Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ор нарығының қатысушылары




 

1. Бағалы қағаздар нарығындағы дилерлердің және брокерлердің орны.

2. ҚР бағалы қағаздар нарығындағы негізгі қатысушылардың экономикадағы ролі.

 

1. Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар деп аталады. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техникаға қажет етеді. Ол үшін қазіргі уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Олардың жалпы экономикалық техникалық және кейбір күтпеген жағдайды шешетін психологиялық дайындықтары болуы шарт.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер, джоберлер. Джоберлер дегеніміз - нарық коньектурасын бақылаушылар. Осы мамандармен қатар бағалы қағаздар нарығына банк қызметкерлері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметкерлерін реттейтін ереже нормалар шығаратын мемлекеттік шенеуніктер мен заң қызметтері қатысады.

Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлер құқықтық тұлға ішінде тіркелген, маманданған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа мемлекетінде олар не жеке, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егемен мемлекетінде олар ЖШС мекемесі болып құрылған. Құрылымы жөнінен брокерлік банк дирекция, өсімшлік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздарды өтеу бөлімі және хабарлама техникалық бөлімнен тұрады. Шамамен, банкте 18-25 адам қызмет жасайды.

Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:

- клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде (қор биржасын ба, әлде биржадан тыс нарықтан ба)

- брокер клиенттің белгілеген сомасын шамасында әрекет жасайды. Бірақ алған тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады.

- Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта клиетте хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны клиенттің есеп шотына аударады.

Брокерлік фирма өз клиенттерінен тапсырма алғанда олардан кепілдік беруді талап етеді. Әсіресе, клиент сатып алушы болса, кепілдік ретінде мыналар берілуі мүмкін:

1. мәміледегі бүкіл сомаға вексель

2. мәміленің 25% немесе 100% құрайтын сома брокердің шотына түсірілуі керек.

3. брокердің астына ағымдағы шот ашылуы мүмкін.

4. брокерге сақтандыру полисі және с.с. кепілдіктер.

Осылар жөнінде брокерлік фирма клиентке хабарлап тұруы қажет. Сонымен қатар брокерлік фирма клиенттке несие беріп, бүкіл операцияларды өз есебінен жүргізуі мүмкін.

Дилерлер - олар да делдалдар. Олардың брокерлерден айырмашылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды.

Дилердің атқаратын қызметі бағалы қағаздарды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату, клиенттердің тапсырмасын орындау.Бағалы қағаздар нарығында дилердің қызметі брокер қызметінен өзінің тең көлемімен ерекшеленетінін атап өткен жөн. Дилерлік фирманың алғашқыда өзінің бірсыпыра капиталы болуы кейіннен ол делдалдармен сыйақымен инвестициядан түскен пайдамен үнемі толықтырылып отырылады. Ең алғашқыда Лондон нарығында пайда болды. Олардың іс-әрекеттері бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде өрістеп және үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Олар шығарылған бағалы қағаздар маңызын дұрыс бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар эмитенттерге жаңа бағалы қағаздар шығарғанға да олардың көмегі қажет. Джоберлер тек бір жолы кеңес беріп қана қоймай, кейде комплексті шешуге көмектеседі.

2. Негізгі қатысушыларының экономикада алатын орны бағалы қағаздар нарығының пайда болуы сауда және растовщиктік несиелермен тығыз байланысты. Олар вексель және коносомент сияқты қарыз міндетінің пайда болуына себеп болды. Бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуы акционерлік қоғамның пайда болуымен және жеке адамдар және банк қызметкерлері айналысты кейіннен бұл іске құқықтық тұлғаларда кірісті. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығына қатынастарды 4 топқа бөлеміз:(олар әрі эмитенттер, әрі тревдер)

- бағалы қағазда нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік органдары, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар.

- инвестициялық институттар немесе бағалы қағаздар операцияларын жүргізетін қаржы - несие институттары. Олар:

1) коммерциялық және инвестициялық банктер

2) сақтандыру қоғамдары

3) зейнетақы қорлары

- жеке инвестициялар, яғни жеке адамдар.

- бағалы өқағаздар нарығының кәсіби мамандары, яғни брокерлер мен дилерлер.

Әрбір елде бағалы қағаздар нарығына қатысуды немесе оған қатысу жағдайын мемлекет белгілейді. Себебі, мемлекеттік заң актілерінде елдің экономикалық жағдайы аңғарылады.Мысалы, экономикалық дағдарысы кезінде заңдар мен ережелер тез өзгеріп отырады. Қазақстанда бағалы ағаздар нарығына негізгі қатысушылар-оларды эмитенттер және инвесторлар немесе инвесторлық институттар. Мемлекеттік эмитентті заң жүзінде белгілейді. Эмитент-заңды тұлға. Ол мемлекеттік орган немесе жергілікті басқару органы боуы мүмкін. Ал инвестор (салым иесі) жеке немесе заңды тұлға бойынша құқылы Олар бағалы қағаздарды өз қолына сатып алады. Инвесторлық инстиуттар - заңды тұлға. Олардың ұйымдық түрлері әртүрлі болады, мысалы, коммерциялық инвесторлық банктер, әрүрлі қорлар - бағалы қағаздар нарығына қатысушы заңды тұлғалар мемлекеттік лицензия, ал жеке тұлғалар мамандығы туралы аттестаталуы шарт.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 124; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты