Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып 7. Лизинг- инвестицияны қысқа мерзiмдi қаржыландырудың әдісі ретінде




Дәріс жоспары:

1. Лизингтің негізгі түсініктері

2. Лизингтің түрлері мен жіктелінуі

3. Лизингтік қатынасқа қатысушылар

4. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері

1. Лизинг ағылшын етiстiгiнен аударғанда жалға беру дегендi бiлдiредi. Лизингтi жалға беруден айырмашылының жалға беруде екi тарап қатысса: жалға берушi және алушы болса, ал лизингте үш қатысушысы: лизинг берушi, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Лизинг - бұл лизинг берушiнiң - өзiне тиесiлi құрал - жабдықтарды машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске, сауда - саттық және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн қарастыратын жалға беру шарты.

2. Банктердiң лизингтiк операциялары несиелiк операцияларымен ұқсас болып келедi. Алайда, лизингтің несиеден бiр айырмашылығы келiсiм шартта керсетiлген төлемдер төленiп, мерзiмi аяқталғаннан кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг берушiнiң меншiгiнде қала беруiнен көруге болады. Ал банктiң меншiк объектiсi ретiнде қарыз алушының берген кепiлдiгi қалады.

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.д. 2000 жылдай бұрын ертедегi Вавилонда жасалғаны белгiлi болғанымен, шетелдiк зерттеушiлер лизинг операциясының жасалғаны туралы нақты зерттеулер ретiнде 1877 жылы Белл Телефон Компани деген американдық компанияның телефондарын сатудың орнына жалға бергендiгiн тiлге тиек етедi.

3. Лизингтік операциялар екі топқа бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер. Лизингтің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

Ішкі лизинг- оның қатысушыларының бір елден болып келуімен сипатталады.

Сыртқы лизинг- экспорттық және импорттық болып бөлінеді.

Қазақстанда 2000 жылдан берi лизингтiк несие қолданып келедi. Лизинг - бұл негiзгi құрал – жабдық мүлкiн сатып алу және оны жеке занды тұлғаларға белгiлi бiр төлеу үшiн нақты мерзiмге әрi лизинг алушының - мүлiктi сатып алу құқығын қарастыратын келiсiмшарттың бекiтiлуiне себепкер болатын белгiлi бiр шарттармен лизингтiк келiсiмшартты негiзiнде ұсыну бойынша инвестициялық қызметтiң түрi.

Қызметтiң бұл түрi Қазастан Республикасында қаржылық лизинг туралы заңымен Азаматтық, Салықтық және Кедендiк кодекстерiмен, Инвестицияның мемлекеттiк қолдау туралы және Инвестиция туралы зандарымен реттеледi.

4. Лизинг объектiсі лизинг берушiнiң балансында болады жене лизинг объектiсiнiң амортизациясы жеделдетiлген амортизация коэфициентiне сәйкес «кызмет керсету» жұмысының өзiндiк құнына катысты болады, лизингтiң әрекет ету мерзiмi лизинг объектiсiнiң толық амортизациясының мерзiмi мен ұзақтығы бойынша өлшемделуi керек. Лизинг өзiнiң мазмұны бойынша несие катынасына сәйкес келедi және мәнi бойынша ссудаға ұқсас. Лизинг осы экономикалық мағынада лизинг берушiнiң лизинг алушыға мүлiктi пайдалануға беру формасында берiлетiн несиенi бiлдiредi.

Негізгі ұғымдар:

Лизинг - бұл лизинг берушiнiң - өзiне тиесiлi құрал - жабдықтарды машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске, сауда - саттық және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн қарастыратын жалға беру шарты.

Ішкі лизинг- оның қатысушыларының бір елден болып келуімен сипатталады.

Сыртқы лизинг- экспорттық және импорттық болып бөлінеді.

Ипотекалық несие- жылжымайтын мүлікке банктерден берілетін ұзақ мерзімді займ.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 236; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты