:

- Салық төлеушілер ортасы;

- Салық салу объектісі;

- Салықтық база;

- Салық кезеңі;

- Салықтық жеңілдіктер;

- Салықтық ставкалар;

- Салықты есептеу тәртібі;

- Салық төлеу мерзімдері.

Салық төлеушілер ортасы: табыс табатын жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады. Жеке табыс салығын есептеу және төлеу осы кірістерді төлейтін салық агентіне жүктелген.

Салық салу объектісі: жеке табыс салығы салынатын объекті деп еңбекақы төлеу бойынша қосымшаларымен және сыйақыларымен бірге есептелген жалақыны ғана емес, материалдық және әлеуметтік игіліктерді, қыметкерлерге материалдық пайда ұсынуға арналған Қоғам шеккен шығыстарды да есептейді. Қызметкердің автомобиль, пәтер сатып алуға немесе үйін жөндеуге не болмаса балаларын оқытуға, балаларын балақшаға беруге арналған шығыстарын төлеген жағдайда, Қоғамның осы барлық шығыстары еңбекақы төлеу шығыстары ретінде есептеледі, ал қызметкерге жеке табыс салығы салынады.

Қоғамда әрбір қызметкердің жалпы кірісінің сомасын айқындау және жеке табыс салығын дұрыс есептеу, осы шығындарды еңбекақы төлеу шығыстарына жеткізу үшн барлық шығындардың есебі ұйымдастырылған. Салық базасы: салық базасы салық кезеңінде қызметкерлердің пайдасына есептелген еңбекақы мен өзге де сыйақылар бойынша төлемдер сомасы ретінде айқындалады.

Салықтық кезең: есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік ай салықтық кезең болып табылады. Жеке табыс салығы бойынша декларацияға қосымшаны Қоғам жыл қорытындысы бойынша жасайды және есепті жылдың төртінші тоқсанындағы декларациямен бірге тапсырады.

Салық ставкасы: Қоғам қызметкерлердің табысына 10 пайыз мөлшерінде белгіленген ставкалар бойынша жеке табыс салығын салады.

ҚР мен Қоғамнан тыс жерлердегі көздерден алынған дивидент түріндегі кіріске 5 пайыздық ставка бойынша салық салынады.

Жеке табыс салығын есептеу үшін Қоғам есептеу базасын айқындайды, одан қызметкердің берген өтініші бойынша міндетті зейнатақы жарнасының, ең аз жалақының сомасы алынып тасталады және есепту базасына 10 пайыздық тіркелген ставка қолданылады.

Жеке табыс салығы бойынша салықтық шегерімдер: Қоғам ҚР Салық кодексінің 166-бабының негізінде қызметкердің төлем көзінен салық салынатын кірісін айқындаған кезде төлем кезеңділігіне қарамастан күнтізбелік жыл бойы әрбір ай үшін қызметкерлердің өтініштерінің негізінде ең аз жалақы сомасында шегерімді қолданады. Егер қызметкер Қоғамда он бес жұмыс күнінен аз жұмыс істесе, онда Қоғам ең аз жалақы мөлшерінгдегі шегірімді қолданбайды.

Жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер: Қоғамда ҰОС қатысушылар мен оларға теңестірілгендер, І және ІІ топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбектері мен адал әскери қызметтері үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандар, сондай-ақ жастайынан мүгедек балалардың ата-анасының бірі 5 еселік ең аз жалақы мөлшерінде салық салудан босатылады.

ІІІ топтағы мүгедектер үшін жылына 27-еселік ең аз жалақы мөлшерінде жеңілдік белгіленген. Бұл сома көтерілген жағдайда салық жалпы белгіленген тәртіпте есептеледі.

Қоғам растау құжаттары болған жағдайда ҚР Салық кодексінің 166-бабына сәйкес медициналық қызмет көрсептуге 8 еселік ең аз жалақы мөлшерінде салықтық шегерімді қолданады.

Жеке табыс салығын төлеу төлейтін айдан кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей ай сайын төленеді.

Жеке және әлеуметтік салық бойынша 200.00 нысанындағы салықтық декларацияны Қоғам есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын төленеді

- 1-тоқсанға - 15 мамырға дейін

- 2-тоқсанға - 15 тамызға дейін;

- 3-тоқсанға – 15 қарашаға дейін;

- 4-тоқсанға – 15 ақпанға дейін.

Жеке табыс салығы бойынша салықтық есепке алу тіркелімін жасау және соның негізінде салықтық декларация негіздерін қалыптастыру тәртібі

Қызметкерлер пайдасына есептеулер сомаларын растайтын бастапқы құжаттар штаттық кесте, жұмыс уақытын есепке алу тәбілі, ұйым басшысының бұйрықтары, бухгалтерияның анықтамалары мен есептері, есептеу-төлеу ведомосінің жиынтықтары және т.б. болып табылады.

Жеке табыс салығы бойынша салықтық есепке алу тіркеліміне жазулар есептеу-төлеу ведомосі жиынтығының негізінде ай сайын жүзеге асырылады. Жеке табыс салығы салынбайтын есептеулер мен салықтық жеңілдіктер сомасы жеке бағанда бөліп көрсетіледі. Есептелген салық сомасы бір айға және өсу қорытындыларымен айқындалады.

Ай сайынғы салық сомасы бір айдағы салық сомасына белгіленген салық ставкасын көбейту арқылы айқындалады.

Қоғам салықтық есепке алуды 1С бағдарламасының компьютерлік нұсқасында жүргізеді, бұл ретте бірден тіркелім мен декоарацияны жасау қамтамасыз етіледі.

Барлық негіздер бойынша қызметкерлердің пайдасына есептелетін төлемдер мен өзге де сыйақылар әлеуметтік салық салынатын объектілер деп танылады. ҚР Салық кодексінің 47-тарауы шеңберінде туындаған қатынастар бойынша Қоғам әлеуметтік салықты төлеуші болып табылады.

ҚР Салық кодексінің 47-тарауы шеңберінде жалдамалы қызметкерлерге ақы төлейтін жұмыс берушілер заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер деп танылады.

Салықтық база салық кезеңінде қызметкердің пайдасына есептелетін еңбек және өзге де сыйақылар төлеу жөніндегі төлемдер сомасы ретінде айқындалады.

Күнтізбелік ай салықтық кезең, тоқсан - есепті кезең болып табылады. Әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшаларды Қоғам жыл қорытындысы бойынша жасайды және есепті жылдың төртінші тоқсанындағы декларациямен ұсынылады.

Қоғам әлеуметтік салықты 11 пайыз мөлшерінде белгіленген ставка бойынша есептейді.

Қоғам пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін қызметкерлерге төленетін өтемақыға, сондай-ақ еңбек шартын бұзған кездегі өтемақыға және ҚР Салық кодексінің 357-бабында белгіленген өзге де жағдайларда әлеуметтік салықты есептемейді.

Әлеуметтік салықты есептеу үшін Қоғам есептеу базасын айқындайды, одан міндетті зейнетақы жарналары алынып тасталады және есептеу базасына 11 пайыздық тіркелген ставка қолданылады.Әлеуметтік салықтың сомасы МӘСҚ қорына әлеуметтік аударымдарды қоспағанда бюджетке аударылады.

Әлеуметтік салықты төлеуді Қоғам төленетін айдан кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей ай сайын төлеуді жүзеге асырады.

Әлеуметтік салық пен жеке табыс салғы бойынша салықтық декларацияны Қоғам 200.00 нысан бойынша есепті айдан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей ай сайын төлеуді жүзеге асырады.

Әлеуметтік салық бойынша салықтық есепке алу тіркелімін жасау және соның негізінде салықтық декларация негіздерін қалыптастыру тәртібі

Қызметкерлер пайдасына есептеулер сомаларын растайтын бастапқы құжаттар штаттық кесте, жұмыс уақытын есепке алу тәбілі, ұйым басшысының бұйрықтары, бухгалтерияның анықтамалары мен есептері, есептеу-төлеу ведомосінің жиынтықтары және т.б. болып табылады.

Әлеуметтік салық бойынша салықтық есепке алу тіркеліміне жазулар бастапқы бухгалатерлік құжаттардың негізінде ай сайын жүзеге асырылады. Есептелген салық сомасы бір айға және өсу қорытындыларымен айқындалады.

Ай сайынғы салық сомасы бір айдағы салықтық базаның сомасын белгіленген салықтық ставкаға көбейту арқылы айқындалады.

Қоғам салықтық есепке алуды 1 С бағдарламасының компьютерлік нұсқасында жүргізеді, бұл жағдайда әлеуметтік салық бойынша тіркелім мен декларацияны бірден жасау қамтамасыз етіледі.

Қоғам экологиялық шешу негізінде қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеуші болып табылады.

Қоғамның шешімі бойынша құрылымдық бөлімшелер дербес ақы төлеушілер ретінде қарастырылады.

Белгіленгенн нормативтер шегіндегі нақты көлем қоршаған ортаға эмиссия үшін салық салынатын объекті болып табылады:

- ластаушызаттар шығарындылары;

- ластаушы заттар шығарылымы;

- өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтары.

Қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы бойынша есепті Қоғам жанар-жағар май материалдарын пайдалану және қатты тұрмыстық қалдықтар фактісі бойынша жүргізеді.

Шығарылатын ҚТҚ көлемі Қоғам мен мамандандырылған ұйымның арасындағы шартта текше метр көрсеткіші көлемінде айқындалады. Алайда, қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша төлемдер ставкалары 1 тоннасының есебімен белгіленеді. Қоғам ҚТҚ көлемінің есебін текше метрден тоннаға қайта есептеу арқылы жүзеге асырады. Осы мақсатта Қоғам ауыстыру коэффициентін пайдаланады.

1 тонна ҚТҚ = 5 м , тиісінше Қоғам мынадай формуланы қолданады: V – шот-фактураға сәйкес текше метр бойынша ұйым шығарған тұрмыстық қалдықтар көлемі; тоннамен ҚТҚ көлемі = (текше метрмен ҚТҚ көлемі) V : 5 м

Жанар-жағар май материалдарын литрден тоннаға ауыстыру үшін Қоғам мынадай орташа көрсеткіштерді қолданады:

- бензиннің барлық түрлері үшін - 0,730 кг/литр;

- Дизель отыны үшін - 0,769 кг/литр.

- Бензин мен дизель отынын литрден тоннаға ауыстыру мынаған тең: 1 тонна бензин - 1 370 литрге; 1 тонна дизель отыны - 1 300 литрге.

- V – жол парақтры бойынша литрмен Қоғамның пайдаланған ЖЖМ көлемі

Қоғам ЖЖМ-ды литрден тоннаға ауыстырудың мынадай формуласын қолданады:

- Бензин көлемі, тоннамен = (бензин көлемі литрмен) V: 1370

- Дизель отынының көлемі, тоннамен = (дизель отынының көлемі, литрмен) V: 1300

Сұйытылған газды ауыстыру қысымы мен сұйықтығының деңгейіне байланысты жүргізіледі:

- Литр саны х 0,5965 = кг: 1000

Қоршаған ортаға эмиссия үшін декларация тапсырудың салықтық кезеңі тоқсан болып табылады.

Төлеу сомасын Қоғам қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемі мен белгіленген ставкаларын ескере отырып есептейді.

Қоғамның төлем сомасы рұқсат беру құжатында көрсетілген қоршаған ортаға эмиссия орналасқан жер бойынша бюджетке төленеді, оған мынау қосылмайды: жылжымалы ластау көздері, оған төлем уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік тіркелген жері бойынша бюджетке енгізіледі.

Қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемі үшін ағымдағы төлем сомасын Қоғам есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей енгізді.

- 1-тоқсанға - 25 мамырға дейін

- 2-тоқсанға - 25 тамызға дейін;

- 3-тоқсанға – 25 қарашаға дейін;

- 4-тоқсанға – 25 ақпанға дейін.

Қоғам салық органдарына ластау объектісі орналасқан жер бойынша 870.00 нысаны бойынша декларация тапсырады, жылжымалы ластау көздерін қоспағанда, олар бойынша декларацияны олардың мемлекеттік тіркелген орны бойынша рұқсат құжатын беретін орган тапсырады.

Декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын тапсырылады.

- 1-тоқсанға - 15 мамырға дейін

- 2-тоқсанға - 15 тамызға дейін;

- 3-тоқсанға – 15 қарашаға дейін;

- 4-тоқсанға – 15 ақпанға дейін.

Қоршаған ортаға эмиссия үшін салықтық есепке алу тіркелімін жасау және соның негізінде салықтық декларация негіздерін қалыптастыру тәртібі

Салықтық тіркелім мынадай құжаттарға сәйкес есептен шығарылған ЖЖМ бойынша бастапқы бухгалтерлік құжаттардың негізінде толтырылады:

- Қоғамның тапсырмаларын орындау үшін жүрген жолы

көрсетілген факт бойынша бекітілген нормаларға сәйкес жұмсалған ЖЖМ-ның нақты есебі жүргізілетін жол парақтарына;

- Қоғамның мұқтады үшін ЖЖМ-ның нақты шығыстары туралы

Жол парағында автомобильге құйылған жанармай мен оның жұмсалуын растайтын құжаттардың негізінде жасалған есептен шығару актісіне.

ҚТҚ бойынша салықтық тіркелім ҚТҚ шығаруға, атқарылған жұмыстардың шот-фактурасы мен актісіне арналған мамандандырылған ұйымдармен жасалған шарттың негізінде толтырылады.

Қоғам салықтық есепке алуды 1 С бағдарламасының компьютерлік нұсқасында жүргізеді, бұл ретте бірден тіркелім мен декларацияны жасау қамтамасыз етіледі.

Барлық негіздер бойынша төлемдер мен қызметкердің пайдасына есептелетін өзге де сыйақылар міндетті зейнетақы жарналарын салу объектісі деп танылады. Қоғам міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар пайдасына агенттер болып табылады..

«ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР 20.06.1997 ж. № 136-1 заңыныда 19.12.2007 ж. жағдай бойынша өзгерістерімен және толоқтыруларымен белгіленген.

Жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын салық төлеушілер деп танылады, ал уақытында есептеу және аудару үшін жауапты тұлға болу жалдамалы қызметкерлерге ақы төлейтін заңды тұлға – агентке жүктелген. Қоғам міндетті зейнетақы аударымдары бойынша салымшылар пайдасына агент болып табылады.

«ҚР міндетті зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР заңына сәйкес салықтық база салық кезеңінде қызметкердің пайдасына есептелген еңбекақы мен өзге де сыйақылар төлеу сомасы ретінде айқындалады.

Қоғам ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес әрбір қызеткер бойынша есептелген, ұсталған, (есептелген) және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының бастапқы есебін жүргізеді.

Күнітізбелік ай салықтық кезең, ал тоқсан – есепті кезең болып табылады.

«ҚР міндетті зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 22-1

бабына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына төленуі тиіс міндетті зейнетақы жарналары зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы кірісінің он пайызы мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген жалақының ең аз 75-еселік мөлшерінен аспауы тиіс.

Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қызметкердің ай сайынғы кірісінің 10% ставкасы бойынша міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жүзеге асырады.

Қоғам міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді төленетін айдан кейінгі екінші айдық 25-нен кешіктірмей ай сайын төлеуді жүзеге асырады.

Зейнетақы жасына толған адамдар, сондай-ақ егер мүгедектігі мезгілсіз кезеңге белгіленген болса бірінші және екінші топтағы мүгедектер жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

«ҚР міндетті зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 22-4

бабына сәйкес Қоғам уақытында есептемеген және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомасын нақты төленген және салымшы кіріс алған жағдайда агент әрбір уақыты өткен күн үшін (Орталыққа төлеген күнді қоса алғанда) ҚР Үлттық Банкі белгілеген 25-еселік ресми қаржыландыру ставкасы мөлшерінде өтемақысымен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударулары тиіс.

«ҚР міндетті зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының

224-бабына сәйкес Қоғам тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-не дейін салық органдарына есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған, міндетті зейнеақы жарналарының сомалары бойынша есептерді тапсырады.

- 1-тоқсанға - 15 мамырға дейін

- 2-тоқсанға - 15 тамызға дейін;

- 3-тоқсанға – 15 қарашаға дейін;

- 4-тоқсанға – 15 ақпанға дейін.

Қызметкерлер пайдасына есептеулер сомаларын растайтын бастапқы құжаттар штаттық кесте, жұмыс уақытын есепке алу тәбілі, ұйым басшысының бұйрықтары, бухгалтерияның анықтамалары мен есептері, есептеу-төлеу ведомосінің жиынтықтары, пайдасына зейнетақы салымдары аударылатын қызметкерлердің тізімдері және т.б. болып табылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 170; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты