КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып 2. Қазақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет және инвестициялық климатДәріс жоспары: 1. Инвестициялық қызмет түсінігі. 2. Инвестициялық қызметінің заңнамалық қамтамасыз етілуі 3. Қазақстан экономикасындағы шетелдік инвестициялардың ролі 4. Тікелей шетелдік инвестициялар 5. Инвестициялардың тартылуына жағымды және жағымсыз әсер ететін факторлар. 1. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруды жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым сәтті мысалдары Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда және соңғы 30 жылда өздерінің экономикалық даму саласында ірі бетбұрыс жасаған басқада елдер бар. Қазіргі Қытай индустриялық дамудың стратегиялық бағыттарын дамыту саласында жеке сектормен ынтымақтасу саясатын жүргізуде. Дүниежүзілік Банктің зерттеулері мемлекеттік индустриялық саясатқа қатысты барлық көзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды үйлестіруге, іскерлік ынтымақтастықты дамытуға және рыноктың орнын басуға ұштастырылуы мүмкін екендігін көрсетті. 2. Инвестицияларды үйлестіру жөніндегі бастамалар жеткілікті дамымаған рынок жағдайында фирмалардың өндірістің кеңеюіне қарай қалыптасатын жаңа және барынша сапалы өнімге сұраныстың көлемін бағалауға мүмкіндік болмайды. Мемлекет инвестицияларды үлестіру функциясын өз мойнына алады, олар инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру кезінде ғана компанияларға пайда түседі. Инвестицияларды үйлестірудің осы үлгісін қолдану мемлекеттің және жеке институттарда белгілі бір әлеуеттің болуын көздейді, оған көптеген дамушы елдердің қолы жетпейді. Қазақстанның жалпы экономикалық қарқыны едәуір көлемде әсер ететін инвестициялық және өндірістік белсенділіктің қуатты өсуін бастан кешіретін болады. Ірі инвесторларды тарта отырып, Қашаған кен орнының өнеркәсіп аймағының маңында ілеспе табиғи газды ұқсатуы жөніндегі мұнай – химия кешенін салу жоспарлануда. Алдаға он бес жылда Қазақстан мұнайын өндіруде дамытуға инвесторлар 80 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы салуға ниет білдіруде. 3. Инвестициялар деп өнеркәсiптiң, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың - басқа да салаларының – кәсiпорындарына капитал түрiнде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты түпкi нәтижесiнде кәсiпкерлiктен табыс немесе процент алу болып табылады. Инвестициялрдың көзi болып қалыптасқан құн немесе таза табыстың - жинақталатын бөлiгi саналады. Кәсiпкерлер оны өзiнің табысының -қаражаттарының есебiнен жұмылдырады. Негiзгi капиталды жақсартуға арналған инвестиция көзi болып кәсiпорынның меншiгiнде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың – көптүрлiлiгi инвестицияны жiктеудiң көптеген критерийлерiн алдын ала дайындайды. Қаржылық инвестиция өзiнiң пайдалану мерзiмiне қарай, қысқа және ұзақ мерзiмдi болып екiге бөлiнедi. Инвестиция өзiнiң арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлiнедi. 4. Шетелдік инвестициялар- елден тыс жердегі осы ел азаматтары немесе үкімет алатын активтер. Шетел капиталы ұлттық экономикаға пайдалы процесс: 1. Шетелдік инвестиция елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік береді. 2. Шетелдік фирмалар жаңа өндірістік орындарын ашумен қатар капиталистік бәсекелестік күресте шығындалған еңбек пен ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді. 3. Инвестиция сол елге немесе аймақтағы салық салудың деңгейімен ахуалына тәуелді. Салық деңгейімен жоғары болуы инвестицияны ынталандырмайды. 5.Мұнан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге баруын мүлдем тиылды деуге болмайды. Әрине, сатып алған станокті қайтадан сатып жіберуге де болады немесе акциялардан да құтылуға болады да, «дезинвестирование» деп аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе осыны жүргізеді. Қатені кейінге қалдырудан гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ қатені түзету үшін уақыт та кетеді, ақша да жұмсалады, басқару қызметіне шәлгездік туады, іскер серіктестермен байланыс үзіледі. Өнімді сатып алушыларға да он жыл бойы беріп тұру жөнінде шартқа отырғандықтан, оларға да төлеу керек. Өткізуші ұйымдарға да осы тәртіп бойынша төлеу керек. Мұнан да сорақы жағдай, жабдықтарды қайтадан сатқан кезде туады. Мұны рынокте әлі қалай сата алады? Қандай бағаға? Диллер саудалық-делдалдық үшін қанша алады? Негізгі ұғымдар: Шетелдік инвестициялар- елден тыс жердегі осы ел азаматтары немесе үкімет алатын активтер. Инвестициялық қызмет- инвестицияны жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет. Инвестициялау- капитал қорын толықтыру немесе қалыптастыру процесі. Инвестициялық кеңес беруші- лицензияланған заңды тұлға. Ол бағалы қағаздарды шығару және оларды айналымға түсіру жөнінде кеңес беру қызметін жүзеге асырады. Инвестициялық жоба- жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңғыртуға инвестициялар көздейтін іс- шаралар кешені.
|