Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып 1. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі инвестиция




Дәріс жоспары:

1. Инвестициялық процестегі инвестицияның экономикалық мәні.

2. Инвестицияның макро және микродеңгейдегі ролі.

3. Инвестицияның жіктелінуі және түрлері.

4. Инвестицияның субъектілері мен объектілері.

5. Пассивті және активті инвесторлар.

1. Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин.

Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаған нәтижеге жетуге болады. Сонымен ивестиция мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.

Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржы формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлеріне тікелей және портфельдік инвестициялар жатады.

Портфельдік инвестицияның тікелей инвестициялардан негізгі айырмашылығы – портфельді инвестор өзі қаржыландыратын кәсіпорынға бақылау орнатуға ұмтылмайды. Портфельді инвестициялар ірі корпорация, ортақ және жеке меншік қаржыландырудың маңызды көзі. Шетелдік портфельдік инвестицияларды банктер жүргізеді. Сонымен, портфельдік инвестиция деп – шетел кәсіпорынына бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін, акциялар, облигациялар және капитал салымдарын басқадай түрлерін айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар ережелеріне сәйкес ала – алады.

2. Инвестицияларды үйлестіру жөніндегі бастамалар жеткілікті дамымаған рынок жағдайында фирмалардың өндірістің кеңеюіне қарай қалыптасатын жаңа және барынша сапалы өнімге сұраныстың көлемін бағалауға мүмкіндік болмайды. Мемелекет инвестицияларды үлестіру функциясын өз мойнына алады, олар инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру кезінде ғана компанияларға пайда түседі. Инвестициялар деп өнеркәсiптiң, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың - басқа да салаларының – кәсiпорындарына капитал түрiнде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты түпкi нәтижесiнде кәсiпкерлiктен табыс немесе процент алу болып табылады. Инвестициялрдың көзi болып қалыптасқан құн немесе таза табыстың - жинақталатын бөлiгi саналады. Кәсiпкерлер оны өзiнің табысының -қаражаттарының есебiнен жұмылдырады. Негiзгi капиталды жақсартуға арналған инвестиция көзi болып кәсiпорынның меншiгiнде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың – көптүрлiлiгi инвестицияны жiктеудiң көптеген критерийлерiн алдын ала дайындайды. Қаржылық инвестиция өзiнiң пайдалану мерзiмiне қарай, қысқа және ұзақ мерзiмдi болып екiге бөлiнедi. Инвестиция өзiнiң арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлiнедi.

3. Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы. Алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін қалай анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны. Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылыр кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық. Инвестицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғала, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.

Инвестор – бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор- бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал. Кәсіпкер – бұл белгілі бір тәуекелділікпен өз капиталын салушы адам. Саудагер – бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.

4. Жаңа қоғам өзінің соңғы өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келеді. Бұл өркениетті әлемде әрқашан қарым –қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кен –қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сыртан келетін қаржылық тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық «Moody is Investors Service» рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландырумен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл қаржы министрлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарлайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүниежүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.

5. Инвестицияның объектілерімен субъектілері

Инвестиция субъектілері;

- мемлекеттік және шетел инвесторлары;

- тапсырушылар;

- объектіні пайдаланушылар

Ал, инвестиция объектілері төмендегідей ерекшелінеді;

- жоба мақсатымен;

- жобаның жолдамасы (коммерциялық жалпы мемлекеттік мәселелермен байланысты) ;

- инвестициялық циклдің мазмұны;

- мемлекеттің араласуының дәрежесі;

- салынған капиталдың пайдалану өтімділігі.

Негізгі ұғымдар:

Инвестиция- пайда алу мақсатымен қайсібір кәсіпорынға, іске, шаруашылықтың түрлі салаларына ұзақ мерзімге капитал жұмсау, күрделі қаржылардың алуан түрлері.

Тікелей инвестициялар дегеніміз – бұл шаруашылық субьектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалпы капиталға жұмсалуы болып табылады.

Портфельдік инвестиция дегеніміз – бұл портфельді қалыптастыруға байланысты және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептелінеді.

Қоржындық инвестиция- қаржыны кәсіпорынның бағалы қағаздарына салу.

Инвестициялық жоба- жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңғыртуға инвестициялар көздейтін іс- шаралар кешені.

Инвестициялық қор- компанияның басқа компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсайтын капиталы.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 348; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты