Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


СИЛЛАБУС




 

 

Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу пәні бойынша

5В050900 «Қаржы» мамандығы үшін

Оқыту түрі: күндізгі

курс: 2,3,4

семестр: 4,6,7

кредит саны: 3

Барлық дәрісханалық сағат саны: 135, соның ішінде:

дәрістер: 30

семинар: 15

ОСӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Емтихан: 4,6,7 семестр.

 

 

Талдықорған 2012 ж.

1.Оқытушы туралы мәлімет: Қаржы кафедрасының аға оқытушысы Нұргүл Байшәріпқызы Сыздықбаева. Байланыс телефоны: 30-51-72, сот: 8 701 257 41 35;

e – mail : nurgul.010174 @ mail ru.

2.Пәннің пререквизиті: Қаржы

3.Пәннің постреквизиті:жоқ

4.Пәннің қысқаша сипаттамасы:Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу пәні экономика жағдайында жоғары білікті мамандарды дайындау барысындағы оқу пәндерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар ел экономикасындағы коммерциялық тұрғыда жүргізілетін инвестициялық саясатты, қаржы-қаражат саясатын дұрыс жоспарлап анықтауға көмектеседі. «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» курсында инвестиция түсінігі, оның типтері, нысандары, инвестициялық қызмет, заңдар, сол сияқты инвестициялық жобалар, инвестицияны қаржыландыру көздері, жобаларды микроэкономикалық фундаментальді талдауы, нақты және портфельді инвестициялау қарастырылады.

Мақсаты: Нарықтық экономикада инвестициялық саясатты жүргізуде студенттердің білім деңгейін жетілдіру, экономикалық категория ретінде инвестиция мәнін ашу, олардың макро және микродеңгейде ролін және мағынасын оқыту. Мамандар үшін инвестициялық процесті жүзеге асыру және ұйымдастыру, оның қаржылық-несиелік қызмет көрсету аясында кәсіби білімді беру болып табылады.

Міндеті: Нарықтық экономикада қоғамдық – экономикалық қатынастар үлкен масштабта күнделікті өзгеріп отырады. Сондықтан «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу » курсын оқу процесіне енгізу және оның негізгі басты міндеті экономикалық мамандарды дайындауды жақсартудың негізгі қадамы болып табылады.

Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер бар:

- экономикалық категория ретінде инвестиция мәнін ашу;

- олардың макро және микродеңгейде ролін және мағынасын оқыту;

- инвестиция жіктелімін және олардың құрылымын анықтау;

- капитал жұмсалымды қаржыландыру көздерін және олардың ең арзанын, берігін анықтау әдістерін ашу;

- капитал жұмсалымның экономикалық негіздемесінің нұсқасын зерттеу;

- кәсіпорындарда тиімді инвестиция портфелінің қалыптасуын оқыту;

- инвестициялық тәуекелді, олардың бағалануын, алдын-алу немесе төмендету жолдарын анықтау;

- инвестициялық жоба туралы білу;

- инвестициялық тәуекелді қарастыру.

5. Студенттердің меңгеретін білімі, дағдысы және іскерлігі:«Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» пәнін оқу барысында студенттердің меңгеретін білімі дағдысы және іскерлігі ол экономикада инвестициялық саясатты ұйымдастыра білу, дұрыс жолға қою, яғни стратегиялық жоспарларды дұрыс құра білу. Сонымен қатар кәсіпорынның есеп-қисабын жүргізе білу, оның қызметін бағалай білу, несиелендірудің саясаты мен техникасын анықтай білу. Инвестициялық қызмет түсінігі. Қазақстанның инвестициялық қызметін заңмен қамтамасыз ету. «Инвестициялар туралы» ҚР Заңын оқып-үйрену. Инвестициялардың объектілері мен субъектілерін ажырата білу. Активті және пассивті инвесторлар, инвестициялық процесс түсінігі. Шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі себептері, мақсаттары және формаларын жете оқып-үйрену.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 199; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты