Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып 4. Қазақстанның қаржылық институттары және олардың инвестициялық процесті кеңейтудегі ролі




Дәріс жоспары:

1. Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен ролі

2. Қазақстанның Даму Банкінің қызметі

3. Қазақстанның инвестициялық қоры және оның қағидалары, функциялары мен мақсаттары.

4. Ұлттық инновациялық қор және оның инвестициялық қызметі дамуындағы атқаратын ролі

5. Экспорттық несиелерді және инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, функциялары мен міндеттері.

1. Инвестициялар деп өнеркәсiптiң, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың - басқа да салаларының – кәсiпорындарына капитал түрiнде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты түпкi нәтижесiнде кәсiпкерлiктен табыс немесе процент алу болып табылады. Инвестициялрдың көзi болып қалыптасқан құн немесе таза табыстың - жинақталатын бөлiгi саналады. Кәсiпкерлер оны өзiнің табысының -қаражаттарының есебiнен жұмылдырады. Негiзгi капиталды жақсартуға арналған инвестиция көзi болып кәсiпорынның меншiгiнде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың – көптүрлiлiгi инвестицияны жiктеудiң көптеген критерийлерiн алдын ала дайындайды. Қаржылық инвестиция өзiнiң пайдалану мерзiмiне қарай, қысқа және ұзақ мерзiмдi болып екiге бөлiнедi. Инвестиция өзiнiң арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлiнедi.

2. Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаған нәтижеге жетуге болады. Сонымен ивестиция мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.

Инвестициялық қызметтің мақсаты түпкi нәтижесiнде кәсiпкерлiктен табыс немесе процент алу болып табылады. Инвестициялрдың көзi болып қалыптасқан құн немесе таза табыстың - жинақталатын бөлiгi саналады. Кәсiпкерлер оны өзiнің табысының -қаражаттарының есебiнен жұмылдырады. Негiзгi капиталды жақсартуға арналған инвестиция көзi болып кәсiпорынның меншiгiнде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың – көптүрлiлiгi инвестицияны жiктеудiң көптеген критерийлерiн алдын ала дайындайды. Қаржылық инвестиция өзiнiң пайдалану мерзiмiне қарай, қысқа және ұзақ мерзiмдi болып екiге бөлiнедi. Инвестиция өзiнiң арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлiнедi.

Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржы формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлеріне тікелей және портфельдік инвестициялар жатады.

3. Портфельдік инвестицияның тікелей инвестициялардан негізгі айырмашылығы – портфельді инвестор өзі қаржыландыратын кәсіпорынға бақылау орнатуға ұмтылмайды. Портфельді инвестициялар ірі корпорация, ортақ және жеке меншік қаржыландырудың маңызды көзі. Шетелдік портфельдік инвестицияларды банктер жүргізеді. Сонымен, портфельдік инвестиция деп – шетел кәсіпорынына бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін, акциялар, облигациялар және капитал салымдарын басқадай түрлерін айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар ережелеріне сәйкес ала – алады.

4. Инвестицияларды үйлестіру жөніндегі бастамалар жеткілікті дамымаған рынок жағдайында фирмалардың өндірістің кеңеюіне қарай қалыптасатын жаңа және барынша сапалы өнімге сұраныстың көлемін бағалауға мүмкіндік болмайды. Мемелекет инвестицияларды үлестіру функциясын өз мойнына алады, олар инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру кезінде ғана компанияларға пайда түседі. Инвестициялар деп өнеркәсiптiң, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың - басқа да салаларының – кәсiпорындарына капитал түрiнде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.

5. Инвестициялық қор активтерінің құрамындағы өзге талаптар осы қордың инвестициялық декларациясында айқындалады. Бұл жерде айта кететін жайт, инвестициялық декларация – инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, статегиясын, шарттарын және оны шектеуді, қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат.

Ендігі кезекте инвестициялық қор активтерін есепке алу және олардың құнын айқындау жайлы айталық. Инвестициялық қор активтерін, инвестициялық қордың таза активтері құнын есепке алу және олардың құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын айқындау бухгалтерлік есеп стандарттарында, уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде, сондай-ақ инвестициялық пай қоры ережелерінде белгіленген жағдайларда әдістеме бойынша тәртіппен жүзеге асырылады. Инвестициялық қор активтерінің құқын айқындау Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.

Негізгі ұғымдар:

Нақты инвестициялар - бұл кәсiпорынның негiзгi капиталын және материалдық - өндiрiстік қорын өсiруге салынатын салымдар.

Қаржылық инвестициялар - бұл субъектiнің табыс алу мақсатында пайдаланатын активi инвестицияланған капиталдың өсiмi немесе алынатын басқа да олжалар.

Қаржы лизингі- бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін- өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Инвестициялық қор- компанияның басқа компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсайтын капиталы.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 317; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты