Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


азақстан Республикасының қор нарығымен қаржы нарығының даму тарихы




1.Қор нарығының Қазақстан экономикасында алатын орны.

2.Қаржы нарығы туралы ұғым

3.Қаржы нарығы құрылымы

 

Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз- бағалы қағаздарды шығарып,айналысқа жіберу мақсатындағы нарыққа қатысушылар қатынастардың экономикалық жиынтығы.Егер бағалы қағаздар нарығы ақшаға капитал ретінде негізделсе,ол қор нарығы деп аталады және осы түрде қаржы нарығының құрамдас бөлігі.Қор нарығы бағалы қағаздар нарығының көп бөлігін алады, ал, егер бағалы қағаздар нарығының қалған бөлігі өзінің кішкентай көлемімен арнайы аталмаса,онда бағалы қағаздар нарығы және қор нарығы түсініктері бір мағына білдіреді.Бағалы қағаздар нарығы экономикалық өмірдегі рольін екі негізгі позициямен бағалауға болады:

1.Әр түрлі көздерден ақша қаражаттары көлемін тарту көзқарасымен

2.Бос ақша қаражаттарын қандай да бір қаржылық құралдарға салу

көзқарасымен

 

Бірінші көзқарас бойынша нарықтық экономикада әрекет етуші кәсіпорын өзінің қаржылық шаруашылық іс-әрекетін ішкі және сыртқы қаржыландыру көздерінен пайдалану арқылы іске асырылады.Ішкі көздерге :пайда және амортизациялық аударым.

Сыртқы көздерге:банк несиесі,мемлекттік субвенция және қор нарығына бағалы қағаздарды орналастыру арқылы оның ақылы ақша қаражаттарын тарту жатады.Осы аталған қаржыландыру көздерінің ішіндегі ең тиімдісі-қор нарығына бағалы қағаздарды орналастыру оның ішінде -акция шығару.Бұның себебі акционерлік қоғам инвесторға акцияны сатып алуға жұмсалған капиталын қайтып алуға міндетті емес,ал, инвестор үшін акцияны сатып алу,акция ұстаушының эмитентінің шығынын ұзақ мрзімді қаржыландыру ретінде қарастырады.

Екінші көзқарас бойыншақор нарығында өзінің бос ақша қаражаттарын инвесиор қай қаржылық құралға орналастырғаны дұрыстығы туралы сұрақ туындайды.Бұл сұраққа жауап беру үшін бағалы қағаздардың мынандай ерекшеліктерін ескерген жөн:

o Табыстылық-бұл инвестор үшін ең маңызды фактор.Тбыстылығы ең жоғары бұл мемлекеттік бағалы қағаздар,себебі олар мемлекетпен кепілдендірілген;

o Басқаруға қатысу құқығы,бұл акцияға байланысты айтылған;

o Капиталдың өсу мүмкіншілігі,бұл акцияны сатып алған инвестор акцияны сатып алу бағасынан жоғары бағаға сатқан жағдайда;

o Мүліктің бір бөлігін алуға құқығы;

Жоғарыда айтылған іс-қимылдар тек жоғары ұйымдастырылған қор нарығында мүмкін.Ал жоғары ұйымдастырылған қор нарығы бұл:

o нарықтық экономиканың барлық субьектілерінің қаржылық белсенділіктерінің өсуіне септігін тигізеді,бірінші ретте бұл тұрғындар.

o Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арасындағы қаожы-экономикалық байланысын қалыпқа келтіреді және жетілдіреді;

o Нарықтық экономиканың субьектілері арасындағы өзара қарыз алу және негізделмеген міндеттемелер мәселесін шешеді;

o Несие берушілер мен қарыз алушылар арасында қаржылық ресурстарды ақша қаражаттарына сұраныс және ұсыныс негізінде делдалдар көмегімен жедел қайта бөлуді қамтамасыз етеді;

o Қозғалыссыз тұрған ақша қаражаттарын судалық капиталға айналдырады,осылайша біріншіден тез әрекет ету ,бір сәттегі жинақтардың инвестицияға құйылу қағидасын,екіншіден кәсіпорындар мен тұрғындардың артық қаражаттарын тиімді орналастыру қағидасын іске асырады;

Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын бағалайтын болсақ,еліміздің қор нарығының өзін-өзі ұйымдастырудың «өмір сүруге» ұмтылысы ерекше оптимизм тудырады:

-біріншіден,Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы оны ретейтін арнайы отандық заңдардың жоқ болуына қарамастан қалыптаса бастады,бұл оның дамуын баяулатты,бірақ тоқтатқан жоқ;

-кіншіден тауарлы шикізат биржаларындағы биржалық сауда механизмі белгілі бір дәрежеде мемлекеттік және нарықтық бағалар арасындағы қарама-қайшылықты түзейді.

-үшіншіден қор биржасының дамуына биржаның өзінің акциялары,брокерлік орындар мен олардың жалға берілуі серпіліс берді.Ал коммерциялық банктердің акциялары қор биржасының дәстүрлі тауары рөлін ойнайды.

Егер Қазақстанның қор нарығының қызметін бағалайтын болсақ,саудалық-мепозитарлық есеп айырысу жүйесінің дамуы бойынша Қазақстан Т.М.Д. елдері арасында алдыңғы қатарда,ал екінші жағынан шешуші парметр –«қор нарығының капитализациясы»/ «Ж.І.Ө.» қатынасы бойынша Қазақстан батыс елдері стандарттарымен салыстырғанда төмен.

Қазақстан қор нарығының капитализациясының салыстырмалы берілгендері (шілде 2004ж.)

Көрсеткіштер  
Облигация нарығының капитализациясы (млн. АҚШ доллары)
Акция нарығының капитализациясы (млн. АҚШ доллары)
Қазақстанның Ж.І.Ө. (млн.АҚШ доллары)
Капитализацияның Ж.І.Ө.-ге қатынасы % 16,6

 

Алайда екінші жағынан ескеру қажет,өткен уақыт барысында,белгілі бір жағымды нәтижелер алынды:

o бағалы қағаздар нарығының әрекет етуінің қазіргі заман талаптарына сай заңдар базасының құрылуы;

o мемлекеттік қарыздық міндеттемелер нарығының қалыптасуы мен дамуы;

o бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымының қалыптасуы;

Бірақ Қазақстандық қор нарығының дамуына қарама қайшы мәселелер аз емес:

o қор нарығының корпаративтік секторының дамымауы;

o қор нарығына тұрғындардың жинақтарын тарту механизмдерінің жоқтығы;

o алғашқы ынталандыру механизмдерінің жоқтығы;

Қазақстан қор нарығының болашағы ондағы негізгі обьекті қаржылық құралдардың,оның ішінде әсіресе коорпартивтік бағалы қағаздар санының көп болуымен байланысты.Сол себепті қазіргі кезде барлық үміт болашақ инвестициялық қорлар туралы заң жобасының қабылданып,күшіне енуінде. Инвестициялық қорлар ұжымдық инвестициялау қағидасымен жұмыс істейді,ұжымдық инвестициялаудың тиімділігі жоғары болуы мүмкін,себебі жекелеген инвесторлардың қаражаттары ортақ қорға біріктіріледі.Осылайша капиталдың жоғары деңгейі құрылады.Егер жинақталған капитал кәсіби басқарылса берілген капитал жергілікті көлемде табыс әкеледі.Қазақстанның Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша резидент тұлғалардың депозиттерінің көлемі ағымдағы жылдың басынан бастап 27,1 %-ке дейін ұлғайып766,9 млрд.теңгені (5,1 млрд АҚШ доллары) құрады,ал жеке тұлғалардың депозиттері 308,6 млрд.теңгені құрады.

Сондықтан ендігі үміт тиісті,сенімді бағалы қағаздарды шығаратын эмитенттерде.

 

2. Еліміздің орталықтандырылған жоспарлы экономикадан жаңа мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық эономикаға көшуі Қазақстанда оған қызмет көрсететін барлық мекемелермен бірге қаржы нарығын құруын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын соңды болған емес.

Қаржы нарығы – бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сатумен қайта сату жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру жолымен кәсіпорынның, фирманың, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорлардың, сақтандыру мекемелерінің мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастарының жиынтығы. Ол нарықтық қатынас жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтандыру, валюта және басқа нарықтармен тығыз байланысты. Оны келесі кестеден көруге болады:

Қаржы нарығының құрылымы

 

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайдағы қаржы нарығы қаржы ресурстары үздіксіз қалыптастырып отыруда, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ қарыз нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономикалық түрлі шаруашылық жүргізушінің реттейтін нарық қатынасының бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады. Қаржының жалпы мәні ақшамен шектелмей, қаржы нарығы ұғымы валюта несие капитал нарығымен қоса отырып, кеңінен түсіндіріледі.

2.Қаржы нарығының құрылымы

Ақша нарығы дегеніміз-қолма-қол ақша ғана емес қолма-қолсыз төлем қаражаттарда қосатын нарық.

Несие нарығы-қарыз бойынша банктің нсие қызметтерін атқарады. Ақша мен несие нарығы өдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Қоғам өндіріс қатысуының ортақ және ұзақ мерзім қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.

Қаржы нарығында сатып алу сатудан айрықшылығы тауарлар-ақша және бағалы қағаздар болып табылады.Сондықтан бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының бағалы қағаздармен туындыбағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп атайды.

Қор нарығы атауы бастапқыда бағалы қағаздар мен мәмле жасалынатын және рәсімделетін мекеменің қор биржасының атымен байланысты. Функционалды тұрғыдан қаржы нарығы-бұл шаруашылық жүргізуші ұйымдардың, банктің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарық қатынасының жүйесі. Нарықтың барлық салаларының өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарын анықтайды.

Оған мыналар жатады:

1) реттелінген тауар нарығының болуы Яғни кез-келген түрлердегі және арналымдағы тауар мен қызмет көрсету бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі. (тепе-тең)

2) Ұлттық банк тарапынан ақша айналымы халықты реттеп отыру. Оған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша бақылау жасау жатады.

3) Несие нарығының жандандырылуы, коммерциялық, яғни несие ресурстарының еркін нарыққа орналастыруы.

Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғы шарттарына мыналар жатады:

Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 214; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты