Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып 3. Мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық саясаты




Дәріс жоспары:

1. Инвестициялық саясат түсінігі, оның мақсаттары мен міндеттері

2. Мемлекеттің инвестициялық саясатын жүзеге асырудың негізгі қағидалары және механизмі

3. Нақты сектордағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін ынталандыру

4. Инвестициялық саясатты жүргізетін жауапты мемлекеттік органдар қызметі.

1. Инвестициялық саясат – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелігін немесе пайдалылығын, сондай – ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

Инвестициялық саясаттың басты бағыттары мынандай бөлімді қамтиды:

- инвестициялық саясаттың басты мақаты;

- баланс активі мен пассивіндегі инвестициялардың шегін анықтау;

- инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушыларының жауаптылығы;

- инвестицияның құрамы мен құрылымы;

- сату тәртібі;

- пайдалар мен зияндардың есебі.

2. Шетел капиталы ұлттық экономикаға пайдалы процесс:

1. Шетелдік инвестиция елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік береді.

2. Шетелдік фирмалар жаңа өндірістік орындарын ашумен қатар капиталистік бәсекелестік күресте шығындалған еңбек пен ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.

3. Инвестиция сол елге немесе аймақтағы салық салудың деңгейімен ахуалына тәуелді. Салық деңгейімен жоғары болуы инвестицияны ынталандырмайды.

Қазақстанның жалпы экономикалық қарқыны едәуір көлемде әсер ететін инвестициялық және өндірістік белсенділіктің қуатты өсуін бастан кешіретін болады. Ірі инвесторларды тарта отырып, Қашаған кен орнының өнеркәсіп аймағының маңында ілеспе табиғи газды ұқсатуы жөніндегі мұнай – химия кешенін салу жоспарлануда. Алдаға он бес жылда Қазақстан мұнайын өндіруде дамытуға инвесторлар 80 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы салуға ниет білдіруде.

3. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруды жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым сәтті мысалдары Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда және соңғы 30 жылда өздерінің экономикалық даму саласында ірі бетбұрыс жасаған басқада елдер бар. Қазіргі Қытай индустриялық дамудың стратегиялық бағыттарын дамыту саласында жеке сектормен ынтымақтасу саясатын жүргізуде. Дүниежүзілік Банктің зерттеулері мемлекеттік индустриялық саясатқа қатысты барлық көзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды үйлестіруге, іскерлік ынтымақтастықты дамытуға және рыноктың орнын басуға ұштастырылуы мүмкін екендігін көрсетті.

4. Жалпы кәсіпорындағы біріктіруші таза инвестиция- бұл капиталдың қаржы жұмсау негізгі қорларды арттыру, өсіру беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру, қосымша жабдықтар қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады.

Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік мәдени салаларына, яғны ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған ортаны қорғау, осы салалардағы жаңадан салынатын обьектілерге, олардағы қолданылып жүрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.

Негізгі ұғымдар:

Шетелдік инвестициялар- елден тыс жердегі осы ел азаматтары немесе үкімет алатын активтер.

Жабық типтегі инвестициялық компания- өзінің құрылуы кезінде шығаратын акция саны қатаң белгіленген компания.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 180; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты